Жүйеге кіру
ЕЭК ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасының жобасын дайындады

ЕЭК ЕАЭО-ның ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасының жобасын дайындады

26.01.2017

Венада (Аустрия Республикасы) өткен 10-шы Еуропалық газ конференциясының қатысушыларына Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Адамкул Жунусов Еуразиялық экономикалық одақтың ортақ газ нарығының бағдарламасын қалыптастыруға қолданылатын тәсілдемелерді таныстырды.

ЕЭК министрінің айтуынша, бағдарламаның жобасы қазірдің өзінде сарапшылар деңгейінде талқыланып жатыр әрі ЕАЭО-ға кіретін мемлекеттердің басшыларына бекіту үшін осы жылдың соңына дейін ұсынылатын болады. Ортақ газ нарығын құру жобасының негізіне газдың ұйымдастырылған биржалық саудасын дамыту және нарыққа барлық қатысушылардың сауда-саттыққа тең қол жеткізуін қамтамасыз ету идеясы алынған. Мұндай қағидат қалыптастырылып жатқан нарықта бәсекелестік жағдайлар жасауға және газға баға белгілеу айқындығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

«Одақтың ортақ газ нарығында Одаққа мүше мемлекеттердің көтерме нарықтарына барлық қатысушылар әрекет етіп, газды тасымалдау мен жеткізу ісі тікелей шарттар бойынша да, сонымен қатар қажетті көлем мен бағыттарда биржалық сауда-саттықта қамтамасыз етілетін болады», – деп атап өтті Адамкул Жунусов.

Алға қойылған міндеттердің іске асырылуы газ тасымалдау жүйелеріне қолжетімділіктің бірыңғай қағидаларын, бұл жүйелердегі бос қуаттарды бөлудің айқын тетіктерін, өзара газ саудасындағы қағидаларды енгізуді, сондай-ақ мүше мемлекеттердің сол саладағы заңнамасын үндестіруді бағамдайды.
Одақтың ортақ газ нарығын құруды үш кезеңде жүзеге асыру жоспарланып отыр. 

Бірінші кезең 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін есептелген. Бұл мерзімге қарай ЕАЭО мемлекеттерінің заңнамасын үндестіруді қамтамасыз ету, газға арналған нормалар мен стандарттарды біріздендіру, ақпарат алмасу жүйесін құру, газ тасымалдау жүйелеріне қолжетімділіктің бірыңғай қағидаларын әзірлеп, келісіп алу бағамдалуда. 

Аяқталуы 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі мерзімде күтілетін екінші кезеңде, газбен сауда жасау жүзеге асырыла алатын бір немесе бірнеше тауар биржаларының жұмыс істеуін қамтамасыз ету, биржалық сауда-саттыққа және газ тасымалдау жүйелеріне нарық қатысушыларының кемсітушілік қол жеткізуін қамтамасыз ету бағамдалып отыр.

Үшінші кезеңде қажетті көлемде әрі бағыттарда газдың еркін жеткізіліп тұруын қамтамасыз ету туралы да сөз болып отыр. Бұл кезеңде ортақ газ нарығын қалыптастыру туралы халықаралық шарт күшіне енеді. Үшінші кезеңді 2025 жылғы 1 қаңтардан кешіктірмей аяқтау жоспарлануда.
ЕАЭО-да ортақ газ нарығының іске қосылуы нарыққа қатысушылардың санын арттыруға, сондай-ақ тұтынушылардың әртүрлі санаттары үшін газдың көтерме бағаларын төмендетуге септігін тигізеді. Бұдан басқа, Одақ елдерінде жаңа өңірлерді газдандыру және газ-химия саласын дамыту есебінен инвестициялар өсімі күтіледі.