Жүйеге кіру
ЕЭК полиграфиялық өнім әзірлеуге арналған баспа пластиналарын сыныптады

ЕЭК полиграфиялық өнім әзірлеуге арналған баспа пластиналарын сыныптады

26.02.2020

ЕЭК Алқасы сенсибилизацияланған баспа пластиналарын Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің Бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ ТН) 3701 тауар позициясында сыныптады.

            Одақ елдері Алқа шешіміне дейін осындай баспа пластиналарын сыныптау кезінде әртүрлі тауар позицияларын пайдаланып келді, бұл ЕАЭО ішінде кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу шараларын қолдану кезінде қосымша қиындықтарға соқтырды. Бұл өнімді ЕАЭО СЭҚ ТН 3701 тауар позициясына жатқызу тәсілдемелерді біріздендіреді және Одақ елдерінде полиграфиялық өнім нарығын одан әрі дамытуға ықпал етеді.

            Бұл пластиналар - «электр химиялық түйірлі алюминийден тұратын, жарық сезгіш фотополимерлі химиялық заттармен қапталған, экспонирленбеген, тегіс (орамдарда емес)». Олар фотополимер қабатының негізінде жасалады және «компьютер - баспа нысаны» (Computer-to-Plate) технологиясы бойынша офсетті баспа нысандарын дайындау үшін қазіргі заманғы басуға дейінгі процестерде қолданылады.

            Пластиналар спектрдің көрінетін бөлігінің сәулеленуін сезгіш және көрінетін жарық лазері-жасыл немесе күлгін көрінетін нысандап шығару құрылғыларында экспонирлеуге арналған. Сайып келгенде, фотополимерлі қабат негізіндегі пластиналар газеттерде, журналдарда, кітаптарда, плакаттарда және т.б. сапалы бейнелімдер алуға мүмкіндік береді.

            Алқа шешімінің халықаралық тәжірибеге сәйкес келетінін айта өткен жөн. Дүниежүзілік кеден ұйымының Үндестірілген жүйе жөніндегі комитеті ұқсас тауарға қатысты сол сыныптамалық кодпен сыныптау шешімін қабылдады.

 ​