Жүйеге кіру
Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министр Нұрлан Алдабергеновтің Kazakhstan Today АА-не берген сұхбаты

Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министр Нұрлан Алдабергеновтің Kazakhstan Today АА-не берген сұхбаты

25.01.2013
Алқа мүшесі - Еуразиялық экономикалық комиссиясының Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрі Нұрлан Алдабергенов Kazakhstan Today ақпараттық агенттігінің тілшісінің сұрақтарына жауап берді. 

- Еуразиялық экономикалық комиссия – ұлттықтан жоғары орган, ол КО-дағы ішкі сауда қатынастарын жеңілдету мәселелерін шешуі керек. Бүгінгі күні проблемалық нүктелер қандай?

- Ағымдағы жылдың бірінші қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құрылды. Қазір Беларусь, Қазақстан және Ресей арасында кедендік шекара жоқ, тауарлардың еркін айналымы жүріп жатыр.  Үш мемлекеттегі бәсекелестік туралы қазіргі уақытта да бар бүкіл заңдар бұрын БЭК құрылғанға дейін қандай болды, сол қалпында қалды. Енді Еуразиялық экономикалық комиссия мен БЭК алдында БЭК тауарлар нарығын қалыптастыруды қамтамасыз ету және кәсіпкерлерге оңтайлы болу үшін бәсекелестік туралы заңнамаларды жақындату жөнінде бірінші дәрежелі міндет тұр.  

Үйлестірудің бірінші кезеңі бәсекелестік туралы заңдарды жақындатуды қарастырады. Комиссия қазір бұл бағытта үш парламентпен, үш үкіметпен жұмыс жүргізіп жатыр.  

Беларусь үкіметі «Монополиялық қызметтердің қарсы әрекеттері және бәсекелестікті дамыту туралы» заңға түзетулер енгізу жөнінде елдің парламентіне заң жобасын енгізді. 

Ресей Федерациясында «Бәсекелестікті қорғау туралы» заңды өзгерту жөнінде заң жобасы федеральдық деңгейде қарастырылуда жатыр.  

Қазақстанда «Бәсекелестік туралы» заңға өзгертуді мәжіліс қолдады және парламент сенатының қарауында жатыр. Комиссия заңнамалық өзгертулер бойынша өздерінің ескертулері мен ұсыныстарын жасаушыларға айтып жеткізді.

Біз осы заң жобасы бойынша Қазақстанның парламент депутаттарымен өткен «дөңгелек үстелге» қатыстық.   Қазір заң жобасы депутаттар жұмысындағы мәре кезеңінде жатыр.  

Бәсекелестік туралы заңдар қарастырылуда жатқандықтан бұл депуттардың құқы, өзгерістер мен толықтырулар енгізуде үкіметтердің құқы бар. Сонымен қатар Бәсекелестіктің бірдей принциптері мен ережелері туралы ратификацияланған келісімнің нормаларына ұлттық заңнамалардың қайшылықтары болмауы керек. 

Үйлестірудің екінші кезеңі – бұл Бәсекелестік туралы Модельдік заң қабылдау. Бәсекелестік туралы Модельдік заң – бұл үш елдің бәсекелестік саясаты саласындағы экономикалық қатынастарды құқықтық реттеуге жақындатуға бағытталған заң шығару актісі.  Модельдік заңға үш мемлекеттің басшылары қол қояды. Оны қабылдау мерзімі – 2013 жылдың шілдесіне дейін.            

Бұл бағыттағы комиссияның алдында тұрған ең бірінші міндеттердің бірі - Бәсекелестік туралы Модельдік заңды жасауда және қабылдау кезінде БЭК мемлекеттері мен кәсіпкерлері үш елдің кәсіпкерлерінің мүдделерін ескеру керек. Осы мақсатта үш мемлекеттің аумағында Модельдік заңды кең ауқымда талқылау жоспарланып отыр. Қазір мемлекеттік билік органдарының өкілдерімен, ғалымдармен және мемлекеттердің кәсіпкерлік қауымдастықтарымен дайындық жұмыстары жүріп жатыр. ​

Модельдік заңды қабылдаған соң, болашақта, үш-төрт жыл ішінде Беларусь, Қазақстан және Ресей Бәсекелестік туралы Модельдік заңның негізінде оларды әрі қарай жақындастыру үшін бәсекелестік туралы заңдарға өзгерістер енгізеді.    

- Бүгінгі күні проблемалық нүктелер бірыңғай заңнамалардың жоқтығынан болып отыр деп айтуға бола ма?

- Заңнамалардың әртүрлілігі – мүмкін проблема емес шығар, бұл бизнесті жүргізуге ыңғайсыздық туғызады. Егер бизнесті Қазақстан аумағында жүргізсең бір жөн, егер Ресей немесе Беларусияға келсең өте көп айырмашылығы бар басқа заңнамаларға тап боласың. Сондықтан міндеттердің бірі – заңнамаларды жақындастыру. 

Халықаралық келісім-шарттарға сәйкес Беларусь, Қазақстан және Ресейдің Біртұтас экономикалық кеңістік  құрылды, шекаралар ашылды, бірақта үш елдің ішкі заңдары өзгертілмеді, кедергілер қалып қойды. Сонымен бірге, егер бір елге тауарлар кедергісіз кіргізілсе, ал басқасына дәл сондай тауар жіберілмейтін жағдайлар мүмкін болып отыр. 

Осыған орай келесі міндет – бұл Беларусь, Қазақстан және Ресейдің нарықтарына кіргізу бойынша әкімшілік кедергілерді орынына келтіру.


ЕЭК Алқасы кедергілерді реттеу бойынша жұмыс жүргізеді, бұл жұмыс негізінен комиссия кеңесі арқылы бірігіп жүргізіледі.  

ЕЭК Алқасында 9 министр, әрқайсысы – өз бағыттары бойынша жұмыс істейді. Алқа бүкіл үш нарықты бірдей қорғайды, Еуразиялық экономикалық комиссия туралы келісімшартқа сәйкес алқа мүшелері (министрлер) мемлекеттік органдарға және үш елдің лауазымды тұлғаларына тәуелді болмауы керек.

Өз кезегінде комиссия кеңесі үш вице-премьер құрамында әрбір елдің мүдделерін қорғайды. Қазақстандық вице-премьер Қазақстанның мүддесін қорғайды, Ресейліктер – РФ мүддесін қорғайды, беларустықтар – Беларустың мүддесін қорғайды. Алқа мен комиссия кеңесінің арасында осындай айырмашылық бар. 

Сондықтан комиссия кеңесінің ұсыныстар енгізуге және қазіргі барлық әкімшілік кедергілерді атап айтуға, үш елдің үкіметіне және комиссия алқасына мұндай кедергілерді түзетуге тапсырма беруге мүмкіндігі бар. Қазіргі уақытта үш елдің жауапты мемлекеттік органдары ЕЭК кеңесіне қазіргі кедергілердің тізімін (мына бағыттар бойынша: қаржылық қызмет, банктік сала, техникалық регламенттер, сауда қызметі, салық саласы, табиғи монополия саласындағы және т.б. монополияға қарсы реттеу салалары) сәйкес тапсырмаларды комиссия алқасы мен үш елдің үкіметіне беру үшін  дайындауы және жіберуі керек. Үш елдің заңнамаларын жақындастыру – негізделмеген әкімшілік кедергілерді реттеудің және БЭК тауарлар нарығында бәсекелестіктің теңескен талаптарын қамтамасыз етудің ерекше тиімді тәсілдері.  

- Сіз келіссөздер процесіне, заңнамаларды жасауға қатынасасыз. Сіз жиі парламентте боласыз және сол кезде келіссөздер процесінде Қазақстанның мүддесін ескерілмейді деген депутаттардың сынын аз естіген жоқсыз. Біздің мүдделеріміз қаншалықты ескеріліп жатыр?

- Қазақстанда барлық заңдарды парламент қабылдайды. Бүкіл өзгерістер мен толықтыруларды да осы парламентте қарастырады. Сондықтан біз депутаттармен орасан зор жұмыстар атқарамыз. ЕЭК бәсекелестік саласындағы үш елдің заңнамаларын үйлестіру шеңберінде жетілдірген заң жобалары бойынша өз ұсыныстарын енгізеді. 

Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» Заңына өзгерістер енгізу туралы Парламент Мәжілісі мақұлдаған заң жобасы, әрине, Қазақстанның мүдделерін ескереді.   

Сонымен қатар Бәсекелестік туралы Модельдік заң жобасы біздің үш елдің кәсіпкерлерімен, ғылыми салаларымен 2013 жылдың басында талқылауды бастауды жоспарлап отыр, әрине, бұнда әрбір елдің мүддесі ескеріледі. Менің ойымша, комиссияның талқылауы кезінде біздің бизнесмендердің белсенді қолдаулары қажет болады, себебі негізінен қазіргі келеңсіз кедергілермен солар кезігіп отырады, өздерінің мүдделі салаларында проблемалық мәселелерді олар жақсы біледі және комиссияға қайсы заңның нормалары сәйкес келетініне кеңес бере алады. 


Бәсекелестік туралы Модельдік заңды талқылау жөнінде БЭК аумағында бірнеше кездесулер, дөңгелек үстелдер, халықаралық ғылыми конференциялар қарастырылып отыр. Қазір парламент депутаттарымен белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр, барлық негізгі даулы мәселелер шекаралық аумақтарда туындағандықтан шекаралық аумақтарға көшпелі кездесулер өткізу жоспарланып отыр. Сондықтан бәсекелестік саясаты саласында даулы мәселелер болмауы үшін Модельдік заңды түбегейлі жетілдіріп жасау талап етіледі. 

Көрсетілген заңнамалық актіге Беларусь, Қазақстан және Ресей мемлекет басшылары қол қоятындықтан ол үш елдің бәсекелестік туралы ұлттық заңнамаларын әрі қарай әбден жетілдіру және жақындастыру үшін бағдар ретінде қызмет атқарады. 


- КО елдерінің монополияға қарсы заңнамаларын үйлестіруді қалайша жоспарлап отыр?  Мүмкіндігінше ырықты ма, әлде, қатаң бағытта ма? 

- Білесіз бе, бұл жақсы әрі дау-дамайы көп мәселе. Әрине, қатаң нормалар да бар – ол бәсекелестікке қарсы келісімдерге, жосықсыз бәсекелестік, үстем жағдайды теріс пайдаланғандық үшін айыппұл  ықпал шаралары. Беларусь, Қазақстан және Ресей заңнамаларында  бірқатар нормалар қарастырылған, бұнда монополияға қарсы заңнамаларды бұзғаны үшін бұзушы кәсіпорынның табысы сомасынан 10-15% көлемде жаза қарастырған.  Сондай-ақ, әлемдік тәжірибеде кеңінен қолданылатын заңның нормалары бар – алдын ала ескертушілік, алдын ала сақтанушылық. Біз бұл алдын алу нормаларын Модельдік заң жобасында алдын ала қарастырамыз және біздің ұлттық органдарға заңнамаларда алдын ала сақтану,  алдын ала ескерту сияқты нормаларды қарастыруды және монополияға қарсы заңнамаларды бұзғаны үшін жаза бергенде олардың алдын алу және ескертулеріне назар аударуды өтінеміз.

Көбінесе бизнес монополияға қарсы заңнамаларды бұзғаны үшін ықпал шараның көлемін қамтуды, соның ішінде монополияға қарсы органдар үшін ақпарат бермеген жағдайды көрсетеді, монополияға қарсы заңнамалар бойынша жұмыстарды кеңінен түсіндіру және профилактикалық шаралардың қажеттілігін атап көрсетеді. Біз Модельдік заңда іске асыруға болады деген нормаларды қарастырамыз. 

Сонымен қатар, мәселен, дисквалификация сияқты бұдан да қатаң шараларды қарастыруға болады. Қазір РФ-да бұндай норма бар, бұл егер монополиялық кәсіпорын монополияға қарсы заңнамаларды бұзатын, оның үстіне тұтынушылардың қызығушылықтарын кемсітетін болған жағдайларда қолданылады. Егер кәсіпорын бұны жүйелі түрде жасаса, мынадай норма бар – лауазымды тұлғаны үш жыл мерзімге шеттету.

Бұл бәсекелестікті жасау және қолдау қаншалықты маңызды екенін барлығы түсіну үшін айтарлықтай қатаң шара. Біздің негізгі міндеттеріміз – бұл бәсекелестікті дамыту. Әрине, біз әрқашан бәсекелестікті дамытып, қолдап отыруымыз қажет, себебі тек дамыған бәсекелестіктің арқасында ғана алға жылжу мен кемел келешектер болады. 

Біз мемлекеттік бағаны реттеу саласында да жаңалықтарды қарастырамыз. Бағалар Қазақстанда реттеуші органдар (ТМРА) арқылы, Ресейде – тарифтер бойынша Федералдық қызмет арқылы,  Беларуста - Экономика министрлігі арқылы тұрақтанады, біздің ойымызша, бағаны тұрақтандыру үшін бақылауды монополияға қарсы орган атқаруы керек. Егер тарифтер бойынша Федералдық қызмет тарифтерді орнықтырса, онда тарифтердің тұрақтануы туралы бақылауды Монополияға қарсы Федералдық қызмет атқаруы керек. Табиғи монополия қызметіне баға мен еркіндік жалпы барлық тауарлық нарықтардың бәсекелестіктерінің негізгі талаптары болып табылады. Міне осы бөлшектерге тарифтер қаншалықты негізделген, соның ішінде бәсекелестікті дамыту жағынан қаншалықты дұрыс орнықтырылған екендігін тексеріп отыратын орган қажет. Біздің ойымызша, сондай орган монополияға қарсы ведомство болуы керек. Модельдік заңда көрсетілген жаңалықтар өз көрінісін табады деп жорамалданып отыр. 

- Тауарлардың еркін қозғалысы кезінде мемлекеттік сатып алулар мәселелері қалай шешілетін болады?

- Қазір комиссия мен БЭК-ке мүше мемлекеттер алдында Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімге сәйкес мынадай міндет қойылады – Қазақстан, Беларусь және Ресейдің әрбір кәсіпкеріне, ол басқа елдердің мемлекеттік сатып алуларына қатыса алатындай мүмкіндік қамтамасыз етіледі. Мысалы, Астанада тұрып, кәсіпкер Минскіде, Мәскеуде немесе Санкт-Петербургте өткізілетін конкурстарға қатыса алатындай мүмкіндік жасалуы керек. Бұл біз қол жеткізуге тырыс отырған ең негізгі мақсат. 

Беларусь пен Ресей 2013 жылдың 1 қаңтарынан ғана осы тізбек бойынша жұмыс істей бастайды, яғни, электрондық форматта сатып алулар үшін ұлттық режимдерді толықтай енгізеді, сонда Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімдерінде қарастырылған сияқты Ресей мен   Беларусь арасында ұлттық режимді толықтай енгізу 2012 жылдың 1 қаңтарынан болады.   

Бір жыл бойы келіссөздер жүргізілді, ЕЭК Беларусь пен Ресейден келген біздің әріптестерімізге әдістемелік көмектер көрсетті, біріккен іс-қимылдардың жоспары құрылды. Бұл бағыт жаңа болғандықтан, Ресей мен Беларустың екі жауапты органдары халықаралық келісімдер нормаларынан мерзімі жағынан қалып қойды, бірақта Комиссияның көмегімен бұл жұмысты аяқтауға мүмкіндік туды.  

Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар туралы келісімі бойынша ұлттық режим 2014 жылдың  1 қаңтарынан бастап БЭК елдерінің барлығына, соның ішінде Қазақстанға да  енгізілетін болады.   Қазір Қазақстан бұл мәселеде бақылаушы ретінде болып отыр. Бұл 2014 жылдың 1 қаңтарынан әрбір кәсіпкер Қиыр Шығыста болса да, Минскте, Брестте, Астанада өтіп жатқан сатып алулар бойынша конкурстарға қатысуға толық құқыққа ие болады. Мемлекеттік сатып алулар нарығында әлеуетті жабдықтаушылар көбеюі нарықта бәсекелестіктің әрі қарай дамуына және өткізіліп жатқан сатып алулардың тиімділігін арттыруға себепші болулары керек. 

- Трансшекаралық нарықтардағы шындықтар мен болашақтар туралы айтып беріңізші. Бәсекелестіктің дамуы мен нарықтың айқара ашылуынан бизнес пен тұтынушылар үшін қандай пайда бар?

- Егер қай мемлекеттің болмасын тарихын қарасақ, басым міндеттердің бірі болған және болып келе жатқан да нарықты кеңейту болып табылады. Тұрмыс нарығы тауар айналымын көбейтуге және экономикалық ынтымақтастықты бекітуге мүмкіндіктер береді.  

Бұл мәселеде бәсекелестікті дамыту және шекараларды ашу өте пайдалы. Қазақстанда шамамен 17 миллион халық бар, егер қазақстандық кәсіпкерлерге Ресейдің (140 миллион адам) және  Беларустың (9 миллион адам) нарығы ашылатын болса, онда үлкен аумақтағы шамамен 150 миллион халықтың нарығына жол ашылады. 

Бұл мәселеде біз кәсіпкерлерге жәрдемдесіп, Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекет басшылары БЭК құрып, осы нарықты ашып біз үшін не істегенін түсіндіруіміз керек.  Бірақта бұл нарықты тек қазақстандық кәсіпкерлер үшін ғана ашылды деп, ештеңе істемей отыра бермеу керек. Бәсекелесу керек, бәсекеге қабілетті болу керек, алдымызда әлі 150 елден астам бәсекелестер күтіп тұрған ДСҰ тұрғанын түсінуіміз керек. 

Қазір Қазақстанның бизнесі үшін екі мемлекеттің нарығы ашылып отыр. Ашылғаны әрине, өте жақсы, дегенмен, бір жағынан кәсіпкерлер: нарыққа қарай бару, ашылған тауар нарығын жаулап алу керектігін түсінулері керек. Ал нарықты қалай жаулап алуға болады? Тек инновациялық саясат жүргізу,  индустриаландыру, өндірістің ең үздік жетекші әдістері мен технологияларын енгізу жолдары арқылы ғана жаулап алуға болады. Бұл нарықтың заңдары. 

Сондықтан кәсіпкерлер бәсекеге қабілетті болулары керек, БЭК-ке орасан зор жоспарларымен барулары керек. Ал егер жәй отырып күтсе, онда басқа елдің кәсіпкерлері жалпы нарықты жаулап алады. Кәсіпкерлер түсінулері керек - бұл экономикалық күрес, бұл экономикалық жарыс, бұл нарық.


Әзірше бұл бірінші кезең ғана, ал екінші кезең - ДСҰ, ал онда кәсіпкерлер мен мемлекеттердің алдында бұдан да салмақты міндеттер тұр. 

- Монополияға қарсы заңнамаларды бұзудың негізгі типтері қандай? КО шеңберінде картель жайлы жағдай қалай болады?​

- Әрине, қазір шекаралар ашық болғандықтан, БЭК шеңберінде осы немесе басқа мемлекеттердің монополияға қарсы заңнамалары тек солардың аумағына ғана таратылатын болады деп айтуға болады. Сондықтан трансшекаралық нарықтарда болып жатқан процестерді ЕЭК бақылап отыруы керек.  

Бәсекелестіктің біртұтас принциптері мен тәртіптері туралы келісімге сәйкес бүгінгі күні БЭК аумағында шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  бәсекелестігіне шектеу қоятын (бәсекелестікке қарсы келісім) келісімдерге, үстем жағдайды теріс пайдалану және жосықсыз бәсекелестікке тыйым салынады. Бәсекелестіктің ережелерін бұзудың зардаптарынан бәсекелестікті шектеу, тоқтату, негізделмеген артықшылықтар алу және т.б. болуы мүмкін. Нарыққа қатысушылар санының қысқаруы, негізсіз өсім және тауар бағасының төмендеуі, жеке шаруашылық субъектілерінің бәсекелестіктен бас тартуы, тауар тапшылығын тудыру және басқа жағдайлар бәсекелестік тәртібінің бұзылғаны туралы куә болуы мүмкін. 

Бәсекелестік тәртібінің бұзылуы, ірі картельдік келісімдер, нарыққа қатысушылар егер бірігіп бағаны көтерсе немесе түсірсе, белгілі тауарларға тапшылық тудырса, бүкіл экономикада өте қауіпті зардаптар болуы мүмкін.   Сондықтан трансшекаралық нарықта бәсекелестік тәртібінің бұзылуын бақылауды ЕЭК басқарады. ЕЭК жоғарыда көрсетілген заң бұзушылықтардың қиылысуы бойынша өкілеттіліктерді үлестіру  үшін бірқатар нормативті құқықтық актілер қабылдады: нарықты трансшекаралыққа жатқызу критерийлері; монополиялық жоғары (төмен) бағаларды анықтау әдісі; есептеу әдісі және айыппұлдарды салу тәртібі; бәсекелестік ережесін бұзу туралы өтініштерді (материалдарды) қарастыру тәртібі; бәсекелестік ережесін бұзғандарға тексеріс жүргізу тәртібі; бәсекелестік ережесін бұзу туралы істі қарастыру тәртібі; ЕЭК және Тараптардың өкілетті органдарының өзара әрекеттестік, соның ішінде ақпараттық өзара әрекеттестік тәртібі. 2013 жылдың қаңтарында комиссия кеңесінің отырысында бәсекелестік жағдайын бағалау әдістемесін бекіту жоспарланып отыр.  

- Атап айтқанда, жанар-жағармай нарығында бағаны белгілеу қалай реттеледі?

- Жанар-жағармай – бұл тамақ өнімдері сияқты қиын мәселе. Әрине, жанар-жағармайдың бағалары реттелетін - бензин А80, А92, дизель отыны түрлерінен басқасы жанар-жағармайдың бағасы  бәсекелестік талаптары бойынша қойылады. 

Бұның барлығы сұранымның төмен икемділігімен мына әлеуметтік маңызды тауарға бағаны белгілеу бөлшегінде күшті теріс пайдаланушылықтар болмауы үшін жасалғаны түсінікті. Сондықтан, менің ойымша, бұл  заңның нормасы жанар-жағармай нарығында бәсекелестікті дамитын уақытқа дейін қалатын болады. 

Нарық өзі объективті, әділетті бағаны орнықтыра алмаған кезде мемлекеттік бағаны реттеу  енгізіледі - бұл санкцияны қолданудың жасырын формасы,  хаттап алудың тәсілі, бағаны тоқтату. Бұл уақытша әрекет, ал келешекте, әрине, бәсекелестікті дамыту шарасы бойынша мемлекеттік реттеу кетуі керек. 

Біздің негізгі міндеттеріміз, біздің монополияға қарсы және басқа да мемлекеттік органдардың міндеті қай жерде қандай мүмкіндік бар, сол бойынша барлық нарықтарда бәсекелестікті дамыту. Бүгінгі күні, БЭК жұмыстарының басталған жағдайында мұнай өнімдерінің әлеуметтік түрлерінің бағасын тұрақтандыру үшін уақытша шара сияқты мұнай өнімдерінің әлеуметтік түрлеріне мемлекеттік бағаны реттеу қолданылады. Бірақта біз егер мемлекеттік бағаны реттеу бәсекелестікті дамыту және бағаны реттеуге тежеуіш фактор болғанын көрсек, онда, сөзсіз, мемлекеттік бағаны реттеуден бас тарту мәселесін көтеретін боламыз. ​

- Сізге үлкен рахмет.

​​​​