Жүйеге кіру
ЕЭК Одақ елдерінің өнеркәсіптік жобаларын қолдау шараларын дайындайды

ЕЭК Одақ елдерінің өнеркәсіптік жобаларын қолдау шараларын дайындайды

IMG09009.jpg
26.01.2021

ЕЭК Еуразиялық  экономикалық одақ елдерімен бірлесіп Еуразиялық даму банкінің қаржыландыру мүмкіндігімен кооперациялық жобалар тізбесін дайындайды. ЕАЭО өнеркәсіптік жобаларын қолдаудың осы және бірқатар шаралары  Комиссияда ЕЭК-тің Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнаревтың төрағалығымен өткен кеңесте талқыланды.

Іс-шараға Еуразиялық  экономикалық одақ мемлекеттерінің өнеркәсіп министрліктерінің, сауда-өнеркәсіп палаталарының, Еуразиялық даму банкінің, сондай-ақ  Одақ елдері бірқатар кәсіпорындарының - «Ростсельмаш» КЗ» ААҚ, «Петербург трактор зауыты» АҚ, «Казрост» ЖШС және  «Қостанай трактор зауыты» өкілдері қатысты.

Кеңес Комиссияның ЕАЭО-да кооперацияны қолдау құралдарына, атап айтқанда  өнеркәсіптік кооперацияны Еуразиялық даму банкінің жеңілдікті қаржыландыру  шараларын тұжырымдауға арналған Одақ елдері сауда-өнеркәсіп палаталары  басшылары қатысқан желтоқсан конференциясының жалғасы болды.

ЕАДБ қаржыландыруы мүмкін кооперациялық жобалар тізбесін дайындауға ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп саласындағы ұлттық ведомстволары шақырылды. Өнеркәсіп кәсіпорындары  - осындай жобалардың ықтимал қатысушылары үшін инвестициялық шығындарды жеңілдікті қаржыландыру көзделген, бұл, кеңеске қатысушылар пікірінше,  кооперацияға деген шынайы ынталандырма болады.

Инвестициялық жобаларды қолдау шеңберінде ҒЗТКЖ-ды субсидиялауды көздеу де ұсынылады. Бұл озық инновациялық компанияларды басым тәртіпте дамытуға мүмкіндік береді.

 

ЕАДБ қаражаты есебінен Одақтың ұлттық лизинг және кредиттік ұйымдарын жеңілдікті қорландыру тағы бір түйінді шара болмақ. Бұл тұтынушылардың техника сатып алудың бұдан да тиімді жағдайларын жасауына көмектеседі және одақтық өнімге сұранысты қолдауға ықпал ететін болады.

 

Іскер топтардың өкілдері Еуразиялық даму банкіне бірлесіп өндірілген өнімді үшінші елдердің нарығында ілгерілетуге қатысуды ұсынды.

«ЕАДБ қаржыландыруы үшін пилоттық жобалар ретінде біз бірлескен өндіріске шоғырлануды ұсынамыз. Ресей Федерациясының Президенті өткізген кеңесте, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің үндеуінде  нақ осы кооперациялық жобалар туралы айтылды. Келесі кезеңі кооперациялылық критерийлерін айқындау және пысықтау болады»,- деп атап өтті өз сөзінде Николай Кушнарев.  

 

Отырыс қорытындысы бойынша ЕАЭО елдері палаталарының бастамаларын ілгерілету үшін тұрақты негізде бірлескен жұмысты жалғастыруға шешім қабылданды.​