Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Виктор Назаренко: «ЕАЭО мүше мемлекеттердің халықаралық стандарттауға белсенді қатысуы Одақ елдерінің өнеркәсібі өндіретін өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға жәрдемдеседі»

ЕЭК Министрі Виктор Назаренко: «ЕАЭО мүше мемлекеттердің халықаралық стандарттауға белсенді қатысуы Одақ елдерінің өнеркәсібі өндіретін өнімнің бәсекеге қабілетін арттыруға жәрдемдеседі»

Фото-1-Назаренко-МЭК.jpg
25.10.2019

«Еуразиялық экономикалық одақта ЕАЭО мемлекеттерінің Одақ елдерінің өнеркәсібі өндіретін өнімнің сыртқы нарықтарда бәсекеге қабілетін арттыру мақсатында стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымдардың жұмысына белсенді қатысу қажеттілігі жайында нақты түсінігі бар. Еуразиялық экономикалық комиссия үшін Халықаралық электр техникасы комиссиясы стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы басым ұйымдардың бірі болып табылады», – Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Виктор Назаренко Халықаралық электр техникасы комиссиясының (ХЭК) бас хатшысы Франс Вризвикпен кездесуінде осылай деп мәлімдеді.

Келіссөздер 25 қазанда Шанхай қаласында (Қытай) өткен Халықаралық электр техникасы комиссиясы бас ассамблеясының 83-ші отырысы шеңберінде ұйымдастырылды.

Виктор Назаренко Франс Вризвикке стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы ЕЭК қызметі туралы хабарлады. Ол Комиссия Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының алаңында мемлекетаралық стандарттау жұмысын дамытуды қолдайтынын атап өтті, онда мемлекетаралық стандарттардың негізгі әзірлеушілері Ресей, Беларусь және Қазақстан болып табылады.

ЕАЭО үшін мемлекетаралық стандарттау жұмысын жандандырған маңызды, сондықтан 2018 жылы ЕАЭО елдерінің стандарттау жөніндегі мемлекеттік органдары басшыларының кеңесі құрылды. «Кеңесті құру Еуразиялық экономикалық одақта жүйелі жұмыс жасау үшін стратегиялық шешімдерді әзірлеу және стандарттау, оның ішінде ЕЭК және ЕАЭО мүше мемлекеттерінің халықаралық ұйымдармен, атап айтқанда Халықаралық электр техникасы комиссиямен ынтымақтастығын дамыту үшін өте маңызды», - деп атап көрсетті Виктор Назаренко. – Біз үшін ең жақсы халықаралық және өңірлік стандарттарды тікелей қолданудың тиімді механизмін құру маңызды. Ол үшін ЕАЭО туралы шартқа сәйкесінше өзгерістер енгізу қажет. Келесі жылы біз осы идеяны іске асыру бойынша ұсыныстарды талқылауға дайындаймыз».

ЕЭК Министрі ХЭК Бас хатшысына ЕАЭО сәйкестікті бағалау тиімділігін арттыру бойынша қабылдаған шаралары туралы хабарлады. Атап айтқанда, Одақ органдары шетелдік өндіруші уәкілеттік берген адамдардың айналымға шығарылатын өніміне жауапкершілік жүктеу мақсатында олардың қызметін реттеу жөнінде шешім дайындады. «ЕАЭО нарығына сәйкестік сертификаттарын негізсіз берудің алдын алу жөнінде нақты шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда, бұл Одақтың нарығына контрафактілік өнімдерді жеткізуге қарсы әрекет жасаудың тиімділігін арттырады», - деп атап өтті Виктор Назаренко.

Өзара қызығушылық тудыратын мәселелер бойынша пікір алмасу барысында еуропалық бизнестің ЕАЭО елдерімен сауданы дамытуға үлкен қызығушылығы байқалды. «ЕЭК келіп түскен сұраныстарға қарай еуропалық бизнес ЕАЭО-мен саудадағы техникалық кедергілерді жоюға мүдделі екенін атап өтуге болады», - деді ЕЭК Министрі, - стандарттау және сәйкестікті бағалау саласы Еуропалық комиссия мен ЕЭК арасындағы ынтымақтастықты дамытудың маңызды бағыт ретінде қарастырылуы мүмкін».

Мысал ретінде Виктор Назаренко электр техникалық өнімге ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыратын стандарттарды халықаралық және еуропалық құжаттарымен сәйкестендіру деңгейіне тоқталды, ол қазір 80% -дан асады. Ал кейбір жерлерде одан да көп, мысалы, электр магниттік үйлесімділік (85%), төмен вольтты жабдық (92%), энергия тиімділігі (93%).

Осыған байланысты, ЕЭК және Одақ елдері ХЭК-пен, ең алдымен стандарттау және сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты тереңдетуге мүдделі. Сондай-ақ, тараптар Германия Федеративтік Республикасы өкілдерінің Электр жабдықтың сәйкестігіне сынақ жүргізу және сертификаттау бойынша халықаралық электр техникасы комиссиясы ЭСХЭК жүйесіне (Электр жабдыққа сынақ жүргізу қорытындыларын растау және сертификаттау бойынша ХЭК жүйесі) қатысушы мемлекеттер арасында сәйкестікті бағалау нәтижелерін оларды заңнамамен реттелетін салада пайдалану мақсатында тану туралы екіжақты және көпжақты келісімдер жасасудың маңыздылығы туралы бастамаларын талқылады.

Кездесудің қорытындылары бойынша ЕАЭО мүше мемлекеттер мен ХЭК арасындағы ЕЭК форматындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.​