Жүйеге кіру
ЕЭК-ның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрі Нұрлан Алдабергеновтің ВNews.kz АА үшін берген сұхбаты

ЕЭК-ның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша министрі Нұрлан Алдабергеновтің ВNews.kz АА үшін берген сұхбаты

28.12.2012
2013 жылдың шілдесінде КО-да «Бәсекелестік туралы» бірыңғай заң пайда болады. 
Осы жылдың ортасында Кеден одағының бүкіл үш елі «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңға сәйкес жұмыс істейді. Әр елдің  монополияға қарсы тұлғалары бірдей принципте жұмыс істеген мұндай прецедент әлемдік тәжірибеде әлі болып көрмеген жағдай. Қазақстан, Ресей және Беларустың заңнамаларын үйлестіру бойынша жұмыс бүгінгі күні қалай жүріп жатқаны туралы Еуразиялық экономикалық кеңістігінің Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу бойынша Алқа мүшесі (Министр)  Нұрлан Алдабергенов ВNews.kz АА үшін берген сұхбатында әңгімелеп берді. 


- Нұрлан Шәдібекұлы, Кеден одағының біртұтас Монополияға қарсы кодексін жасауда қандай жұмыстар басымдыққа ие болып отыр, неге оны 2015 жылдан бұрын іске қосуға болмайды?

- Ағымдағы жылдың  бірінші қаңтарынан Біртұтас экономикалық кеңістік (БЭК) құрылды. Қазір бізде шекаралар жоқ, тауарлардың еркін орын ауыстырулары жүріп жатыр. Үш мемлекеттегі бәсекелестік туралы қазіргі уақытта да бар барлық заңдар бұрын бүкіл үш мемлекет жабық болғанда қандай болды, сол қалпында қалды. Енді біздің алдымызда кәсіпкерлерге оңтайлы болуы үшін бәсекелестік туралы заңнамаларды жақындастыру бойынша бірінші дәрежелі міндет тұр.  
Үйлестірудің бірінші кезеңі бәсекелестік туралы заңдарды жақындастыруды қарастырады. Біз қазір бұл бағытта үш парламентпен, үш үкіметпен жұмыс жүргізіп жатырмыз.  
Беларусь Республикасы үкіметі «Монополиялық қызметтердің қарсы әрекеттері және бәсекелестікті дамыту туралы» заң жобасын қарастырды, ол қазір парламентке кетті.  Қазақстан Республикасының «Бәсекелестік туралы» заң жобасы ҚР Парламенті Мәжілісі қарауының бірінші оқылымында жатыр. Біз өзіміздің өзгертулер мен толықтыруларымызды бердік, депутаттармен жетілдіру жұмыстарын жүргіздік, «дөңгелек үстелдер» өткіздік. Қазір ол депутаттар жұмысындағы мәрелік кезеңде жатыр. Ресей Федерациясында «Бәсекелестікті қорғау туралы» заңды өзгерту жөнінде заң жобасы федералдық деңгейде қарастырылуда жатыр.  Бәсекелестік туралы заңдар қарастырылуда жатқандықтан бұл депутаттардың құқы, үкіметтердің өзгерістер мен толықтырулар енгізуге құқы бар.

Үш елдің заңнамаларын біз келесі жылдың шілдесіне дейін жақындастыруымыз керек. Біздің мерзіміміз шектеулі, олар бәсекелестіктің принциптері мен ережелері туралы келісімде қарастырылған, парламенттермен ратификацияланған. Біз уақыт тәртібі бойынша қатаң түрде келе жатырмыз, бұл бағытта біз оларды түгелдей үйлестіруіміз керек. 
Келесі кезең – бұл ұлттықтан жоғары деңгейде трансшекаралық нарығында бәсекелестіктің ережелерін бұзуда Еуразиялық экономикалық кеңістікпен қиылысуы үшін қажетті БЭК-тің нормативтік құқықтық актілерін қабылдау. 

Бұдан басқа, бәсекелестік туралы Модельдік заңды жетілдіру, кейіннен БЭК-тің Бәсекелестік (Монополияға қарсы) кодексін қабылдау туралы мәселені жетілдіру қажет.  

- Қазақстан, Ресей және Беларусь тәуелсіздік жылдары сәйкесетін саясатты қалыптастыруда бір бірінен қаншалықты көп алшақтады?

- Біздің мемлекеттердің заңдары өте жақын. Аса елеулі айырмашылықтары жоқ. Біз оларды бірдей принциптер мен ережелерге сәйкестендіруге әкелу үшін бәсекелестік туралы заңды қалай өзгертуге болатындығы туралы мәселені зерттедік. Мәселен, Беларусь пен Қазақстанда бәсекелестік заңнамаларын қолданудағы нормалардың теңдік принциптері сақталса, ол Ресейде заң жобасында тікелей көрсетілмеген. 
Немесе билік органдарының бәсекелестікке қарсы әрекеттеріне жол берілмеу принциптеріне қатысты. Беларусь Республикасында заң жобасы органдар мен ұйымдар, немесе олар мен шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында олардың қызмет атқаруын басқа іске асырушылар арасында келісімге тыйым қойылмайды.   Біз билік органдарының ескерту, айқындау және әрекеттердің (әрекетсіздіктер) түйісуі бойынша әрекеттердің тиімділігін арттыру үшін көрсетілген шараларды нақтылауды ұсындық. 
Келесі бағыт – Кеден одағы шеңберінде тауарлардың еркін айналымына байланысты Беларусь, Қазақстан және Ресей нарықтарына жол ашу бойынша әкімшілік кедергілерді жою.  Бүгінгі күні бұл бағытта механизмдер жетілдірілген. 
Бұл проблемаларды ЕЭК арқылы жоюға болады, бірақ бұл негізінен, әрине,  Комиссия кеңесінің жұмысы. 
ЕЭК-да әрқайсысы өз бағыттары бойынша 9 министр жұмыс істейді.  Еуразиялық комиссия бүкіл үш нарықты бірдей қорғайды. Біз бәріне бірдей қараймыз. Ал Комиссия кеңесі және вице-премьерлер  әр елдің мүдделерін қорғайды. Қазақстандық вице-премьер Қазақстанның мүддесін қорғайды, ресейлік – РФ мүддесін қорғайды, белорустықтар – Беларустың мүддесін қорғайды. Ал олардың арасында теңдік белгісін қоятын тікелей атқарушы орган - ол Еуразиялық Экономикалық Комиссиясы. Алқа менен кеңестің арасында осындай айырмашылық бар. 
Сондықтан бұл мәселеде Кеңес ұсыныстар енгізеді және осы немесе басқа елде қандай бағытта әкімшілік кедергілер бар екендігін атап айтады. Мысалы, Ресей мемлекеттік сатып алулар бойынша тосқауылдар қойды. Үш мемлекеттің аумағында аукциондағы тауарларды еркін жүзеге асыру жүргізілуі керек деген мемлекеттік сатып алулар саласында міндет қойылғандықтан бізге комиссия кеңесі арқылы осыған сай тапсырма беріледі де, біз бұл жұмысты атқарамыз.    

- КО-ның бүкіл үш елі үшін «Бәсекелестік туралы» бірыңғай заңды  жетілдіруге қаншалықты мүмкіндік бар? Қалай болсын үш елдің экономикасы түбегейлі өзгеше ғой. Мемлекеттің аумағы жағынан да, өнеркәсіп саласының құрылымы жағынан да қатты айырмашылығы болады ғой.  Бұл өзі «Аққу, шортан және шаян» деген мысалға ұқсап, бір арбаны үш жаққа тартпай ма?

- Сіз дұрыс сұрақ қойып отырсыз. Мұны маған қойған болатын, ол біздің шетелдік әріптестерімізбен талқылау құралына да айналған еді. Біз Франция, Австрия, ҚХР, Оңтүстік Корея, Ұлыбританиядан келген әлемнің бәсекелестікке қарсы ведомстволарының жетекші өкілдерімен әңгімелестік.  
Қазіргі таңда Еуропадан біз не аламыз? Еуроодаққа 27 мемлекет кірді. Ондағы олардың ең  негізгі бағыттарының бірі - бұл монополияға қарсы реттеулер.  Олар армандайды, бірақта олар Модельдік заңға келе алмайды. Ол жақта расында да «аққу, шортан және шаян» орын алып отыр.   
Бұл мәселені бізде де болмай ма деп  алға тартып айтқанымызда, біз бұл жағдайды талдап алдық. Бізде қазіргі таңда не бар? Біріншіден, жоғарыда айтқанымдай, бізде заңнамалық актілердің көп айырмашылығы жоқ. Біз осы аздаған айырмашылықтарды үйлестірудің бірінші кезеңінде жөндейміз. 
Бізге шетелдік әріптестер әрдайым былай дейді: «Әрине, сіздерге оңай. Сіздерде бір тіл, сіздерде бір негіз, сіздерде бір тарих. Сіздер бұрынғы Үлкен Одақтан шықтыңыздар, сіздердің түсініктеріңіз бір».
Егер экономикаға қатысты айтсақ, ол түгел үш мемлекет те жетерліктей дамыған. Қазақстан да, Ресей де, Беларусь та бұл салада өте күшті.  Соңында жағдайды зерттеп, біз бұл заңнамалық актіні іске асыра аламыз деген қорытындыға келдік. 
Еуропада да міндеттер қойылады дегеніммен, бірақ онда барлық ел әртүрлі. Германияда өз тарихы бар, Францияда - басқа, Ұлыбританияда – үшінші басқа, оларды біріктіру өте қиын. Сондықтан бұған қатысты олар да біз қазір не тірлік жасап жатқанымызға қарайды. 
Мысалы, біз әлемнің күшті бәсекелестік ведомстволарының бірі, біздің корейлік  серіктестерімізбен кеңестік. Олар былай дейді: «Біз де түсінеміз, біз де осыны қалаймыз, әлемнің бүкіл монополияға қарсыласушылар жақындасуға талаптанады. Себебі, бізде бір тіл, бұл монополияға қарсы реттеудің тілі. Бүкіл жерде картельдер, барлығында келісім, барлығында теріс пайдаланушылықтар бар. Жосықсыз бәсекелестіктер бүкіл жерде болады, бүкіл жерде заң бұзушылықтар болады, олардың барлығы типтік, яғни, монополияға қарсы реттеу туралы заңнамаларының нормасы әлемнің әрбір елінде шамамен бірдей, сондықтан: «бізде бір тіл, бірақ жақындасу үшін біз түпкілікті тұрғыда әр түрліміз. Ал сіздерге бұл мәселеде оңай» - дейді. 
Сондықтан мына Модельдік заң біз кіретін қауымдастықтармен салыстырғанда үлкен ұмтылыс болып табылады.  Осыған қарағанда, бізде өте жақсы негіз бар, сондықтан «Бәсекелестік туралы» Модельдік заңды біз беруге тырысамыз, ол ең бастысы. 
«Бәсекелестік туралы» мынадай заң әзірше әлемде де жоқ. Оны қабылдау мерзімі - 2013 жылдың шілдесі. Оған үш мемлекет басшылары қол қояды деп жоспарланып отыр. Оның ұсынымдық сипаты бар, сонымен қатар, оның міндеттемелік сипаты да бар деп айтуға болады. Оған үш мемлекеттің президенттері қол қойғандықтан, сәйкесінше, олармен заңнамалық актілерді сәйкестікке келтіру үшін бұл билік органдарына, сонымен бірге парламенттер үшін тапсырма болып табылады. 
Бұл Модельдік заңда бәсекелестікке қарсы келісімдерге, үстем жағдайды теріс пайдалану жағдайларына, жосықсыз бәсекелестікке тыйым болуы керек. Бұл өте маңызды құжат. Біріншіден, ол барлық үш мемлекеттің мүдделерін көрсете алуы керек. Сондықтан заң кең көлемдегі қауымдастықтарды, ғылыми орталарды, кәсіпкерлерді тарта отырып талқыланады. 
Оның үстіне алдағы үш-төрт жылда мына Модельдік заңды қабылдаған соң біртұтас Монополияға қарсы кодексті дайындау және іске қосу міндетін алға қоямыз. Бұл үш мемлекеттің монополияға қарсы саясат саласындағы интеграцияның жоғары формасы болып саналады. Бұл, әрине, орасан зор міндет. Модельдік заңның өзі шамамен 47 бапты қарастырады. Бұл өте үлкен көлемдегі іс, ал Монополияға қарсы кодекс - бұл, әрине, бұдан да үлкен көлемді құжат. Дегенменен, біз алға басуымыз керек, тырысуымыз керек және біз мынаны түсінуіміз керек: шекаралар ашық қой, тауарлардың еркін айналымы қазірден-ақ жүріп жатыр. Сондықтан, немене істесек те, біздің бизнесмендер үшін, біздің халық үшін бәсекелестіктің бірыңғай ережесін істеуіміз керек. 


- Сіздің құнды әңгімелеріңізге рахмет. Біз Сіздердің Жаңа 2013 жылы алға қойған барлық міндеттеріңіздің орындалуына тілектеспіз. 

Айжан БЕКТАСОВА​