Жүйеге кіру
ЕЭК-ның Сауда-саттық бойынша министрі Андрей Слепневтің Интерфакс АА үшін берген сұхбаты: "Жаңа Еуразиялық экономикалық одақ бүгінгі нормативтік базалар мен қол жеткізген келісімдердің оңай сомасы болмайды "

ЕЭК-ның Сауда-саттық бойынша министрі Андрей Слепневтің Интерфакс АА үшін берген сұхбаты: "Жаңа Еуразиялық экономикалық одақ бүгінгі нормативтік базалар мен қол жеткізген келісімдердің оңай сомасы болмайды "

25.12.2012
Ресей, Беларусь және Қазақстанның жаңа Кеден одағы – Біртұтас экономикалық кеңістікке интеграциялық бірлескен жұмысының алғашқы жылы аяқталып келеді.   Ұлттықтан жоғары реттеу органы - Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) белсенді қызмет атқарып отыр, бұған ұлттықтан жоғары ведомстволардан бүкіл жаңа қызметтер тапсырылады және таяудағы екі жылдың ішінде болашақ Еуразиялық экономикалық одақ үшін базаларды қорытындылау міндеті тұр.  Комиссия толық емес бұл жылға, атап айтқанда,  Ресейдің ДСҰ алдындағы міндеттемелеріне сәйкес біртұтас кедендік тарифтерге жаңа редакция ресімдеді, астық жинағыш комбайндарды әкелуге қатысты арнайы қорғау тексерістерін жүргізді және Қытайдан әкелінетін тұтыну тауарлары импортының өскендігіне байланысты кедендік қызметтерге ұсынымдар дайындады. ЕЭК Сауда-саттық бойынша министрі Андрей Слепнев жұмыстың алғашқы қорытындылары туралы, жағымды сәттер және сәтсіздіктер туралы, сондай-ақ, болашақтың жоспарлары туралы  "Интерфаксқа"  сұхбат берді. 

- Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы болып өтті.  Кеден одағына (КО) мүше мемлекеттердің басшылары Ресей, Беларусь және Қазақстанның Біртұтас экономикалық кеңістігінің (БЭК) және оның ұлттықтан жоғары реттеу органы - Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК)  алғашқы жылғы  жұмыстарын  қалай бағалады? Қандай басымдықтар алға қойылды?

- Басты қорытынды мынада болып тұр, яғни, көшбасшылар интеграция жолыменен алға жылжуды белсенді түрде қолдап отыр. Сонымен қатар, тек алға жүгіре бермеу керек, БЭК-ті құру кезінде анықталған барлық жоспарларды толыққанды көлемде жүзеге асыру керектігі ескерілді. Қазір белгіленген кезеңдерден секіріп өту немесе алға қойылған міндеттерді соңына дейін жүзеге асырмай басқа жаңасына жармасу қауіпті болып тұр. ЕО тәжірибесі көрсеткендей, асыққандық үлкен проблемаларға әкеліп соқтыруы мүмкін.  
Сонымен бірге, 2015 жылдың 1 қаңтарынан қалыптасуы керек жаңа Еуразиялық экономикалық одағы оңай сома болмай, қазіргі күннің өзінде нормативтік базалар мен қол жеткізген келісімдер   жоспарында бар екендігін президенттердің атап өткені өте маңызды болып отыр.   Сондықтан олар 2013 жылдың 1 мамырында біздің әрі қарай жүретін интеграциялық қадамдарымызды қалыптастыруға тапсырма берді. Бұл қадамдар Еуразиялық экономикалық одағының интеграциялық жобасының бізде бүгінгі күні бар нәрселерінен шындығында айырмашылықтарына қосымша болулары керек.   
Сондай-ақ, дамудың жалпы бағыты түсінікті - бұл, бәрінен бұрын, тауарлардың, қызмет көрсетудің, жұмыс күштерінің және капиталдың бірыңғай нарығын әрі қарай қалыптастыру. 
Тауарлардың бірыңғай нарығын қалыптастыру жоспарында біз көп нәрсеге қол жеткіздік,  әйтсе де сегменттер қалады, кей жерде тауарлардың еркін қозғалысы әлі күнге жоқ.  Қызмет көрсету тауарлары мен капитал нарығы саласында әлі де көптеген жұмыстар жасалуы керек, біз бүгін бірдей ережелерді құрудың ең басында тұрмыз. Еңбек нарығындағы жұмыстардың  белгілі бір бөлігі істелді, бірақ ол әлі аяқталған жоқ. 

Бұл бағыттардағы жұмыс бірыңғай нарықтарды қалыптастыру – бұл бірінші міндет. Екінші міндет  - бұл аграрлық, өнеркәсіптік және инфрақұрылым саясатына қалай келісу және дамыту жоспарларын жетілдіру.  

- Соңғы кездері, мәселен, алкоголь мен темекі акциздерін теңестіру туралы, қызмет көрсетудің жалпы нарығын құру туралы өте көп айтылып жүр.  Қорлар нарығы мен басқалардағы қызмет атқару ережелерінің келісім мәселесі еске салынды.  Бұл мәселелер қазір қандай деңгейде екен?

- Бұл әртүрлі нәрселер. Акцизді өнімдердің қозғалысына қатысты айтсақ, бұл маңызды, бірақ өте тар ауқымды тақырып. Бұл жерде жұмыс жүріп жатыр, сонымен қатар акциздерді біріздендіру бойынша белгіленген келісімдерге қол жеткізілді. Қазір ең бастысы – трансшекаралық іс-қимылдарда теріс пайдаланулар болмауы үшін өндірістің орын ауыстырулары мен жүзеге асыруларын қадағалауға мүмкіндік беретін өнімдердің айналымының жалпы ережесін жасап шығару.  Келісімнің жобасы бар, ол талқыланып жатыр, мәселе жақын арада шешіледі деп сенеміз. 
Қызмет көрсету нарығына қатысты айтар болсақ, бұл мүлдем басқа масштабтағы міндет. Бұл міндет өте кең ауқымды, мол спектрлерді қамтиды, кей жерде жақындастыру мен үйлестіру, ал кей жерлерде реттеуді де біріздендірулер бар. 
Ең бастысы Сауда және қызмет көрсету туралы келісім шеңберінде халықаралық міндеттемелерде бекітілгені: қызмет көрсету саласында әрі қарай да біріздендірулер бойынша жарты жылда бір рет біз келіссөздер жүргізуге міндеттіміз. Бұл келісім-шарт бойынша тікелей міндеттемелер. Одан бөлек, қаржы қызметі бойынша біз 2020 жылы лицензияларды өзара мойындауға келу керектігіміз онда анық жазылған. Бір мемлекеттің аумағында лицензия алған компания барлық үш елдің аумағында еркін жұмыс істеуге құқы бар. Бұл біз қол жеткізуге міндетті нәтижелер. 
Бұл бірыңғай нарық тек қаржылық қызметтер үшін ғана қалыптасу керек дегенді білдірмейді, әрине, қызмет көрсетудің толыққанды нарығы секторлардың ең көп санын қамтуы қажет. Бұл бір шешіммен қол жеткізетін іс емес екендігі белгілі, дегенмен бұл кейбір өтпелі кезеңдерді, мүмкін алып тастауларды қажет етеді. Әйтсе де, қызмет көрсетудің бірыңғай нарығы – бұл негізгі сала, бұл сала экономиканың жартысын қамтиды.  
ЕЭК Тараптармен бірге президенттерге келесі жылдың 1 мамырында өз жоспарларын баяндап берулері керек.  

Саммиттің нәтижелері бойынша президенттер жылына үш рет кездесулері керек және барлық интеграциялық айрықтардан жекелеп жүрулері керек екендігін айтқым келеді, себебі біздің ЕО көршілерінің тәжірибесі көрсеткендей көшбасшылардың үнемі назары мен саяси шешімдерін талап етеді. Бюрократия көп жерлерде өз мүдделерін ұстануға және интеграцияны тежеуге бейім, сондықтан  процесс керекті қарқынымен жүру үшін бұл жерде саяси еркіндік қажет.  

- Сіз тым қатты асығуға болмайтындығын, әуелі басталған істерді аяқтау керектігін бірнеше рет еске салып өттіңіз,  бұл не, жалпы нұсқаулықтар ма, әлде оның артында нақты сәтсіздіктер күтіп тұр ма?

- Расында да, бірқатар мәселелер бойынша орындау мерзімдері келесі жарты жылдықтарға ауыстырылды – себебі, көп жерлерде сәйкестендірілген халықаралық келісімдер бойынша тараптармен келісу мүмкін болмады. Бұл сәттілік пе әлде сәтсіздіктер ме? Мүмкін сәтсіздіктер шығар. Бұны комиссияның сәтсіздігі деп айтуға келмес, мүмкін, біздің ортақ сәтсіздігіміз шығар, себебі, сөз үкіметаралық келісімдер туралы болып отыр, әрбір үкіметтің ішінде өзінің органдар топтамасы бар, олардың әрқайсысының өз пікірлері бар болғандықтан барлық шешімдер бірден көңілге қона бермейді.  
Тараптар БЭК-ті құруға қатысты келісімшартқа отырғанда, көптеген даулы нәрселер келесі кезеңге қалдырылды, тек қана ең түбегейлі келісімдер хатталған болатын. Қазір бөлшектеп қарастыратын уақыт келді, енді нақты шешімдерді табуға тура келіп отыр. Көшбасшылардың жылына үш мәрте кездесу туралы шешім қабылдағандары бұл нағыз сол шынайылыққа жауап болады. Бұл кездейсоқ жағдай емес, ЕО қалай жұмыс істейтінін қараңызшы: көшбасшылары тіпті ай сайын кездесіп тұрады. 

- Осы жылы үлкен бір дауды тудырған қандай да бір нақты нәрсені атай аласыз ба?

- Біздің сауда саласына келетін болсақ, бұл жерде ешқандай проблема жоқ, себебі, мәселелердің көбі қазір әбден реттелген, өйткені, біз Кеден одағының керемет базасын иелендік. Ынтымақтастықтың басқа бағыттары бойынша менің ЕЭК-дағы министр әріптестерім шешетін міндерге келетін болсақ,  мүмкін, олардың жұмыстарын талқылағанымыз дұрыс емес шығар. Мәселен, Монополияға қарсы саясат жөнінде өте көп даулар болды, дегенмен, трансшекаралық нарықтардың критерийлері бойынша шешім қабылдаудың сәті түсті.   Бұл маңызды интеграциялық тақырып, оны менің әріптестерім мен Кеңестің мүлтіксіз қолдауының арқасында басқаруға мүмкін болды. 

- Жылдың қорытындысын бүтіндей қалай бағалайсыз?

- Комиссия қалай жұмыс істеп кеткенін қараңыз! 1 ақпанда құрылған орган жылдың аяғында 300 маңызды шешімдерді қабылдайды деп ешкім ойлаған да жоқ. Біз Ресейдің ДСҰ-ға кіргендігі себебінен жаңадан Біртұтас Кедендік Тарифті, одан басқа, ережелерді имплементациялау және Дүниежүзілік сауда ұйымы талаптарымен байланысты тағы да бірнеше ондаған шешімдерді қабылдадық. Бұл дегеніңіз санитарлық шаралар, техникалық реттеулер, кедендік реттеулер – бұның ішінде не жоқ дейсіз. Бірнеше айда осынау барлық жұмыстарды ұйымдастыра білген орган өз уақытында қабылдауларды жасап әрі қамтамасыз ете білгендігінің арқасында ешкім ешқандай проблеманы ескере де алмады. 
Біздің жұмыстың келесі тақырыбы – халықаралық байланыстарды дамыту. Бүгінгі сәтте бізде Украинаның үкіметімен жүйелі диалог орнықтырылды,  желтоқсан айының басында біз ҚХР үкіметімен қол қойып әрі диалог қалыптастырдық  - бұнда да ретті сауда диалогы құрылған және нарықты қорғау шаралары туралы ақпараттарды алмастыру бойынша меморандумға қол қойылды. Қазір Еуропалық одақпен қалай өзара іс-қимыл жасау туралы мәселелер белсенді түрде талқыланып жатыр. ЕЭК өкілдері АТЭЫ-ң бірқатар шараларына, ДСҰ алаңына және тағы басқаларға қатысты.  Байқағаныңыздай, халықаралық жайғасым мәселесінде біз айтарлықтай алға кеттік. 
Монополияға қарсы реттеулер саласында, Алқа, шын мәнісінде, РФ үкіметінің мауыты маталарды  мемлекеттік сатып алуларға әкелу кезінде бәсекелестікті шектеу бойынша шешімін тоқтатқан шешім қабылдағанын атап өткім келеді. 
Бүтіндей алсақ, процестің бүгін қалай жүріп бара жатқандығын мен жақсы бағалаймын.  

- Жылдың ортасында демпингке қарсы және қорғау тергеулерін енгізу бойынша жұмыстар комиссия деңгейіне берілді. Атап айтқанда, комбайндарды импорттауға байланысты өтінішті қарастырдық. Ауылшаруашылығы машинасын жасау саласы әртүрлі деңгейде арызданған сияқты, мүмкін ауыл шаруашылығымен қатар Ресейдің ДСҰ-ға кіргендігінен бүтіндей ерекше зиян шеккен болар?

- Жүргізілген тергеу қорғау шаралары үшін негіз бар екендігін көрсетеді. Бүгін (25 желтоқсан - ИФ) осы маңызды мәселе бойынша шешім қабылдады, біз алдын ала арнайы қорғау бажын 27,5% көлемде енгіземіз. Алдын ала шара 2 имплементациялау 013 жылдың 5 мамырына дейін күшінде болады. 

- Басқа салаларды қорғау жөнінде айтатын болсақ. Атап айтқанда, тарифтік қорғауды арттыру.  Басқа бір жоспарлар бар ма?

- Бұл мәселе өте нәзік, сондықтан әрбір нақтылы жағдай жекеше шешілуі керек. Тарифтерді жоғарылату – тұтынушылар үшін де, бұл соншалықты жақсы емес, өйткені, бағаны қаншалықты көтерілуі, көбінесе өндірушілердің өздері үшін де жақсы емес. ДСҰ бойынша ахуал тарифтік қорғауды біртіндеп төмендетуді ұсынады. Егер баждар бүгін көтерілсе, сәйкесінше, бір жылдан соң қайтадан күрт төмендетілсе, сонда мынадай сұрақ туындайды: мемлекет нендей нәрсеге қол жеткізгісі келеді, ол бизнеске қандай дабылдарды жібергісі келеді?
Тарифтік қорғауды көтере отырып, біз, өндірістердің бәсекеге қабілеттілігін төмендетіп аламыз. Әрине, ол әсіресе, ауа-райы ықпал еткен кездерде, бәсекешілерде субсидияларды теріс пайдалану болған кездерде, несиелер қымбат болып, инвестициялық жобалар жүзеге асқан кездерде олар мұндай тарифтік қорғаудың көтерілгенін қалайтын да жағдайлар болады. Егер сала аз-маз жақсы дамыса, онда оған тарифтік қорғауды көтеру, ал содан соң төмендету – бұл сала жұмысының экономикалық ынтасына абыржушылық енгізу дегені. Бұған, әсіресе, ДСҰ-ға кіру процесінде өте мұқият болу керек. 
ДСҰ-ға енуде барлығы өздерінің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету керек,  барлығы бәсекелестіктің өсетіндігін түсінулері керек екендігін жорамалдап береді. Кешіктірулерді тоқтату керек, өз бизнесінің тиімділігін артыру керек, жаңа технологиялар енгізу керек, өте жинақы болулары керек, жаңа серіктестер, жаңа нарықтар таба білулері керек. 
Біздің Біртұтас Кедендік тарифте 11 мыңнан астам тарифтік ұстанымдар болғандықтан бұл тірі ағза, үнемі қандай да бір анықтаулар қажет болады. 

- Көбінесе кімдер жиірек хабарласады?

- Ресейлік тарап, себебі оларда ең әртараптандырылған өнеркәсіп, сондықтан қызығушылықтары бәрінен көп. Сондай-ақ, Беларустық тараптар да, негізінен ауылшаруашылығы топтарына ұсыныс білдіреді, Қазақстандық тарап та өз ұсынысын береді. Бұл мәселеде жағдай бізде айтарлықтай бірқалыпты. 
Мысалы, беларустық тараптың сүт өнімдері бойынша кешенді ұсынысы бар, ол қазір ұлттық органдардың қарауында жатыр.  Қаңтарда бұл жағдай бойынша тараптардың қандай да бір түйіні болады деп үміттенемін. 

- Жақында Ресейдің Федералдық кедендік қызмет өкілдері статистикалық нысандарды беру бойынша елдің барлық аймағында Кеден одағы ішіндегі өзара сауда жүргізілетін статистика негізінде СЭҚ қатысушылары  50%-дан аспайды деп мәлімдеді.  Сонымен қатар үшінші елмен саудаға қарағанда өзара сауда шамамен екі есеге тезірек өсіп келетіні айтылады. Бұл қаншалықты дұрыс мәліметтер?

- Біздің статистикамыз бойынша, расында да, өзара сауда,  қарамастан, оның құрылымында жылу-энергетикалық ресурстары бірсыпыра аз болғанына қарамастан, сыртқы саудаға қарағанда тезірек өседі, және бұл жақсы. Егер нақты сегменттерге қарасақ, ең алдындағы көшбасшысы - бұл машина құрастыру, халық тұтынатын тауарлар, химия өнімдері. Бұл жай ғана көз тоятын сандар емес екендігі көрініп тұр, өзара сауда неліктен өсіп отырғаны әбден түсінікті.   
Жалпы алғанда, барлығы өзінің табиғи қалпыменен келе жатыр, өйткені Кеден одағы – шындық, шекаралардың жоқтығы – шындық, біртұтас реттеулер – шындық.  Декларацияларды толтырудың қажеті жоқ, еш нәрсені сертификаттаудың керегі жоқ, мемлекеттік сатып алуларға бірдей талаптар, бірдей мүмкіндіктер орнықтырылған, және тағы басқалар. Бизнес бұны өзінің базасына жинақтай бастағаны және сәйкесінше әрекет етпегі әбден айқын.  Негізі, міне, барлығы да осы үшін талаптанған болатын. 
Әрі қарай өсу үшін әлеует бар ма? Мен бар деп есептеймін, себебі қазір Қазақстанда да, Беларуста да инвестициялық жобалар жүзеге асып жатыр, олар, соның ішінде, Ресейдің де бірыңғай нарығына бағыт ұстап отыр.  Өнімдердің шығарылуы үшін және бүкіл процесс айналғанша біраз уақыт өту керек шығар, бірақ бұл ұзақмерзімді беталыс деп ойлаймын. Ресейлік өнімдерді Қазақстан мен Беларустың нарығына шығару да дәл осылай өсетін болады, себебі компаниялар өз желілерін біртіндеп өрістетіп жатыр, бұл тиімділік айтарлықтай сенімді түрде пайда болып келеді. Әсіресе, егер біз қызмет көрсетудің жалпы нарығын реттеу жолымен алға жылжитын болсақ, нұр үстіне нұр. Ал егер өнеркәсіптік және агроөнеркәсіптік инфрақұрылым мен бағдарламаларды дамытуға келіссек, онда Кеден одағының әлеуеті бұдан көп деңгейге қарыштайтын болады. 
Өзара сауданың статистикалық проблемаларына келетін болсақ. Иә, проблема бар, және оңай проблема емес. Бір жағынан оның түйіні сол, біз шекаралардан бас тарттық, сөйтіп еркін алып өтуді ресми мәлімдейміз.  Ал бір жағынан статистиканың қай нысаны болмасын – бұл сол немесе басқа түрде болсын алып өтудің бақылауы.  Бизнесті қандай да бір жаңа ресми мәлімдемелермен байланыстырмайтын және сауданы қиындатпайтын мұндай нысанды ойлап табу – ол оңай емес. Біздің алғашқы кезеңдерімізде болған бұл процесс қадамына Қазақстан мен Беларусь тараптары қарсылық білдірген еді.   Сол кезде біз қазір жұмыс істеп тұрған сол механизмді істедік. Ол біз күткендей аса тиімді болмай шықты. Алып өтілетін сауда ағымдары туралы сенімді ақпарат алу және болып жатқан жәйттерді түсіну  үшін қандай да бір ымыраға келу керек. 
Бірақ та, ең бастысы – үш елдің кедендік қызметінің өзара іс-қимылы мәселесі. Ақпараттық өзара іс-қимыл мәселесі, шекараға тараптар мамандарының келу мәселелері, қатерлерді басқарудың бірыңғай жүйесі мен контрабандамен күрес жөнінде бірыңғай шараларды қолдану мәселелері. Бизнестің сарыны белгілі ғой, егер ол тараптардың бірінің шекарасы арқылы қолайлы тізбекпенен тауарды енгізуге және оны сосын ортақ нарыққа сата алатын  мүмкіндікті көрсе - бизнес бұны әбден пайдаланатын болады. Кедендер өздерінің араларында өзара іс-қимылды жолға қоймағанша – мұндайлар болып тұрады. 
Импорттардың өскендігін біз қанша керек болса, сонша ДСҰ-ға жаба береміз, тарифтерді түсіруге қосқан үлес кедендік одақтардың тиімсіз қызмет етуі мен тиімсіз өзара іс-қимыл жасауынан гөрі бірнеше мәрте аз болуы мүмкін. Біз тарифтік саясатты, нарықты қорғау шараларын реттей аламыз, бірақ олар егер құқықты пайдалану тәжірибелері арқылы құнсызданса, онда оның қандай мәні бар?

- Сіз Қазақстан арқылы келетін өнімдердің болуы мүмкін «сұр импортына» талдау енгіздіңіз ғой? Бұл талдау немен аяқталды?

- Біз белгілі проблемаларды көріп отырмыз. Қытайдан келетін импорттың өскендігі біртұтас кедендік аумақтарға әкелінетін тауарлардың артқандығы арқылы өзара байланысатындығын статистика көрсетіп отыр,  ресейлік кеден қызметі мен қазақстандықтардың арасындағы өнімдердің (атап айтқанда, аяқ-киімдер –ИФ) бірқатар түрлері кедендік рәсімдеу тәжірибесінде қарама-қайшылықтардың бар екендігі түсінікті.  Біз қазір мына жұмыстардың тәжірибесіне орай назар салуларды дайындаймыз, қосымша ақпараттар беруді сұраймыз, бірақ менің ойымша, кедендік қызметтер өнімдерді қалай классификациялау керектігі жайлы мәселені тереңірек жетілдіру үшін негіз бар сияқты.  Себебі классификациядан басқа сол немесе басқа (үлкен немесе шағын – ИФ) кедендік баж қолданылатын болады. Өнімдерді классификациялау мәселесі бойынша тәжірибеде қайшылықтар кетуі мүмкін, біздің барлық мәліметтеріміз бойынша бұл расталған. 

- Сіз қазір Кеден одағы нарығына бағытталған жаңа өндірістер ашылады деп айттыңыз. Ол қай салаларда?

- Бұл жерде енді айтарлықтай үлкен тәжірибе жинақталды. Қазақстанда халық тұтынатын тауарлар, азық-түлік тауарлары, тұрмыс техникасы  шығарылады. Беларуста да белсенді даму жүріп жатыр, ол тек осы бағытта ғана емес. Ресейлік инвесторлардың қатысуымен Қазақстанда автомобиль өндірісі бойынша жобалар алдын ала құлақтандырылды, қазір Қазақстанмен аймақтық авиация бойынша біріккен жоба талқыланып жатыр.  Мүмкін, беларустық кәсіпорындар да қатысатын шығар. Жақында Назарбаев темір жолдар үшін жылжымалы составтар бойынша зауыт ашты, бұл сондай-ақ жалпы нарыққа бағдарланған. Бұл тек басы ғана, негізгі тиімділіктер 5-7 жылдың ішінде болады. Инвестор шешім қабылдағанша, шығарылымды құрғанша, жүзеге асырғанша – бұның барлығы уақытты талап етеді. 

- Ресейдің аумағында бірдеңе ашылады ма?

- Ресейлік өндірушілер нарықтың үлкен болғандығына байланысты өз жоспарларын тезірек түзетеді. Бұл жерде арнайы жобалар туралы айтудың өзі екіталай, өндірістердің көлемдерінің өсуі байқалады. Келісілген өнеркәсіптік, агроөнеркәсіптік және инфрақұрылым саясатын жүзеге асыру шеңберінде үлкен жобалар алда тұр. Мәселен, "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" автомобильдік маршруты  - өзекті тақырып. Жол салу аз, оған қызмет көрсететін инфрақұрылым керек.  

- Жақында ЕЭК 1 сәуірге дейін сыртқы нарықта оларды жайғастыру мақсатында мүше мемлекеттер аумағында шығарылған тауарларды таңбалау бойынша ұсыныстарды дайындауға және ұсынуға тапсырма берді. Мақсаттар жайлы және таңбалау қашан болатындығы туралы айтып беріңізші?

- Сөз «Еуразияда жасалған» деген бренд жөнінде болып отыр. Бұны шығарған ел ретінде қабылдаудың қажеті жоқ, бұл мәселе халықаралық құқықтар бойынша реттеледі. Біз әзірше шығарған елді Кеден одағына ауыстыруға дайын емеспіз, себебі Кеден одағы тауарларының құқықтық мәртебесі әлемде жалпылай мойындалғаннан кейін ғана мұндай қадамға бара аламыз. 
Бірақта тауарды нарықта Кеден одағында істелген ретінде жайғастыру жағынан – бұл  маркетингтік, имиджді тақырып, ол көптеген жетілдірулерді талап етеді. Не болатынын бұл жұмыстардың нәтижелері бойынша қарастырайық, және бұл қаншалықты ең бастысы - бизнес бұндай брендті қолдау үшін қызығушылық білдіретін болады. ​
​​