Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің энергетика министрлері ортақ газ нарығын қалыптастыру мәселелерін талқылайды

ЕАЭО елдерінің энергетика министрлері ортақ газ нарығын қалыптастыру мәселелерін талқылайды

IMG_9279.jpg
23.08.2018
Еуразиялық экономикалық комиссияда (ЕЭК) 22 тамызда газды тасымалдау бойынша қызметтерге қатысты тариф түзудің бірыңғай әдіснамасын әзірлеу туралы ұсынысты қарады. Кеңеске Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдерінің энергетика министрлерінің орынбасарлары және ЕЭК өкілдері қатысты. Қыркүйекте тараптармен дыбысталған ұсыныстарды энергетика министрлері талқылайды, осыдан кейін мәселені Үкімет аралық кеңес отырысына шығарады.

Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасымен жұмыс ЕЭК-пен 2016 жылғы сәуірден бастап жүргізілуде. Бағдарлама жобасын ЕЭК Алқасы мақұлдады, ал осы жылдың 27 шілдесінде Үкімет аралық кеңес отырысында оны Одақ мемлекеттерінің премьер министрлері қарады. Талқылау қорытындылары бойынша тараптарда газды тасымалдау бойынша тарифтерді түзумен байланысты сұрақтар қалды, оларды қосымша пысықтау туралы шешім қабылданды.

«Одақ елдерінде 2016 жылы ортақ газ нарығын қалыптастыру бағдарламасы бойынша болған 60 келіспеушіліктен қазір біреуі ғана қалды, - деп атап өтті ЕЭК Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев. – Оны реттеудің ықтимал жолдарының бірі Одақтың ортақ газ нарығы шеңберінде газды тасымалдау бойынша қызметтерге қатысты тариф түзудің (баға түзудің) бірыңғай әдіснамасын қабылдау болуы мүмкін».

ЕЭК Энергетика департаментінің директоры Леонид Шенец атап өткендей, бірыңғай әдіснама тариф түзудің ортақ тәсілдері мен механизмдерін әзірлеуге мүмкіндік береді.

Тараптар Одақтың ортақ газ нарығын қалыптастыруға ауысу үшін даулы мәселелерді біртіндеп реттеу қажет деген пікірге келді. Кеңес қатысушылары қыркүйектің екінші жартысында осы мәселе бойынша ЕАЭО мемлекеттерінің энергетика министрлерінің кездесуін өткізуді ұсынды.