Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасы дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімін көрсетудің бірыңғай қағидаларын бекітті

ЕЭК Алқасы дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімін көрсетудің бірыңғай қағидаларын бекітті

26.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы медициналық қолдануға арналған дәрілік препараттардың және ветеринариялық дәрілік препараттардың дайын дәрілік нысандарының жарамдылық мерзімінің басталу күнін есептеу жөніндегі нұсқаманы бекітті.

Нұсқама Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағында айналысқа шығарылатын дайын дәрілік препараттардың жарамдылық мерзімін орауыштарда көрсетудің бірыңғай тәсілдемелерін айқындайды. Құжат дәрілік препараттардың өндірілген күні мен жарамдылық мерзімінің аяқталу күнін көрсетудің бірыңғай форматын белгілейді.

«Бұл өндірушілердің жарамдылық мерзімін есептеу әдістемелерін қолдануын және бұл ретте әртүрлі жарамдылық мерзімі көрсетілген, бірдей әсер етуші заты бар дәрілік препараттардың нарыққа түсуін болдырмауға мүмкіндік береді», - деп атап көрсетті ЕЭК-тің Техникалық реттеу жөніндегі министрі Виктор Назаренко.

 ​