Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері Одақтың индустрияландыру картасын мақұлдады

ЕАЭО елдері Одақтың индустрияландыру картасын мақұлдады

25.11.2020
Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімін орындай отырып, ЕЭК картаның үш бөлімінің түпкілікті редакциясын келісті, Еуразиялық экономикалық одақтың ресми сайтында карта туралы интерактивті бөлім жобасын дайындады. Бұл туралы 25 қарашада ЕЭК-те болып өткен Өнеркәсіптің басым салаларындағы кооперацияда және импорт алмастырудағы интеграциялық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша жоғары деңгейдегі жұмыс тобы отырысында Еуразиялық экономикалық комиссияның Өнеркәсіптік саясат департаментінің директоры Николай Кушнарев хабарлады.

Жоғары деңгейдегі жұмыс тобы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімі бойынша құрылған және Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдары басшыларының орынбасарларын өзіне кірістіреді.

«Индустрияландыру картасының жобасымен ЕЭК екі жылға жуық жұмыс істеу үстінде. Қазір құжат экономиканың 21 саласындағы 194,5 млрд АҚШ доллары сомасындағы 177 ірі инвестициялық өнеркәсіптік жобаны өзіне кірістіріп отыр. Және де картада Одақта импорт алмастыру қажеттігі бар 30 саладағы 500-ден астам технологиялық бағыт белгіленіп көрсетілген», — деп атап өтті Николай Кушнарев.

Оның сөзінше, ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Тауар номенклатурасының төрт таңбалы коды деңгейіндегі танымал 50 позицияны қамтитын бөлім айрықша маңызды болып табылады, бұл импорт алмастыру жөніндегі жұмысты үйлестіруге және жедел қадағалап байқауға көмектеседі.

Отырыста Еуразиялық экономикалық одақтың индустрияландыру картасының форматы, оны одақтық ресми сайтта орналастыру жөніндегі техникалық мәселелер, сондай-ақ импорт алмастыру жөніндегі жұмыстың бұдан арғы қадамдары, соның ішінде картаның мазмұнын бизнес-бағдарланушылық жағына қарай көбірек кеңейту мақұлданды.

«Карта – бұл кооперацияның жанды механизмі. Ондағы ақпарат қажеттілік шамасына қарай толықтырылып, жаңартылып отырады. Біз карта бір бірінің құзыретін пайдалану тиімділігін арттырады деп күтеміз», — деп түйіндеді Николай Кушнарев.​