Жүйеге кіру
ЕЭК тамақ өнімі қауіпсіздігінің көрсеткіштерін нормалау жөнінде ұсынымдар қабылдады

ЕЭК тамақ өнімі қауіпсіздігінің көрсеткіштерін нормалау жөнінде ұсынымдар қабылдады

26.02.2020

ЕЭК Алқасы адам денсаулығына тиетін қауіп-қатердің критерийлері бойынша тамақ өніміндегі химиялық қоспалар, биологиялық агенттер құрамының гигиеналық нормативтерін белгілеу және негіздеу жөніндегі әдістемелік нұсқауларды қамтитын ұсынымдар қабылдады. Құжат халықтың денсаулығына тиетін қауіп-қатерді бағалау әдіснамасын практикалық енгізуді қамтамасыз етеді және нормалау үшін қажетті токсикологиялық және микробиологиялық зерттеулерді жүргізу алгоритмін қамтиды.

ЕАЭО мемлекеттері Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) келісімдері мен Codex Alimentarius стандарттарында қатталған қағидаттарды ескере отырып, тамақ өнімінің қауіпсіздігі талаптарын белгілеуге мүмкіндік беретін құралды алады. Ұсынымдардың көмегімен Одақ елдері адам денсаулығына тиетін қауіп-қатердің критерийлеріне негізделген тамақ өнімінің қауіпсіздігі көрсеткіштерінің жаңа нормативтерін әзірлей алады және қазіргі бар нормативтерін қайта қарай алады.

«Құжат Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарына халықтың денсаулығына тиетін қауіп-қатерді бағалау кезінде бірдей қағидаттарды пайдалануға мүмкіндік береді», - деп атап өтті ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.

Анықтама

Codex Alimentarius (Тамақ кодексі) - бұл тамақ өнімдері бойынша стандарттар мен қағидалар кодексін енгізу жөніндегі ФАО/ДДҰ Халықаралық комиссиясы қабылдаған тағамдық халықаралық стандарттар жиынтығы.

 ​