Жүйеге кіру
ЕЭК Кеңесі органикалық өнімнің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі жол картасын мақұлдады

ЕЭК Кеңесі органикалық өнімнің бірыңғай нарығын қалыптастыру жөніндегі жол картасын мақұлдады

24.11.2020

Еуразиялық  экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық  экономикалық одақ шеңберінде органикалық ауыл шаруашылығы өнімінің ортақ нарығын қалыптастыру жөніндегі жол картасының жобасын  мақұлдады.

Жол картасының іс-шаралары ЕАЭО елдері заңнамасының органикалық ауыл шаруашылығы өндірісіне және органикалық өнімнің өндірісіне, сертификатталуы мен таңбалануына қоятын талаптарын үндестіру, соның ішінде экспорттық мүддесі анағұрлым нарықтардағы әлеуетті импорттаушы елдердің талаптарын ескеру  арқылы  өзара саудадағы кедергілерді жоюға бағытталған.

 

ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян:«Біздің жаһандық мақсатымыз - заңнаманы Одақ ішінде сертификат алған органикалық өнімді өндірушінің оны  ЕАЭО-ның кез келген елінің аумағында, сол сияқты үшінші елдердің нарықтарында  да ойдағыдай іске асыра алатындай болуы үшін үндестіруге саяды»,- деп атап өтті.

 

Жол картасы Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысында бекітуге ұсынылатын болады.

 

Анықтама

Органикалық ауыл шаруашылығы жергілікті табиғи-климаттық жағдайларды, биоәралуандықты, табиғи заттар мен жаратылыс үдерістерін пайдалана отырып алынған органикалық өнімді саны артып келе жатқан тұтынушылардың талаптарына сәйкес келетін жоғары өндірістік стандарттарды қолдану есебінен табиғи ресурстарды пайдаланудың  ең таңдаулы практикасымен ұштасқан шаруашылық жүргізу нысаны.​