Жүйеге кіру
Михаил Мясникович ЕАДБ басқармасының төрағасы Николай Подгузовпен кездесті

Михаил Мясникович ЕАДБ басқармасының төрағасы Николай Подгузовпен кездесті

23.07.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович пен Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) басқармасының төрағасы Николай Подгузов ЕЭК-тегі кездесуде Еуразиялық экономикалық одақ елдерінің экономикасын пандемиядан кейін қалпына келтіру жөніндегі инвестициялық қызметтің және сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтудің перспективаларын талқылады.

Михаил Мясникович Николай Подгузовты қазіргі лауазымына жақында сайлануымен құттықтады және осыған байланысты былай деп атап көрсетті: «Сіздің келуіңізден біз көп нәрсе күтеміз және алдағы игілікті істерге үміт артамыз. Одақ елдері мен Банк ынтымақтастығының бұрыннан бар дайындамаларына ізгі қатынастарымыздың одан әрі дамуы үшін қажет көптеген жаңа нәтижелер қосылатынына сенеміз». 

Николай Подгузов ЕАДБ-ге Еуразиялық экономикалық одақтағы қаржылық инфрақұрылымның шоғырландырушы элементі және мүше мемлекеттердің интеграциялық процестерді тереңдетуінің катализаторы болу бұйырмысты екенін атап көрсетті. Оның сендіруінше, Банктің бүкіл инфрақұрылымы бұл жұмысқа дайын. Бұдан басқа, ол Одақ жанындағы байқаушы мәртебесі бар Молдова Республикасының ЕАДБ акционері болу ниеті туралы хабарлады.​