Жүйеге кіру
Құрылыс материалдары саласы ЕАЭО-ның барлық елінде өсу көрсетіп отыр

Құрылыс материалдары саласы ЕАЭО-ның барлық елінде өсу көрсетіп отыр

DSC_3104.jpg
06.11.2019

Бішкекте «Еуразиялық апта» форумында «Еуразиялық интеграция шеңберінде құрылыс материалдары өнеркәсібін дамыту перспективалары» панельдік сессиясы барысында Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев: «Соңғы екі жыл ішінде сала барлық мүше мемлекетте өсудің оң қарқынын көрсетіп отыр, бұл өз кезегінде тұтастай алғанда ЕАЭО-да орындалған құрылыс жұмыстарының қарқынына әсер етті»,- деп мәлімдеді.

 

Құрылыс материалдары өндірісі 2017 және 2018 жылдары тұтастай Одақ бойынша тиісінше 22,8% және 13,8% өсті. Бұл ретте 2018 жылы неғұрлым жоғары өсу қарқыны Армениияда (138,3%), Қазақстанда (111,3%) және Қырғызстанда (109,3%) тіркелді.

 

Тұтастай Одақ бойынша осы кезеңдегі құрылыс жұмыстарының өсу қарқыны тиісінше 119,5% және 103% құрады.

 

«Құрылыс материалдары өндірісінің өсуіне бір жағынан мемлекеттік қолдау шараларының бар екендігі себепші болғанын атап өткен жөн. Бұл қолжетерлік тұрғын үймен қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік бағдарламалар, сондай-ақ инфрақұрылымдық объектілер құрылысы»,- деп түсіндірді Николай Кушнарев.

 

ЕАЭО құрылыс материалдарын өндірушілер үшін жыл сайынғы сессия саланы мемлекетаралық және салааралық кооперация шеңберінде дамыту мүмкіндіктері туралы пікірсайыстың алаңы болды.

 

Мемлекеттік органдардың, бейінді бизнестің және сарапшы қоғамдастықтың өкілдері құрылыс материалдары өндірісі саласының ағымдағы жай-күйін, өндірістік кооперацияны тереңдетудің қазіргі бар тосқауылдарын жоюды, тәжірибе алмасуды және мүдделі тараптар арасындағы өзара іс-қимыл деңгейін арттыруды талқылады.


Құрылыс материалдары сапасына және контрафактілік әрі қауіпсіз емес өнімнің таралу проблемасына айрықша назар аударылды.

 

Мысалы, Ресей Федерациясы Федералдық техникалық реттеу және метрология агенттігі (Росстандарт) басшысының орынбасары Алексей Кулешов цемент өндірісіне қойылатын міндетті талаптардың бұзылу фактілері туралы айтып берді. Цемент өндіретін 365 кәсіпорынды тексеру барысында олардың 12%-ында бұзушылық табылған.

 

«Құрылыс индустриясын қамтамасыз етудің өнеркәсіптік технологиялары» Еуразиялық технологиялық платформасының екінші отырысында оның қатысушылары құрылыс материалдары өндірісінде өнеркәсіптік қалдықтар мен қайталама материалдық ресурстарды пайдалану жөнінде бірқатар замани және қауіпсіз технологияны талқылауға ұсынды.


Анықтама

 
«Құрылыс индустриясын қамтамасыз етудің өнеркәсіптік технологиялары» техплатформасының негізгі міндеттері: құрылыс материалдары өнеркәсібінің өндірістік әлеуетін арттыру, серпілісті технологияларды ендіру, жаңа жоғары өнімді кәсіпорындар құру, импортты алмастыру және басқалар болып табылады.

 

ЕАЭО-ның аса ірі кәсіпорындары: «Союзцемент» КҰ (Ресей Федерациясы), Арменияның инновациялық және өнеркәсіптік даму қоры, «Белстройцентр» Инженерлік республикалық біртұтас кәсіпорны, И. Раззаков атындағы Қырғыз мемлекеттік техникалық университеті техплатформаның қатысушылары болып табылады.