Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері COVID-19 вирусымен күрес үшін қажетті құралдарды әкетуді шектейді

ЕАЭО елдері COVID-19 вирусымен күрес үшін қажетті құралдарды әкетуді шектейді

26.03.2020

ЕЭК Алқасы 2020 жылғы 24 наурызда CОVID-19 (коронавирус) вирусының таралуына және жеке қорғану құралдарының жетіспеушілігіне байланысты жағдаятты тұрақтандыру мақсатында жеке қорғану құралдарын, қорғану және дезинфекциялау құралдарын, медициналық мақсаттағы өнімдер мен материалдарды Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кедендік аумағынан әкетуге уақытша тыйым салуды енгізу туралы шешім https://docs.eaeunion.org/docs/ru-ru/01425254/err_26032020_41 ​қабылдады.

 

ЕАЭО кедендік аумағынан әкетуге тыйым салынған тізбеге мақта, дәке, бинттер, маскалар, жартылай маскалар, маска-респираторлар, респираторлар, тыныс алу органдарын жеке қорғау құралдарына арналған сүзгілер, қорғану көзілдіріктері, дезинфекциялау құралдары, бахилалар, киімнің жекелеген түрлері мен киімнің керек-жарақтары, қолғаптар кіргізілген.

 

Комиссия Кеңесінің 25 наурыздағы отырысында Алқа шешімінің қысқа мерзімде күшіне енуін қамтамасыз ететін өкім қабылданды. Жаңа шара 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейінгі аралықта күшінде болады.

 ​