Жүйеге кіру
Еуразиялық экономикалық одақ өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енді

Еуразиялық экономикалық одақ өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны бойынша әлемдік көшбасшылардың қатарына енді

25.03.2020

Еуразиялық экономикалық одақта 2019 жылы өнеркәсіп өндірісінің өсімі 2,5% құрады. Өнеркәсіп өндірісі ЕАЭО-ның барлық елінде өсті. Еуразиялық экономикалық комиссия Одақ мемлекеттері өнеркәсібінің өткен жылғы жұмысын қорытындылады.

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешені жөніндегі министрі Артак Камалян атап өткендей, өсімнің жоғары қарқыны өңдеуші өнеркәсіп өнімдерін шығаруды арттыру жөнінен Одақтың әлемдік көшбасшылар қатарына шығуына мүмкіндік берді. Атап айтқанда, өткен жылдың IV тоқсанында Одақтың өнеркәсібі өсім қарқыны жағынан әлемдік өңдеуші өнеркәсіптің серпінінен (әлемдегі 0,7% өсімге қарағанда ЕАЭО бойынша өсім 2,6%), сондай-ақ экономикалық жағынан дамыған елдердің ғана емес, сонымен қатар Қытайдан басқа дамушы елдердің де көрсеткіштерін асып түсті.

Өңірлік бөлініс тұрғысынан келгенде, ЕАЭО өңдеуші өнеркәсіптің өсу қарқыны жөнінен тек осы көрсеткіш бойынша әлемдік көшбасшы - Қытайға (5,8% өсім) жол бере отырып, өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны бойынша Еуропаның, Азияның, Солтүстік және Латын Америкасының көптеген елін басып озды.

Өнеркәсіп өндірісі көлемі арттыру қарқыны бойынша ЕАЭО-дағы көшбасшылар - Армения (9% өсім) мен Қырғызстан (6,9% өсім). Қазақстанда өнеркәсіп өндірісі 3,8%, Ресейде – 2,4%, Беларусьте - 1% өсті. Егер Беларусьте, Қазақстан мен Ресейде өнеркәсіп өндірісінің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда біршама баяуласа, бұл ретте керісінше Армения мен Қырғызстанда айтарлықтай жеделдеу байқалып отыр.

Өнеркәсіп өндірісі көлемінің артуы өңдеуші өнеркәсіптің көптеген саласында - 21 саланың 16-сында тіркелді.

Ең жақсы өсім қарқынын фармацевтика (18,3%), дайын металл бұйымдарын өндіру (8,9%), электрондық-оптикалық өнеркәсіп (7,7%), жиһаз өнеркәсібі (6,4%), қағаз және қағаз өнімдерін өндіру (4,5%), ағаш өңдеу (4,4%), құрылыс материалдары өнеркәсібі (4,3%), сондай-ақ тамақ өнеркәсібі (4%) көрсетуде.

2019 жылы ЕАЭО елдерінің кооперациялық ынтымақтастығын дамыту жалғастырылды. Кооперациялық жеткізілімдер көлемі алдыңғы жылға қарағанда 2,5% артты.

Кооперациялық жеткізілімдер өсімінің озық қарқыны құндық өрнегінде өзге де көлік құралдары мен жабдықтар өндірісі (75,7% өсім), тамақ өнімдері, сусындар мен темекі бұйымдары өндірісі (21,1% өсім), автомобиль жасау (19,7% өсім), фармацевтика өнеркәсібі (10,9% өсім), киім өндірісі (9,7% өсім), машиналар мен жабдықтар өндірісі (+6,7% өсім), электрондық-оптикалық өнеркәсіп (4,1% өсім) сияқты салаларда байқалуда.

ЕАЭО мемлекеттері өнеркәсібінің 2019 жылғы қаңтар - желтоқсандағы жай-күйіне шолу Еуразиялық экономикалық комиссияның ресми сайтында мына сілтеме бойынша орналастырылған.