Жүйеге кіру
ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министр Нұрлан Алдабергеновтің "Литер-Неделя" газетіне берген сұхбаты: "Қазақстандық кәсіпкерлер КО пайдаларын көріп отыр - Нұрлан Алдабергенов"

ЕЭК Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министр Нұрлан Алдабергеновтің "Литер-Неделя" газетіне берген сұхбаты: "Қазақстандық кәсіпкерлер КО пайдаларын көріп отыр - Нұрлан Алдабергенов"

25.10.2012
Осы жылдың 1 ақпанынан ұлттықтан жоғары орган Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) жұмысын бастады. Бұл Беларусь Республикасы, Қазақстан  және Ресей Федерациясы кірген Кеден одағы және  Біртұтас экономикалық кеңістігінде бірыңғай, үнемі әрекет етуші,  реттеуші орган.
Бұл ұйымда біздің мүдделерімізді Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министр Нұрлан Алдабергенов ұсынады. «ЛИТЕР-Неделямен» әңгімесінде ол істелген және істелуі керек жұмыстар жөнінде айтып берді. 

- Шекараның ашылуына байланысты Кеден одағы елдерінің нарығына азық-түліктердің өзара кіруі басталды деп айтуға бола ма?

- Кедендік тіркеу тәртібі жойылған соң Кеден одағының ішкі шекараларында  Қазақстан, Беларусь Республикасы және Ресей Федерациясы арасында тауарлар қоғалысының жылдамдығы айтарлықтай арта түсті.  Үш елдің кәсіпкерлері өзара тауарларды әкелгенде енді кедендік тіркеуге уақытын кетірмейді, бұл іскерлік белсенділіктің артуына себеп бола алады.  Бұл фактілерге сандар куә болады. 
Үш елдің өзара саудасы осы жылдың алғашқы жарты жылдығында шамамен 34 миллиард АҚШ долларын құрады, өткен жылдың осыған ұқсас кезеңімен салыстырғанда бұл 13,2 пайызға көбірек болады. Бұны Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістік елдерінің нарығына шекараның ашылғандығы және тауарлардың өзара енуінің нәтижесі деп сенімді түрде айтуға болады. Бұдан бөлек, Қазақстанда шикізаттарды үшінші елге транзиттеу көрсеткіштері артып отыр. Біздің ел көмірсутегін көбірек экспорттай бастады,  электроэнергиясы экспортының көлемі ұлғайды. Көліктің барлық түрлерінен халықаралық жүк тасымалдау көлемі 2011 жылы 239 миллион тоннаны құрады,  бұл көрсеткіш 2010 жылмен салыстырғанда 7 пайызға өскен.Қазақстандық кәсіпкерлер Кеден одағының пайдаларын пайдаланып әрі дәстүрлі  Қазақстандық экспорт тауарларының әкелінуін айтарлықтай арттыра білді.  2012 жылы 2011 жылдың алғашқы жарты жылдығымен салыстырғанда бидай экспорты 13 есе өсті, ұнның экспорты 25 есе артты. Макарон бұйымдарының экспорты 70 пайызға және басқа да кейбір азық-түлік тауарлары артты.    ​
 
Сіздің сұрағыңызға алдын ала хабарлай отырып, бірден айтамын, азық-түлік тауарларының қазақстандық нарығына Кеден одағы елдері тауарларының қорқынышты экспансиясы бар деген пікірді кедендік статистика мәліметтері растамайды.  Сандармен дәлелдеп беремін. Мысалы, Кеден одағы елдерінен қара малдың қатырылған еті импорты 8 есе өскен, сөйтіп 3,8 мың тоннаны құрап, 17,4 миллион доллар көлеміне артты.  Бұл өнімнің импортын Қазақстан үшінші елден іске асыратынын  атап өткеніміз жөн. Оның мөлшері Ресей мен Беларусь импорттарынан көп, осы жылдың алғашқы жарты жылдығының өзінде үшінші елден 3,9 мың тонна кіргізілген.  Кеден одағы елдерінен құс етінің импорты таразы көрсеткіштері бойынша 1,5 есе өсті және  16,9 мың тоннаны құрайды. Сонымен қатар үшінші елден 48,4 мың тонна импортталды, бұл жерде негізгі әкелуші АҚШ. Сырлар мен ірімшіктердің импорты 17 пайызға артты, сөйтіп 4,7 мың тоннаны құрайды. Сонымен бірге үшінші елден 5,6 мың тонна әкелінді. Бұл жерде негізгі жеткізіп берушінің рөлінде Украина болды.
Осылайша, Қазақстандық нарықта азық-түлік тауарларының қатары бойынша тек қана КО елдері емес,  оның орнына үшінші ел өкілдері белсенді ықпал етеді,  бұл жергілікті азық-түлік тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру бойынша жүйелі жұмыстардың қажеттілігі туралы куәлік береді. 

 

- Көршілердің нарығына шығып, отандық бизнес қандай қиындықтарға тап болады?

 - Бірінші кезекте бұл негізі жоқ әкімшілік кедергілер, Кеден одағына қатысушы елдердің заңнамаларындағы негізделген айырмашылықтар.  Нәтижесінде бір елдің кәсіпкері басқа елдің кәсіпкерімен тең дәрежеде бәсекелесе алмайды немесе нарыққа мүлдем рұқсат ала алмайды. 
Оның айқын айғағы лицензиялық рұқсат беру жүйелері болып табылады. Мәселен, Біртұтас экономикалық кеңістік аумағында темекі бұйымдарын бөлшектеп жүзеге асыруды тек Беларусь Республикасында ғана лицензиялайды. Осындай айырмашылық Қазақстан мен Ресей заңнамаларында бар. 
Осыған байланысты бизнес-қауымдастық, кәсіпкерлер лицензиялық рұқсат беру жүйесіне талдау жүргізе алады және  Беларусь, Қазақстан мен Ресей заңнамаларында өзара саудадағы кедергілерді айқындайды, ЕЭК-ке және үкіметке негізделмеген әкімшілік  кедергілерді жою жөнінде ұсыныстарын жібереді. 
Негізделмеген әкімшілік кедергілерді жоюдың нәтижесі Біртұтас экономикалық кеңістік тауарлар нарығында нарыққа қатысушылардың санының артуы мен бәсекелестікті дамыту болып табылады.  ​

- Ресей, Беларусь және Қазақстан заңнамаларын үйлестіру қаншалықты қиындықтар тудырады?

- Қазіргі таңда үш елдің заңнамаларында бәсекелестік саясаты саласында айырмашылықтар бар, енді ЕЭК-ның міндеті – олардың үйлесіміне себеп болу.  
Алдыменен Беларусь,  Қазақстан және Ресей заңнамалары Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімде бекітілген бәсекелестіктің принциптері мен ережелеріне сәйкестікке келуі қажет.  
Жүргізілген үйлестірудің негізгі мақсаты тауарлық нарықта бәсекелестіктің бірдей талаптарын қамтамасыз ету болып табылады, соның ішінде КО мүше елдердің тауар нарығына тараптардың шаруашылық жүргізуші субъектілеріне кемсітушілік емес  рұқсаттар, экономиканың тиімді дамуы, инновациялық процестерді ынталандыру және  сапалы, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру. ​

- Еуразиялық экономикалық комиссия алдында  монополияға қарсы реттеу бойынша бірінші кезектегі қандай міндеттер тұр деп есептейсіз?

- ЕЭК алдында тұрған монополияға қарсы реттеу бойынша бірінші кезектегі міндеттер бәсекелестік саясаты саласында Беларусь,  Қазақстан және Ресей заңнамаларын үйлестіру,  ұлттықтан жоғары  деңгейде трансшекаралық нарықтарда және бәсекелестік ережелердегі заң бұзушылыққа ЕЭК батыл шара қолдану үшін қажетті нормативтік құқықтық актілерді қабылдау болып табылады. 
Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістігінде келісім-құқықтық базаны қалыптастыратын бүкіл халықаралық келісім-шарттар арасында тек Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімі ғана заңнамаларға үйлестіру жүргізудің нақты мерзімін – 2013 жылдың 1 шілдесіне дейін орната алатындығын атап өткен жөн.  
Осы мезеттегі ағымдағы міндеттердің бірі келесі жылдың 1 қаңтарына дейін бәсекелестіктің бірдей ережелерін бақылауға қадағалауды жүзеге асыру үшін қажетті комиссияның нормативтік актілерін қабылдау болып табылады. Бұл пакетке мынадай құжаттар енді: Трансшекаралық нарыққа қатысты критерийлер, Бәсекелестіктің жағдайын бағалау әдісі, Монополиялық жоғары (төмен) бағаларды анықтау әдісі,  Айыппұлдарды есептеу және  салудың тәртібін есептеу әдісі, Бәсекелестіктің ережелерін бұзу туралы арыздарды (материалдар) қарастыруды жүргізудің тәртібі, Бәсекелестік ережелерінің бұзылуын қарастыруды жүргізу тәртібі, Бәсекелестік ережесі мен Өзара іс-қимыл тәртібін бұзу туралы істерді, соның ішінде ақпараттық істерді қарастыру тәртібі. 

 
Көрсетілген актілер қазіргі уақытта жетілдірілді және  Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының мемлекет ішілік келісім тәртіптері жүріп жатыр.  
Монополияға қарсы реттеу бойынша Еуразиялық экономикалық комиссиясының тағы бір үлкен міндеті – бұл Бәсекелестік туралы Модельдік заңды, қатысушы елдердің бәсекелестік саясат саласында экономикалық қатынастарда құқықтық реттеулерді жақындастыруға бағытталған ұсынымдық сипаттағы заңнамалық актілерді қабылдау. Беларусь,  Қазақстан және Ресей мемлекет басшыларының Модельдік заңға қол қою мерзімі  2013 жылдың 1 шілдесіне дейін Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері  туралы келісімде бекітілген.  

 
Бәсекелестік туралы Модельдік заңды жасау және қабылдау барысында  тараптардың ең үздік заңнамалары, атап айтсақ, бәсекелестік қатынастарды реттеу саласында танымал көшбасшылар болып табылған АҚШ, Ұлыбритания, Жапония, Оңтүстік Корея және тағы да басқа елдердің бәсекелестік аса жақсы дамыған  шетелдік практикалары мен халықаралық тәжірибелері қолданылатын болады. 
Сондай-ақ, қазіргі таңда ЕЭК келешекте Біртұтас экономикалық кеңістігінің  Бәсекелестік (монополияға қарсы) кодексін қабылдау туралы мәселені жасап жатыр,  бұл кәсіпкерлер үшін де, тараптардың мемлекеттік органдары үшін де бәсекелестік тәртібін түсінікті ережелермен анықтайтын тікелей қолданылатын кодификацияланған актісі болатын еді. 


- Бәсекелестік саласында ЕЭК шешімдеріне шағымданатын механизм жұмыс істемей ме?

  - Жақын болашақта ЕЭК қызметі шеңберінде маңызды мәселелердің бірі Біртұтас экономикалық кеңістігінде дауларды шешу жүйесін қалыптастыру болып табылады.  Бәсекелестіктің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісім ЕЭК-ның бәсекелестік саласындағы шешімдеріне шағымдану тәртібін қарастырады. Олар ЕурАзЭҚ сотының Жарғысы мен Кеден одағы шеңберінде даулар бойынша ЕурАзЭҚ сотына арыздану туралы келісімде алдын ала қарастырылған тәртіппен және сол бойынша сот өндірісі ерекшеліктерімен ЕурАзЭҚ сотында таласа алады.  Сонымен қатар бұндай арызды бір мезетте қатысушы елдердің сот органдары мен ЕурАзЭҚ сотына жіберген жағдайда қатысушы елдер түскен арыздарды қараусыз қалдырады.
ЕурАзЭҚ сотының Жарғысымен дауларды сотқа дейін реттеу тәртібі қарастырылған, атап айтқанда: шаруашылық жүргізуші субъектілердің арызын қарастыруға ЕурАзЭҚ сотымен міндетті қабылдау талаптары  комиссияға алдын ала шағымданғаны болып табылады.
Бір қызығы сол, ЕурАзЭҚ сотының Жарғысы бойынша бұндай талаптар тек қана шаруашылық жүргізуші субъектілері үшін емес, сонымен бірге Кеден одағына мүше мемлекеттері үшін де істің белгіленген категориялары бойынша  бекітілген.
Шаруашылық жүргізуші субъектісінің мына жағдайда, яғни,  егер ЕЭК екі ай ішінде түскен арыз бойынша шара қолданбаса, сотқа арыздануға құқы бар.  
 
 
 

Любовь АРТЫМОВИЧ, Астана

 

​​