Жүйеге кіру
ЕЭК Министрі Виктор Назаренко: «Электр техникасы өнімі саласындағы ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыратын стандарттардың халықаралық құжаттармен үйлесу деңгейі 80%-дан асады»

ЕЭК Министрі Виктор Назаренко: «Электр техникасы өнімі саласындағы ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыратын стандарттардың халықаралық құжаттармен үйлесу деңгейі 80%-дан асады»

IMG-20191024-WA0004.jpg
24.10.2019

«Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық реттеу жүйесі алдыңғы қатарлы халықаралық тәжірибе негізінде құрылды және саудадағы техникалық кедергілер туралы ДСҰ келісімінің қағидаттарына сәйкес келеді. Электр техникасы өніміне ЕАЭО техникалық регламенттерінің талаптарын іске асыратын стандарттардың халықаралық құжаттармен үйлесу деңгейі 80%-дан асады», - бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (Министр) Виктор Назаренко Шанхай қаласында (Қытай) өткен Халықаралық электр техникасы комиссияның Бас ассамблеясының 83-ші отырысы аясында Халықаралық электр техникасы комиссиясының сәйкестігін бағалау жүйесі жөніндегі кеңестің отырысында мәлімдеді.

 

ЕЭК Министрі Халықаралық электр техникасы комиссияның сәйкестікті бағалау жүйелері жөніндегі кеңес мүшелерінің назарын Комиссияның техникалық реттеу саласындағы ағымдағы қызметіне, атап айтқанда, Одақ нарығында айналымдағы өнімдерді стандарттау, сәйкестігін бағалау және мемлекеттік қадағалау мәселелеріне аударды.
«Өнімнің міндетті талаптарға сәйкестігін бағалау техникалық регламенттерді іс жүзінде қолданудың біршам маңызды элементі болып табылады, - деп атап көрсетті ол, - ЕЭК-де қазіргі заманғы әлемдік трендтерді ескеретін үлгілік схемалардың жаңа нұсқалары әзірленді. Сонымен қатар, біз Еуропалық В модуліне ұқсас жаппай өндірілетін өнімдердің сәйкестігін бағалауға ЕАЭО үшін «жаңа тәсілдеме» енгізу мүмкіндігін барынша егжей-тегжейлі зерттеп жатырмыз».

 

Виктор Назаренко сонымен қатар ФРГ-дағы әріптестерінің ЭСХЭК жүйесіне (Электр жабдыққа сынақ жүргізу қорытындыларын растау және сертификаттау бойынша ХЭК жүйесі) мүше мемлекеттер арасында сәйкестікті бағалау нәтижелерін тану туралы кем дегенде үкіметаралық деңгейде екіжақты келісімдер әзілеу және жасасу туралы бастамасын да қолдады. «Одақ барлық елдермен сауда қатынастарын нығайтуға тырысады. ЕЭК үшінші елдермен өзара саудадағы техникалық кедергілерді жоюға бағытталған Келісімді дайындады, оған ЕАЭО мемлекетінің қол қою рәсімдері биыл аяқталуы керек, - деп мәлімдеді ЕЭК Алқасының мүшесі. - ЕАЭО-мен сауда қатынастарына мүдделі елдермен немесе интеграциялық бірлестіктермен кедергілерді алып тастау үшін өзара қызығушылық тудыратын өнімдер туралы салалық келісімдер жасалады. Бұл құжаттар сәйкестікті бағалау нәтижелерін өзара тану механизмін қамтамасыз етеді».

ЕЭК Министрі отырыстың қатысушыларына ЕАЭО бірыңғай нарығындағы реттеудің ұлттық деңгейін атап өтіп, осы саладағы мемлекеттік қадағалау жүйесі туралы да әңгімелеп берді. Сонымен бірге, Одақта нарықты мемлекеттік қадағалаудың қағидаттары мен рәсімдерін үйлестіру жұмысы жүргізілуде. Осы мақсатта тиісті Келісімнің жобасы жасалды. «Келісім ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Одақтың ортақ нарығын қауіпті өнімдерден қорғауда өзара іс-қимылының тиімді механизмін қамтамасыз етеді», - деп қорытындылады Виктор Назаренко.​