Жүйеге кіру
ЕЭК өкілдері фитосанитарлық шаралар саласындағы стандарттарды қолдану бойынша халықаралық семинарға қатысты

ЕЭК өкілдері фитосанитарлық шаралар саласындағы стандарттарды қолдану бойынша халықаралық семинарға қатысты

23.11.2012

2012 жылғы 20 – 22 қараша күндері Түркияда фитосанитарлық шаралар бойынша МСФМ 7 «Фитосанитарлық сертификаттау жүйесі» және МСФМ 12 «Фитосанитарлық сертификаттар» халықаралық стандарттарды үйлестірілген негізде қолдану» халықаралық семинары өткізіліп, оған келесі 20 елдің тиісті ұлттық органдарының өкілдері қатысты: Алжир, Ұлыбритания, Мысырдың, Италия, Германия, Голландия, Швейцария, Түркия, БАӘ, Чехия, Франция және т.б. Еуропалық және Жерорта теңізі аймағының карантин және өсімдіктерді қорғау бойынша ұйымның бас директоры Ринголд Арнитистің шақыруымен, бұл іс-шараға сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК)өкілдері қатысты.

ЕЭК фитосанитарлық шаралар бөлімінің бастығы Николай Тряхов айтып жеткізгендей, семинарда халықаралық стандарттардың қолданылу тәжірибелері талқыланды. Іс-шараның барысында ЕЭК өкілдері ЕЭК ұйымдық құрылымы, өкілеттіктері және қызметі туралы нақты сөз сөйледі.

Карантин және өсімдіктерді қорғау бойынша ұлттық ұйымдармен дұрыс ұғынылмайтын стандарттарды пайдалану мәселелері бойынша пікірталастар болып өтті. Іс-шараның маңызды деген мақсаттарының бірі – осы саладағы тәжірибелік көзқарастарды біріздендіру және халықаралық сауда-саттықтағы негізсіз кедергілерді жою. Атап айтқанда карантинге жатқызылған өнімдерді кері экспорттағанда фитосанитарлық сертификаттау, айырбастауға және де жүк жөнелтілген соң фитосанитарлық сертификаттар беру мәселелері талқыланды.

Талқылаудың нәтижелері бойынша, стандарттардың кейбір позицияларын жаңарту туралы Карантин және өсімдіктерді қорғау бойынша Халықаралық конвенцияның хатшылығына ұсыныстар дайындалды.