Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі балықтардың жекелеген түрлерінің суримиіне кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын белгіледі

ЕЭК Кеңесі балықтардың жекелеген түрлерінің суримиіне кедендік әкелу бажының нөлдік ставкасын белгіледі

25.02.2020

Ставка 2023 жылғы 30 сәуірге дейін қолданылатын болады. Ол балықтың минтайдан (Theragrachalcogramma) басқа, Bregmacerotidae, Euclichthyidae, Gadidae, Macrouridae, Melanonidae, Merlucciidae, Moridae және Muraenolepididae тұқымдастары балықтарының суримиіне қатысты.

Бұл тауарларға қатысты нөлдік ставка 2018 жылғы 2 мамырдан бастап 2019 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылды және оң әлеуметтік-экономикалық нәтиже көрсетті.

Беларусь тарапының мәліметтеріне сәйкес, шара республиканың дайын өнімдерін шығару бойынша балық өңдейтін кәсіпорындардың жүктемесін өнім түріне қарай 4% -11% арттыруға мүмкіндік берді.

Бұдан басқа, Одақтың басқа елдеріне экспорт 60-80% деңгейінде болды. Балық суримиін мемлекетке жеткізу тек үшінші елдерден жүзеге асырылады. Оны тұтыну көлеміндегі тауар импортының үлесі 100% құрайды.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.​