Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 23 наурызда Беларусь Республикасында әлеуметтік маңызы бар
тауарлар бағасын мемлекеттік реттеуді кірістіре санағанда 2021 жылғы 29
маусымға дейін ұзартуды келісті.
Мұндай тауарлардың тізбесі 18
позицияны: сүт өнімдерін, етті, сарымай мен күнбағыс майын, балалар тағамын,
картопты, жармаларды және басқаларды кірістіреді.
COVID-19 инфекциясының таралуы
себепті бірқатар мемлекеттің шектеу шараларын ендіруіне байланысты азық-түлік
тауарларының әлемдік бағаларының артуы жағдайында ЕЭК Алқасының шешімі
республикада әлеуметтік маңызы бар
тауарлар бағасының алып-сатарлықпен өсуіне жол бермеуге көмектеседі деп
күтілуде.
ЕЭК
Алқасы шешімінің қабылдануына Комиссияның Монополияға қарсы реттеу департаментінің белорус
тарапының ұсынысын қолдаған ЕАЭО елдері уәкілетті мемлекеттік органдарының
қатысуымен консультациялар өткізуі жол ашты.