Жүйеге кіру
«Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық көмекші құралдар қауіпсіздігінің талаптары» техникалық регламенті стандарттарының тізбесі толықтырылды

«Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық көмекші құралдар қауіпсіздігінің талаптары» техникалық регламенті стандарттарының тізбесі толықтырылды

IMG_3224.jpg
25.08.2020
ЕЭК Алқасы КО «Тағамдық қоспалар, хош иістендіргіштер және технологиялық көмекші құралдар қауіпсіздігінің талаптары» техникалық регламентінің талаптарын қолдану мен орындау  және техникалық реттеу объектілерінің сәйкестігін бағалауды жүзеге асыру үшін қажетті зерттеулердің қағидалары мен әдістерін қамтитын стандарттар тізбесіне өзгерісті бекітті.

Стандарттар тізбесі  «Желімтектегі күкірт қышқылының (SO2 қайта есептегенде) массалық концентрациясын айқындау» МВИ.МН 6028-2018 өлшемдерін қолдану мерзімімен бірге аталған көрсеткішке тиісті мемлекетаралық стандартты кірістіргенге дейін орындаудың аттестатталған әдістемесімен толықтырылды.

Өлшемдерді орындаудың тағы екі  - қазірдің өзінде тізбеде қамтылған «Тиімділігі жоғары сұйықты хроматография әдісімен тамақ өнімдеріндегі сорбин және бензой қышқылдарының концентрациясын айқындау» МВИ.МН 806-98 және «Арнаулы тамақ өнімдеріндегі B-каротинді айқындау» МВИ.МН 3239-2009 әдістемесінің қолдану мерзімдері де түзетілді. Олар стандарттар тізбесіне тиісті мемлекетаралық стандарттар кірістірілгенге дейін қолданылатын болады.