Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері бірлесіп өндірген деп танылған өнеркәсіптік тауарларды қолдау жөніндегі өзіндік ерекшелікті субсидияға рұқсат ету критерийін қолдану талабы ұзартылды

ЕАЭО елдері бірлесіп өндірген деп танылған өнеркәсіптік тауарларды қолдау жөніндегі өзіндік ерекшелікті субсидияға рұқсат ету критерийін қолдану талабы ұзартылды

23.11.2020
Еуразиялық экономикалық комиссия Кеңесі Еуразиялық экономикалық одаққа елдері бірлесіп өндірген өнеркәсіптік тауарларды қолдауға бағытталған өзіндік ерекшелікті субсидияға рұқсат ету критерийін қолдану талабын екі жылға ұзарттты.

 

Бұл талап Комиссия Кеңесінің 2019 жылғы 21 маусымдағы № 100 шешімімен айқындалған және мұндай тауарды бірлесіп өндірілген деп тану үшін тауар өндірісінде мүше мемлекеттердің қоса өндірушілерінің қатысу үлесінің ең төменгі деңгейі 15% болуын белгілейді.

 

Еске сала өтсек, 2017 жылғы өнеркәсіптік тауарларға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияларды ерікті келісу тәртібі туралы келісімге сәйкес мүше мемлекеттердің уәкілетті органдары өзіндік ерекшелікті субсидияны келісу үшін Комиссияға жүгіне алады, ол беріледі не беру үшін жоспарланады. Өзіндік ерекшелікті субсидияны (нақты кәсіпорындарға немесе салаларға берілетін) келісе отырып, мүше мемлекет өзінің осындай субсидияны алушы өндірушісін оған қатысты өтемақы шарасын енгізу тәуекелінен (субсидияны мемлекет бюджетіне пайыздармен қайтарудан) сақтандырады.

 

Комиссия өнеркәсіптік субсидияларды келісуді олардың бірі мүше мемлекеттер бірлесіп өндірген деп танылған өнеркәсіптік тауарды қолдауға бағытталатын өзіндік ерекшелікті субсидияларға рұқсат ету және рұқсат етпеу критерийлерінің негізінде жүзеге асырады.

 

Қабылданған шешім ЕАЭО-да кооперациялық байланыстарды дамытуға көмектеседі.

 

Анықтама

 

Тауарды ЕАЭО мемлекеттері бірлесіп өндірген деп тану тәртібі Комиссия Алқасының 2019 жылғы 11 маусымдағы № 93 шешімімен бекітілген. Құжатта Комиссияның мұндай тауарға қатысты өзіндік ерекшелікті субсидияны келісу мүмкіндігіне ие болу үшін мүше мемлекеттердің тауарды қалай бірлесіп өндірілген деп танитындығы белгіленген.​