Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері импортталатын асыл тұқымды өнімге қойылатын талаптарды біріздендіреді

ЕАЭО елдері импортталатын асыл тұқымды өнімге қойылатын талаптарды біріздендіреді

23.12.2020

Еуразиялық  экономикалық комиссия Алқасы 22 желтоқсанда  «Ауыл шауашылығы жануарларын және олардан алынатын өнімді (материалды) асыл тұқымды өнімге жатқызу тәсілдемелерін    біріздендіру туралы» ұсынымды бекітті.

Еуразиялық экономикалық одақ мемлекеттеріне, атап айтқанда, үшінші елдерден әкелінетін асыл тұқымды өнім сапасына бақылау жүргізу ұсынылды. Бұдан басқа – мүше мемлекеттің уәкілетті органының қорытындысы бойынша  ауыл шаруашылығы жануарларын асыл тұқымға жатқызуды жүзеге асыру, сондай-ақ әкелінуге тиіс асыл тұқымды жануарлар мен олардың өнімінің бірдейлендірілген нөмірі болуына,  белгілі бір генетикалық ауруларды жеткізуші болып табылмайтынына және бұдан әрі селекциялық-асылдандыру жұмысында пайдалану ақпараты бар тиісті құжаттармен сүйемелденуіне сай жағдайларды қамтамасыз ету.

Одақ елдерінде асыл тұқымды топтар өнімділігінің орташа деңгейі елеулі өзгешелікті екендігін ескере отырып,  ұсыным мүше мемлекеттер үшін қажет болуына қарай импортталатын асыл тұқымды өнім сапасына қойылатын қосымша талаптар белгілеуді көздейді. Мысалы, оның  ең төменгі өнімділігіне және асыл тұқымдық құндылығына.

Ұсыным ережелері ЕАЭО шеңберінде генетикалық сараптама, тұқымды және тұқымдылықты айқындау, асыл тұқымды жануарлар туралы мәліметтер құрамы бөлігінде қолданылатын ұқсас талаптары бар импортталатын асыл тұқымды өнімге қойылатын талаптарды  теңестіреді.

«Мүше мемлекеттердің ұсыным ережелерін іске асыруы ауыл шауашылығы жануарларын және олардан алынатын өнімді асыл тұқымды өнімге жатқызу кезіндегі тәсілдемелерді біріздендіруді,  селекциялық-асылдандыру жұмысында пайдалану үшін ұсынылатын асыл тұқымды өнім туралы ақпараттың сапасын арттыруды, сапасыз асыл тұқымды өнім импортын және генетикалық ауруларды жеткізушілерді  барынша азайтуды қамтамасыз етеді», – деп атап өтті Комиссияның Өнеркәсіп және агроөнеркәсіптік кешен жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Артак Камалян.

Құжат ЕАЭО туралы шартқа сәйкес, одақтық елдердің уәкілетті органдарының, бизнестің және ғылыми ұйымдардың өкілдерімен  консультациялар өткізу нәтижесі бойынша әзірленген. Сарапшылардың пікірінше, Алқа ұсынымы Одақтағы селекциялық жұмыстың және асыл тұқымды өнім саудасының дамуына  оң ықпалын тигізеді.​