Жүйеге кіру
ЕЭК Қазақстан нарығындағы ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді кемсітетін проблеманы шешті

ЕЭК Қазақстан нарығындағы ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерді кемсітетін проблеманы шешті

IMG01282-2.jpg
25.02.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2020 жылғы 7 мамырға дейін ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерін кемсітетін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуді тапсырды.

Бұдан бұрын Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің 2019 жылғы 5 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» № 95 бұйрығымен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымы енгізілді.

Бұл ретте құжатта тікелей шетелдік және отандық инвестицияларды тарту жөніндегі кешенді іс-шаралар жоспарының тізбесіне енгізілген шетелдік компанияларға бұл алымды төлемеуге мүмкіндік беретін алып қоюлар беркітілді (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 мамырдағы № 570 қаулысымен бекітілген).

Сөйтіп, ЕАЭО өндірушілері осы босаңдықтар түрінде артықшылық алған шетелдік өндірушілермен салыстырғанда бәсекеге қабілетсіз болып шықты.

Бұл Одақ елдері өндірушілерін қаржылық шығындарға алып келді. Мысалы, Ресей компаниялары үстіміздегі жылдың 1 қаңтарынан бастап, Ресей тарапының бағалауы бойынша, 100 млн рубль шығын шеккен.

Осыған байланысты ЕЭК Өнеркәсіптік саясат департаменті барлық тараптармен консультациялар өткізді, оның қорытындысы бойынша Қазақстан ауыл шаруашылығы техникасына кәдеге жарату алымын өндіріп алу кезінде ЕАЭО елдерінің өнеркәсіп кәсіпорындарының мүдделерін ескеруге келісті.​