Жүйеге кіру
Михаил Мясникович: «Бұл жұмысқа ғылыми қоғамдастықты белсенді түрде тартпаса, ЕАЭО-ның агроөнеркәсіптік кешенінің перспективалық дамуы мүмкін емес»

Михаил Мясникович: «Бұл жұмысқа ғылыми қоғамдастықты белсенді түрде тартпаса, ЕАЭО-ның агроөнеркәсіптік кешенінің перспективалық дамуы мүмкін емес»

1-Тимирязевка.JPG
24.03.2021

24 наурызда Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Ресей мемлекеттік аграрлық университетінде — К.А. Тимирязев атындағы МАША-да болды. Сапар барысында Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде ауыл шаруашылығы саласындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне арналған жұмыс кездесуі болып өтті, оған Комиссия Алқасы Төрағасынан басқа, ЕЭК Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян, Ресей Федерациясы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Максим Увайдов, РМАУ — К.А. Тимирязев атындағы МАША ректоры Владимир Трухачев қатысты.

«Бұл жұмысқа ғылыми қоғамдастықты белсенді түрде тартпаса, ЕАЭО-ның агроөнеркәсіптік кешенінің перспективалық дамуы мүмкін емес. Біз Комиссияда қабылданатын шешімдер мен құжаттардың ғылыми негізді болуына ұмтылуға тиіспіз, ал ғалымдар өз ізденістерінде Комиссия мен Одақ елдері тұжырымдаған басымдықтарды бағдар етуге тиіс», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

ЕЭК Алқасының басшысы ЕАЭО-ның аграрлық ЖОО қауымдастығын құру туралы ойлануды ұсынды, бұл бейіндік ұсынымдар дайындауды жүзеге асыруға, ғылыми және академиялық топтардың Одақ елдеріндегі ауыл шаруашылығы кәсіпорындарымен, тұтынушылармен, сондай-ақ Комиссиямен бұдан да тығыз үйлестірілуіне ықпал ете алар еді. Михаил Мясникович РМАУ — К.А. Тимирязев атындағы МАША-ның ерекше мәртебесін және көп жылғы тарихын ескере отырып, ЖОО-ның бұл процестегі айрықша рөлін атап өтті. ЕЭК пен университет өз кезегінде орташа мерзімді перспективаға арналған нақты өзара іс-қимыл жоспарын пысықтайды.

 

ЕЭК Алқасы Төрағасының пікірінше, ЕАЭО-дағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне айрықша назар аударылғаны жөн. Бүгінде Еуразиялық экономикалық одақ өзін өзі тамақ өнімдерімен тұтастай толық қамтамасыз етеді.

 

Алайда, ЕЭК Алқасы басшысының пікірінше, сандық көрсеткіштерді жақсарту мақсатында ғана емес, сонымен бірге мал шаруашылығы саласындағы тиімділікті және ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін арттыруға назар аудара отырып, жұмысты одан әрі жалғастыру қажет. ЕАЭО елдері АӨК бірін бірі толықтырушылығына айқындап көңіл аударған да орынды болмақ.

 

«Алдымызда көптеген мәселе тұр, оларды шешу интеграция ісіне қызмет ететін болады. Біз ұлттық пәтерлерге бөлініп-тарап кетпеуге тиіспіз. Егер біз ғылыми әлеуетті пайдаланатын болсақ, қабылдап жатқан құқықтық актілеріміз Еуразиялық интеграцияның тереңдеуіне ықпал ететін болады», — деп атап көрсетті Михаил Мясникович.

ЕЭК Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі министрі Артак Камалянның пікірінше, бүгінде ЕАЭО-да академиялық жұмылғыштықты және Одақ мемлекеттерінің ЖОО ынтымақтастығын дамытудың ортақ тәсілдемелерін қалыптастырған маңызды. «Ынтымақтастықтың бұл бағытының өзектілігі адами капитал мен технологиялық даму орнықты экономикалық өсудің және өркендеудің түйінді факторы болып табылатындығымен айқындалады. Қолжетімділік және білім берудің жоғары сапасы экономиканың өсуіне ғана емес, сонымен бірге прогресті қоғамның дамуына да әсерін тигізбей қоймайды», — деп атап өтті ЕЭК министрі.

Жаңа бастамашылық жасалған жоба ЕАЭО елдерінің студенттеріне неғұрлым күшті маманданған көшбасшы ЖОО-ларда білім алуға мүмкіндік береді деп бағамдалуда. «Осымен бір мезгілде бұл өзара іс-қимыл Одақтың өзін танымал етуге ықпалын тигізеді. Бұдан басқа, біз кәсіби мәселелерді тиімді шешіп қана қоймай, мәдениетаралық коммуникацияларды да нығайта аламыз. Бұл идеяны елдер қолдайды деп үміттенеміз», — деп мәлімдеді Артак Камалян.

 

РМАУ — К.А. Тимирязев атындағы МАША ректоры, РҒА академигі, профессор Владимир Трухачев университет базасында әлемдік деңгейдегі «Болашақтың агротехнологиялары» ғылыми орталығын, көкөніс дақылдары саласындағы селекциялық орталық құру туралы, сондай-ақ Тимирязев академиясының инжиниринг орталығының жұмысы жайында айтып берді.

 

Владимир Трухачев қонақтарды ЖОО-ның инфрақұрылымымен және Тимирязев академиясын дамытудың ұзақ мерзімді жоспарларымен таныстырды. Еуразиялық экономикалық комиссиямен өзара іс-қимыл, ректордың сөзінше, академияның және ресейлік аграрлық ЖОО-лардың ЕАЭО мемлекеттерінің ғылыми-білім беру ұйымдарымен ынтымақтастығын дамытуға ықпал ететін болады.

 

Кездесуге қатысушылар Көкөніс дақылдарының генетикасы, селекциясы және биотехнологиясы зертханасында, В.Р. Вильямс атындағы Топырақ-агрономия музейінде болды. ЕЭК Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович музейде ЕАЭО елдері топырақтары үлгілерінің стендін жасауды ұсынды. Ол музейдің құрметті қонақтар кітабына естелік жазба да қалдырды. 

 

Анықтама

 

 

Қазір ЕЭК ЕАЭО елдеріндегі агроөнеркәсіп кешен саласындағы, соның ішінде импорт алмастыру мақсатындағы ірі инвестициялық және инновациялық жобалар туралы ақпаратты кірістіретін Одақ агроиндустриясын дамыту картасын әзірлеуде.

ЕЭК-тің АӨК саласындағы жұмысының түйінді бағыттарының бірі — асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту және елдердің агроөнеркәсіптік кешендерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін асыл тұқымды өнімнің өзара саудасындағы шектеулерді азайту, импортқа тәуелділік деңгейін азайту. Бұл жұмыс Стратегиялар-2025-те көзделген.

 

ЕЭК Одақ мемлекеттерімен бірлесіп ауыл шаруашылығы өсімдіктері тұқымының бірыңғай нарығын қалыптастыру жұмысын жүргізуде.

 

Одақ елдерінің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберіндегі маңызы кем емес бағыттың бірі — шикізат пен азық-түлік өнімін өндіруді және өңдеуді техникалық реттеуге қойылатын бірыңғай талаптарды қалыптастыру болып табылады.

 

Атап айтқанда, тұтастай тамақ өнімінің қауіпсіздігіне және оның жекелеген түрлері — балық пен балық өніміне, ет пен ет өніміне, сүт пен сүт өніміне, май-тоңмай өніміне қойылатын бірыңғай талаптар белгіленді. ЕАЭО техникалық регламенттерімен ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы техникасының өндірісі реттеледі, минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар және басқа көптеген нәрсе белгіленген. Бұл құжаттармен жұмыс істеуге «бестіктің» барлық елінің ғалымдары тартылады.

 

ЕАЭО агроөнеркәсіптік кешені экономикасының перспективалық драйвері — органикалық ауыл шаруашылығы болып отыр. ЕАЭО мемлекеттерінің стратегиялық артықшылығы — әлемде экологиялық таза, сапалы тамақ өнімдеріне деген сұраныстың өсіп отыруы аясында табиғи және адами ресурстармен қамтамасыз етілуі болып табылады.

 

Халықаралық ұйымдардың деректеріне сай, 2020 жылға қарай органикалық өнімнің халықаралық айналымы 130 млрд долл. жақындады. Осыны ескере келе, бүгінде Одақ елдерінде органикалық өндірістің нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру жөнінде белсенді жұмыс жүргізілуде.

 

2020-2021 жылдарға арналған ауыл шаруашылығы өнімі мен азық-түліктің негізгі түрлері нарығын талдауға сай, орташа жылдық баршылық астық бойынша 56,2 млн тонна (өзін өзі қамтамасыз ету коэффициенті — 152,2%), барлық түріндегі ет бойынша — 62,7 мың тонна (100,4%), қант бойынша — 8,7 мың тонна (100,1%); өсімдік майлары бойынша — 3,4 млн тонна (173,8%); жұмыртқа бойынша — 3,7 млн дана (100,8%) құрайды.

 

Ресей мемлекеттік аграрлық университеті — К.А. Тимирязев атындағы МАША — Ресейдегі аса белгілі ЖОО-ның бірі, оның тарихы 155 жылдан асады (1865 жылы негізі қаланған).Университет аграрлық ғылымның барлық спектрі бойынша құзыреттің ресурстық және зияткерлік орталығы болып табылады, Ресейде әрі ТМД елдерінде агроөнеркәсіптік кешен және аграрлық білім саласында кадрлар даярлау, біліктілігін арттыру мен қайта даярлау жөніндегі базалық ұйым мәртебесіне ие.