Жүйеге кіру
Коронавирус пандемиясы ЕАЭО-да азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының өсуіне ықпал етті

Коронавирус пандемиясы ЕАЭО-да азық-түлік және ауыл шаруашылығы өнімдері саудасының өсуіне ықпал етті

141121_4155.jpg
26.08.2020

Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің азық-түлік тауарларымен өзара саудасы 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 2,5%,  $4,1 млрд.дейін өсті. Өз кезегінде  тағамдық емес ауыл шаруашылығы өнімін сату бірден 13,0%, $0,32 млрд.дейін артты. Өзара сауданың өсуіне 8,4 есе артқан соя елеулі үлес қосты, қант сату 26,2%, ірімшік пен сүзбе - 10,2% өсті.

Тұтастай алғанда шикізаттық емес бейэнергетикалық тауарлар сату нақты  көрінісінде мүлде дерлік өзгерген жоқ  (0,4% болар-болмас төмендеу көрсетті). Осы орайда, бұған дейін аталып өткен сату өсімінің  көшбасшылары - тағамдық емес ауыл шаруашылығы өнімі (12,4% артуы)  мен азық-түліктен  (9,2% артуы) басқа,  ағаш-қағаз тауарларын (4,5% өсу),  химия өнеркәсібін (плюс 3,8%) және әйнек, керамика және тастан жасалған бұйымдарды (плюс 1,7%) бөліп көрсетуге болады.

 «Одақ елдерінде қаңтар-маусым ішінде шикізаттық емес бейэнергетикалық тауарлардың өзара саудасы ақшаға шаққанда 7,0%, $18,2 млрд.дейін кеміді. Алайда сауданың жалпы құрылымындағы оның үлесі 25,4%-дан  25,8%-ға дейін өсім көрсетті. ЕАЭО-дағы шикізаттық емес бейэнергетикалық тауарлар сатудың үлес салмағы да 2019 жылдың І жартыжылдығындағы 68,4% -дан  биылғы  І жартыжылдықта 74,1%-ға дейін артты»,- дейді Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) сауда блогы.

ЕАЭО-ның үшінші елдерге шикізаттық емес бейэнергетикалық экспортына келсек,  І жартыжылдықтың нәтижелері бойынша ол 9,0%,  $52,2 млрд.дейін кеміді. Осымен бірге мұндай экспорттың  Одақтың  жалпы жеткізілімдеріндегі үлес салмағы өткен жылғы 25,4%-дан үстіміздегі жылғы 29,4%-ға дейін айтарлықтай өсті. Экспорттың нақты көлемі болмашы - 0,2% кеміді.

 

Сатудың ең жақсы серпіні де азық-түлік (ақшаға шаққанда өсім 17,2%, $11,4 млрд.дейін) пен  тағамдық емес ауыл шаруашылығы өніміне  (өсім 9,1%, $0,62 млрд.дейін) тиесілі. Бұл тауарлардың арасынан қантты (12 есе), құс еті мен қосалқы өнімдерін  (2,7 есе), күнбағысты (2 есе), күнбағыс майын (42,3%) және бидайды  (9,3%) экспорттық сату бәрінен көп артты.​​