Жүйеге кіру
ЕЭК Техникалық реттеу мәселелері бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Валерий Корешков ЭЫДҰ хатшылығының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

ЕЭК Техникалық реттеу мәселелері бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Валерий Корешков ЭЫДҰ хатшылығының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді

25.02.2013

ЕЭК Техникалық реттеу мәселелері бойынша Алқа Мүшесі (Министр) Валерий Корешков Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) хатшылығының өкілдерімен жұмыс барысында ресми емес кездесу өткізді.

Бұл іс-шараға ЕЭК Техникалық реттеу және аккредиттеу Департаментінің, Ресейдің Экономикалық даму министрлігінің және Росаккредиттеу ұйымының өкілдері қатыстырылды.

Кездесу барысында ЭЫДҰ қоршаған орта бойынша Директоратының тиісті зертханалық тәжірибе мәселелері бойынша сарапшы Ричард Сигман қатысып отырғандарға тиісті зертханалық тәжірибенің (GLP) негізгі қағидаттары, GLP сәйкестілігіне жасалатын ұлттық мониторинг, деректерді өзара тану қағидаттары (MAD) және MAD жүйесіне қатысудың артықшылықтары туралы қысқаша әңгімелеп берді.

Кездесуге қатысушылар Ресей Федерациясының ЭЫДҰ-на мүшелікке кірген соң Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістік үшін ықтимал перспективаларды талқылады.