Жүйеге кіру
ЕАЭО нарығын сапасыз өнімнен қорғау үшін мемлекеттік бақылаудың тәуекелді-бағдарлау тәсілдемесі қолданылады

ЕАЭО нарығын сапасыз өнімнен қорғау үшін мемлекеттік бақылаудың тәуекелді-бағдарлау тәсілдемесі қолданылады

IMG09495.jpg
26.01.2021

Еуразиялық  экономикалық комиссия Алқасы «Еуразиялық  экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің  талаптарын сақтауды мемлекеттік бақылау (қадағалау) саласында тәуекелді-бағдарлау тәсілдемесін қолдануға қатысты қағидаттар мен тәсілдемелер туралы» ұсынымды бекітті.

Құжат ЕАЭО техникалық регламенттерінің  талаптарына сәйкес келмейтін өнімнің Одақ нарығына айналысқа шығарылуын және айналысын болдырмауға,  тәуекелді-бағдарлау тәсілдемесін қолданудың біріздендірілген қағидаттарын пайдалану арқылы бұл талаптардың  сақталуын мемлекеттік бақылаудың тиімділігін арттыруға көмектеседі.

Тәуекелді-бағдарлау тәсілдемесінің моделі мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) Одақ техникалық регламенттерінің  талаптарын бұзу тәуекелін бағалау негізінде жүзеге асыруды көздейді. Осындай бағалаудың нәтижелері бойынша мемлекеттік бақылау (қадағалау) жөніндегі іс-шараларды  жүргізудің нысаны,  ұзақтығы  және кезеңділігі таңдалады.

Бұл тәсілдеменің мақсаты – мемлекеттік бақылау кезінде пайдаланылатын еңбек, материалдық және қаржы ресустарын  оңтайлы пайдалану, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлердің шығындарын азайту,  сондай-ақ мемлекеттік бақылау (қадағалау) органдарының мемлекеттік бақылауды (қадағалауды) ұйымдастыру кезінде өз қызметінің нәтижелілігін арттыруы.​