Жүйеге кіру
ЕЭК-да Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитеттің 3-ші отырысы өткізілді

ЕЭК-да Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитеттің 3-ші отырысы өткізілді

20.02.2013

15 ақпан күні ЕЭК Көлік және инфрақұрылым Департаментінің директоры Асқар Баталовтың төрағалығымен Мәскеу қаласында Көлік және инфрақұрылым бойынша Консультативтік комитеттің 3-ші отырысы болып өтті.

Іс-шарада Комитеттің мүшелері, Комитет мүшелерінің уәкілетті өкілдері, мемлекеттік органдардың, Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістікке мүше мемлекеттердің көлік саласындағы ұйымдары мен кәсіпорындарының өкілдері қатыстырылды.

Комитеттің отырысында оның жұмысын оңтайландыруға және шешімдерінің сапалы түрде қабылдануына бағытталған келесі мәселелер қаралды: Регламенттің, Комитеттің әрі оның ішкі комитеттерінің 2013 жылға арналған жұмыс жоспарларының жаңа редакцияларын қабылдау, сондай-ақ ішкі комитеттердің құрамдарын бекіту.

Көлік саласы басқа да инфрақұрылымдық салалармен бірлесе отырып, қоғам тірлігінің негізгі жағдайларын қамтамасыз етеді және әлеуметтік әрі экономикалық міндеттерді іске асыру саласындағы ең маңызды деген құрал боп табылып отыр.

Осыған орай, отырыстың күн тәртібіне келісілген көлік саясаты Тұжырымдамасының жобасы туралы мәселе де енгізілді.

Тұжырымдаманың жобасын Көлік және инфрақұрылым Департаменті әзірлеген және де ол КО мен БЭК мүше мемлекеттерде келісу рәсімінен өткізілуде. Тұжырымдама жобасының негізгі қағидалары БЭК қалыптастырудың қағидаттарына сәйкес келеді әрі оның негізгі төрт еркіндігі – тауарлардың, қызметтердің, капитал мен еңбек ресурстары қозғалысын іске асыруға бағытталады.

Тұжырымдама Жоғарғы экономикалық кеңестің 2012 жылғы 19 желтоқсанындағы экономиканың негізгі салаларында келісілген саясат жүргізу бойынша №21 Шешімінің орындалуын іске асыруды қамтамасыз ететін құралдардың бірі ретіндегі «БЭК 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған көлік саясаты: іс-қимылдар кезеңі» бағдарламасын әзірлеу үшін іргелі құрамдас бөлігі болады.

Келісілген көлік саясатының іске асырылуы КО мен БЭК елдерінің көлік жүйелерін одан әрі дамытудың келешегі, көліктік қызметтердің ортақ нарығын қалыптастыру, транзиттік әлеуетті тиімді дамыту, жүктер мен жолаушыларды тасымалдау кезінде туындайтын кедергілерді жою мәселелеріне келісілген көзқарастарды қолдануға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Комитетте төрағалық ететін Асқар Баталов тарифтік саясаттың негізін ескере отырып, теміржол көлігінің қызметтеріне қол жеткізуді реттеу туралы Келісімнің іске асырылу барысы туралы Комитеттің мүшелерін хабардар етті.