Жүйеге кіру
ЕЭК медициналық томографтарды әкелу рәсімін жеңілдетті

ЕЭК медициналық томографтарды әкелу рәсімін жеңілдетті

IMG09943.jpg
24.02.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы әкелу кезінде рұқсат ету құжаттарын ұсыну талап етілмейтін азаматтық мақсаттағы радиоэлектрондық құралдар мен жоғары жиілікті құрылғылар тізбесін кеңейтті.

Атап айтқанда, тізім магнитті-резонансты томографтар мен медициналық мақсаттағы МРТ жүйелерімен толықтырылды. Бұдан басқа, радиоқабылдау құралдарын қолданудың радиосәулелендіруші құрылғыларды қамтымайтын нақты мақсаттары алып тасталды.

 

«Бұл құрылғыларды пайдалану бөгеуіл жасамайды. Сол себепті бүгінгі шешім бұл ретте радиожиілік спектрін пайдалану қауіпсіздігіне зиян келтірместен, артық әкімшілік рәсімдерді алып тастайды және кедендік декларациялаудың мерзімін қысқартады», — деп атап өтті ЕЭК-тің Кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеу департаментінің директоры Ваагн Казарян.

 

Оның сөзінше, мақұлданған өзгерістер Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) аумағында кәсіпкерлік қызметті жүргізу жағдайларына оң әсер етеді, сондай-ақ қажетті техниканы жеткізуді тездетуге мүмкіндік береді.

Шешім ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік 30 күн өткен соң күшіне енеді.​