Жүйеге кіру
ЕЭК-те ұлтүсті реттеудің бизнес жүргізу жағдайына ықпалын бағалаудың жаңа тәсілдемелері таныстырылды

ЕЭК-те ұлтүсті реттеудің бизнес жүргізу жағдайына ықпалын бағалаудың жаңа тәсілдемелері таныстырылды

26.08.2020

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің бейнеконференция режіміндегі отырысында ЕЭК-тің қолданыстағы шешімдеріне нақты әсерді бағалауды (НӘБ) ендіру және Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) шеңберіндегі  халықаралық шарттардың жобаларына реттеуші әсерді бағалау (РӘБ) рәсімін қолдану қаралды.  Мұндай тәсілдемелерді ЕАЭО туралы шартқа өзгерістер енгізу жөніндегі хаттама жобасына енгізу ұсынылуда.


«ЕЭК-тің қазірдің өзінде қолданылып жүрген шешімдеріне НӘБ рәсімін ендіру - ЕЭК актілерінің бизнес жүргізу жағдайына ықпалын болжамдық бағалаудан кәсіпкерлердің оларды қолдану практикасының нақты салдарын бағалауға көшуге мүмкіндік береді. ЕАЭО шеңберінде халықаралық шарттарға РӘБ рәсімін қолдану іскер топтардың пікірін ескере отырып,  негіз қалаушы актілер әзірлеу мүмкіндігін тудырады»,- деп атап көрсетті Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитеттің төрағасы, ЕЭК Экономика және қаржы саясаты министрі Тимур Жақсылықов. 

Комитеттің қатысушылары секторлық алып қоюларды кезеңдік тәсілдеме негізінде және бұл алып қоюларды іріктеу критерийлерін әзірлеуді ескере отырып қысқарту жөніндегі жұмысты ұйымдастыру мәселелерін талқылады. Бұл бағыттағы жұмыс ЕАЭО шеңберінде қызметтер  көрсету саудасын, инвестициялар құруды, оның қызметі мен жүзеге асырылуын дәйекті ырықтандыруға ықпал ететін болады.

Одақ бизнесін  интеграциялық бірлестіктегі ағымдағы және әлеуетті кооперациялық жобалар туралы хабардар ету, балық өнеркәсібі саласы мысалында кәсіпкерлік қызметті оңайлату, электр байланысының халықаралық қызметтер көрсетуіне салық салу, ЕАЭО  тауарларының бірыңғай цифрлық каталогын әзірлеу мәселелері қаралды.

 

Анықтама

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитет
2012 жылғы 25 қыркүйекте құрылды. Комитет құрамына ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының және бизнес-қоғамдастықтарының өкілдері кіреді.

 

Кәсіпкерлік мәселелері жөніндегі консультативтік комитет ЕЭК-тің кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларын жақсарту, ЕАЭО шеңберінде қызметтер  көрсету саудасын, инвестициялар құруды, оның қызметі мен жүзеге асырылуы мәселелері жөніндегі консультативтік органы болып табылады.​