Жүйеге кіру
ЕАЭО-да Еуразиялық брендтер жасалады

ЕАЭО-да Еуразиялық брендтер жасалады

23.11.2018
«Біз Еуразиялық брендтер жасайтын және тауарларымызды үшінші елдердің нарықтарына ілгерілетуге көмектестетін жаһандық интеграциялық жобаларға назарымызды шоғырландыра түсуге тиіспіз». Бұл туралы Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының Төрағасы Тигран Саркисян Мәскеуде өткен ХІІІ халықаралық «Еуразиялық экономикалық интеграция» конференциясының жалпы отырысында сөйлеген сөзінде мәлімдеді.

Еуразиялық даму банкі ұйымдастыратын бұл жыл сайынғы іс-шараға қатысушылар Еуразиялық интеграция үшін сын-қатерлер мен перспективаларды талқылады.

Тигран Саркисян Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) жас екендігіне қарамастан, жұмыс істеген жылдары ішінде өзінің қалыптасқандығы мен тиімділігін дәлелдеді деп атап өтті. Келесі жылы ЕАЭО елдері Одақ туралы шартқа қол қойылуының бес жылдығын атап өтеді.

ЕЭК өзара сауданың өсуіне, оның құрылымының жақсаруына және кооперациялық байланыстардың нығаюына зейін қоюда. «Бұл Одақтық шартта негізі қаланған негізгі қағидаттарды іске асыру Одақ экономикасының дамуы үшін оң әсерлер беріп отырғанын білдіреді. Комиссия бұл әсердің әлеуетін жалпы ұлттық өнімнің жылына 1% өсуі шамасында бағалайды», - деп атап көрсетті ЕЭК Алқасының Төрағасы.

ЕАЭО-ның елеулі табысы Одақпен сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға және тереңдетуге үшінші елдер тарапынан қызығушылықтың өсуі болып табылады. «Бұл ЕАЭО-ның интеграциялық бірлестік ретінде қалыптасқандығын айғақтайды», - деп санайды Тигран Саркисян.

Таяу күндері ЕЭК Сингапурде бірқатар – АСЕАН-мен өзара түсіністік туралы және Таиланд Корольдігі Үкіметімен ынтымақтастық туралы меморандум жасасты. Комиссия МЕРКОСУР-мен де осындай құжатқа қол қоюды ойластыруда. 2018 жылғы мамырда Қытаймен және Иранмен сауда-экономикалық келісімдері жасасылды. Мысырмен, Үндістанмен, Израильмен, Сингапурмен, Сербиямен еркін сауда аймақтарын құру мақсатында ЕАЭО мемлекеттерінің басшылары бекіткен халықаралық тректер бойынша жұмыс жүргізілуде. Сингапурмен келіссөздердің бес раунды өткізілді. Тигран Саркисян республикамен 2019 жылы ЕСА жөнінде тікелей мәреге шығуға қол жеткізілетіндігіне үміт білдірді.

«Бұл елдермен ЕСА жасасу – біздің мемлекеттеріміздегі экономикалық өсуді ынталандырудың, осы елдердің нарықтарындағы экспорт көлемін өсірудің елеулі әлеуеті. Және бұл – қосымша инвестициялар тартудың да мүмкіндігі», - деп хабарлады ЕЭК Алқасының Төрағасы.

Тигран Саркисян сондай-ақ Еуразиялық интеграцияны ілгерілету үшін шешілуі қажет проблемаларды атады. Оның пікірінше, бұлар Одақ кеңістігіндегі «жеткіліксіз интеграцияға» байланысты. Қазір төрт «еркіндік» қағидатын іске асыруға бөгет болатын және жойылуы қажет кедергілер бар. Мүше мемлекеттердің басшылары ЕЭК алдына осындай міндет қойып отыр.

«Кедергілер – келісілмеген іс-қимылдардың нәтижесі. Сол себепті мемлекеттер келісілген саясат жүргізуге тиіс. Әлемдік экономикадағы қолдампаздық, өз өндірушілерін қорғау, сауда соғысы сияқты трендтер – біздің Одағымыз үшін қабылдауға келмейді», - деп атап көрсетті Тигран Саркисян.

Осындай келісілген саясаттың негізіне ұлттық заңнаманы, соның ішінде қаржылық секторда да үндестіру жатады. Президенттердің тапсырмасы бойынша қатысушы елдердің ұлттық және орталық банктері ЕАЭО ортақ қаржы нарығының тұжырымдамасын әзірлеуде.

ЕЭК Алқасының Төрағасы сондай-ақ Еуропалық одақтағы «Аэробус» жобасына ұқсас Еуразиялық брендтерді қалыптастыру қажеттігін атап өтті. «Бізге үшінші елдермен қатынас бойынша өзімізді біртұтас етіп жайғастыруға мүмкіндік бере алатын ауқымды кооперациялық жобаларды Одақ бойынша барлық әріптестерімізді қатыстыра отырып іске қосу қажет», - деп мәлімдеді ол.

Комиссия зергерлік салада Еуразиялық бренд құрумен белсенді айналысуда, өйткені Одақ елдерінің бұл салада салыстырмалы түрдегі артықшылықтары бар. Жарық техникасы саласында Еуразиялық брендті қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Қатысушы елдер қызметінің барлық саласын қамтитын ЕАЭО цифрлық күн тәртібі іске асырылуда. ЕЭК-тің цифрлық офисі 30-ға жуық бастаманы – ірі цифрлық жобаларды қарауда, олардың бірқатары 2019 жылы қаржыландырылатын болады.

ЕЭК Алқасының Төрағасы Комиссияның осы жобалар бойынша ЕАДБ-мен ынтымақтасуға мүдделі екенін атап өтті. «Еуразиялық даму банкі осындай жаһандық интеграциялық жобаларды қаржыландыруда түбегейлі рөл атқара алады», - деп топшылайды Тигран Саркисян.

ЕАЭО елдерінде ұлттық валюталарда есептесуге деген сұраныстардың өсуіне байланысты Еуразиялық даму банкі басқармасының төрағасы Андрей Бельянинов қаржылық хабарларды берудің Еуразиялық жүйесін әзірлеуді ұсынды. «Еуразиялық кеңістікте ұлттық валюталардағы есептесулерді одан әрі ілгерілету үшін біздің «реттеуші құмсалғыштар» бөлігіндегі мүмкіндіктерімізді пайдалана отырып қаржылық хабарларды берудің Еуразиялық жүйесін құруымыз қажет», - деді ол.
Ресей Федерациясы Есеп палатасының төрағасы Алексей Кудрин ЕАЭО-ның қатысушы елдер арасындағы қатынастарды тереңдету, тосқауылдарды алып тастау, ортақ стандарттар, реттеудің жаңа модельдерін, соның ішінде қаржылық салада қалыптастыру жөніндегі міндеттерін интеграцияның элементі ретінде бағалайды.
Өйткені Еуразиялық интеграция ең үлкен экономика – Ресей экономикасына өте кіріптар болғандықтан, РФ барлығы үшін нарық құрушы ел ретінде экономикалық өсу қарқынын өсіруі, тосқауылдарды алып тастауы және Одақ елдері қатысушыларының мемлекеттік сатып алуларға қатысуына жол беруі қажет. «Бұл орайда Ресей кейде тіпті кейбір нәрселерден бас тартуға да тиіс, сонда бұл Одақтың дамуына түрткі береді», - деп санайды Алексей Кудрин.
Жалпы отырысқа сондай-ақ Ресей Федерациясы Қаржы министрінің орынбасары Сергей Сторчак, «Внешэкономбанк» төрағасының орынбасары – басқарма мүшесі Андрей Клепач, «Қазақстан Даму банкі» АҚ басқармасы төрағасының орынбасары Дмитрий Бабичев, «ЭЖМ» ҰЗУ әлемдік саясат және әлемдік экономика факультетінің деканы Сергей Караганов қатысты.
Анықтама
Еуразиялық даму банкі Ресей мен Қазақстанның 2006 жылғы қаңтарда қатысушы елдердің нарықтық экономикасының дамуына, олардың орнықты экономикалық өсуіне және өзара сауда-экономикалық байланыстарды кеңейтуге және инвестициялық қызметті жүзеге асыру жолымен Еуразиялық кеңістікте интеграциялық процестерді дамытуға жәрдемдесу мақсатында құрған халықаралық қаржы ұйымы болып табылады. ЕАДБ-ның жарғылық капиталы 7 млрд АҚШ долл. құрайды. Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы және Тәжікстан Республикасы банктің қатысушы мемлекеттері болып табылады.