Жүйеге кіру
ЕАЭО-да коронавирустық инфекцияның таралуын алдын ала ескерту және болдырмау үшін әкелінетін тауарларға арналған баждар нөлге түсірілді

ЕАЭО-да коронавирустық инфекцияның таралуын алдын ала ескерту және болдырмау үшін әкелінетін тауарларға арналған баждар нөлге түсірілді

25.03.2020

Комиссия Кеңесінің 16 наурыздағы отырыста кезектен тыс тәртіпте қабылдаған Еуразиялық экономикалық одақтың аумағында коронавирустық инфекцияның таралуын алдын ала ескерту және болдырмау үшін әкелінетін тауарларды кедендік әкелу бажынан босату туралы шешімі жарияланды.

ЕЭК Сауда жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Андрей Слепневтің сөзінше, «шешім бәрінен бұрын жеке қорғану құралдарына, дезинфекциялау құралдарына, диагностикалық реагенттерге, медициналық жабдықтар мен материалдардың жекелеген түрлеріне қолданылады. Коронавирустық инфекцияға қарсы күрес, халықты қорғау және емдеу үшін тауарлар әкелу әкелу бажын төлеуден босатыла отырып, денсаулық сақтау саласындағы ұлттық уәкілетті органдардың олардың нысаналы мақсатын растауы негізінде жүзеге асырылатын болады».

Шешім Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік аумағына 2020 жылғы 16 наурыздан бастап әкелінген кезеңдегі медициналық тауарларға қолданылады және 2020 жылғы 30 қыркүйекке дейін қолданыста болады.​