Жүйеге кіру
ЕЭК Сауда бойынша министрі Андрей Слепнёвтің "Известия" газетіне берген сұхбаты: «ДСҰ-ға кіру тұтыну бағаларын төмендетпейді»

ЕЭК Сауда бойынша министрі Андрей Слепнёвтің "Известия" газетіне берген сұхбаты: «ДСҰ-ға кіру тұтыну бағаларын төмендетпейді»

23.08.2012
Осы аптада Ресей Дүниежүзілік сауда ұйымының (ДСҰ) ресми мүшесі болды 
 Бұл идеяға осы жылдар ағымында сын пікірлер тоқтаусыз айтылып, бұған біздің ел 20 жыл ішінде жетті.  «Известия» журналисті Анастасия Дуленкова Слепневке барлық отандық бизнестердің шағымдарын айтып оның жауабын тыңдады.  
 
—  Жалпы алғанда Ресейдің ДСҰ-ға кіруі қалай болады ?
— Ресейдің ДСҰ-ға кіруі халықаралық көп жақты сауда жүйесіне енгізеді, яғни бүгінгі күні біздің елдің қосылуы 80% елдің әлемдік саудасының 97%-дан астамын қамтып отыр. Ресейліктер үшін де шетелдік инвесторлар үшін де қолайлы, өйткені Ресейде өндірілген өнім бүкіл әлемде құқылы түрде қорғалады. Бұрынғы кезде шетелдік инвесторлар біздің нарықтың ішкі сұранысын қанағаттандыру үшін келсе, енді олар КО елдері мен Ресейдің мүмкіншілігін қолдана отырып экспортқа шығатын өнімдердің көлемін көбейте алады, бұл ресурстар, арзан энергетика, білікті жұмыс күші және басқалары. 
Біздің қосылуымыз бәсекелестіктің өсуіне ықпал етеді, бұл жағдайда халықаралық тәртіпке сәйкес шетелдік тауарлар төменгі баж салығын төлейді, ал «қараушылық» амалдарын қолдануға рұқсат бермейді
—Бірақта ДСҰ барлық салаларда  бірдей жағымды жағдайда бола бермейді ғой. Біреуге міндетті түрде көмек қажет болады ғой.
— ДСҰ-да бейімделу бойынша шаралар кешенін қажет ететін бірнеше сала бар. Мысалы, ауыл шаруашылығы машинасын жасау саласы. Бұл салада шеттен әкелінген техникалардың  тәртібі күрделі түрде өзгеруде. Ағаш өндіретін сала бейімдеу бойынша қосымша шараларды қолдануды қажет етеді.

 

— Ет нарығының қатысушылары болашақта саланың жоғалып кетуін айтады. Шетелдерден әкелінген тауарлар әсерінен ұсақ өндірушілер кірістерінен айрылуы мүмкін. Қалай ойлайсыз, сіздің болжамыңыз бойынша ДСҰ отандық шошқа өндірісіне қалай әсер етеді?
— Ресей үшін кіру жағдайлары ауыл шаруашылық өнімдерін сатуға ыңғайлы болып отыр. Әдетте  мемлекеттер үшін ДСҰ-ға кіру жеткізу квотасын кеңейту, баж салығын төмендету, мемлекет қолдауын төмендету түрінде ауыл шаруашылық өнімдерінің нарыққа  кіруін ырықтандыруды білдіреді. Ресей үшін ет  өнімдерін жеткізу квотасы өскен жоқ, керісінше, төмендеді, сондай-ақ шошқа өніміне де. Ет өнімдеріне деген баж салығы сол деңгейінде қалды. Сонымен қатар қолдау көлемі де төмендетілген. Бұл жақсы жағдайлар. Шошқа шаруашылығында өте сезімтал мәселе бар, ол тірі шошқаларды жеткізуге байланысты.  Расында, қазір ветеринарлық түсінік бойынша  бұндай өнімді әкелуге болмайды, егерде шошқа өнімінің импорттық өсімін  шындап көретін болсақ,  бізде күтпеген  өсулерге әсерлі ықпал ететін ДСҰ-ның рұқсаты бар.
— Жаңа Бірыңғай кедендік тарифке көшкен кезде  кіргізу бажының орташа өлшемді құны 9,6% - дан 7,8% - ға дейін төмендейді. Баждар Ізінше баға да төмендетіле ме?
— Тарифтер 2% төмендеді, жобалап айтқанда, көктемнен бастап доллар құны 8–10%  шамасында тұрақтады. Біз импорт өнімдерін доллармен төлейміз, ал валюта курсының тұрақсыздығы  кеден тарифтерінде болған өзгерістерден төрт есеге көп, сондықтан да жалпы нарық бағасының деңгейіне кеден бажындағы өзгерістерден гөрі, валюталық тұрақсыздық  әсерін тигізуде. Ең дұрысы әр топтың тауарын нақты қарау керек. Тариф құнының төмендеуі  байқалған жерде, бағаның төмендеуі біртіндеп көріне бастайды.
Сонымен қатар баждың төмендеуі, тауарлардың тұтыну бағасын төмендетуге тікелей апаруы міндетті емес. Мысалы, шарап импортының бажы 7,5% шамасында төмендейді. Бір жағынан   сатушы баждың төмендегенінен  қосымша маржаны өз қалтасына ала алады, ол сөредегі бағаны төмендетуге міндетті емес, сондай-ақ акциздерді орнықтыру бойынша бөлшектеп сату бағасы мемлекеттің жоспарына байланысты.
 
— Қандай да бір бағалар өсе ме?
— Бұл үшін біз факторларға қозғалыс бермейміз.

 

— Фармацевтика саласында не болады? Бізде дәрі-дәрмектің 77% шетелден тасымалданады оған қоса әкелінген баждар екі есеге төмендейді.
— Фармацевтика  — ерекше нарық. Менің ойымша, ресейлік келіссөз жүргізушілердің маңызды жеңістерінің бірі мемлекеттік сатып алуларға қол жеткізу бөлімінде қандай да бір байланыстыратын міндеттемелердің жоқтығын сақтап қалудың сәті түсті. Ресей Кеден одағының ұлттық өндірушілеріне пұрсаттылық ұсына алады. Фарма саласында  жартысынан көбі — мемлекет үлесінің тапсырысынан өте жоғары. Мұндай механизм  оларды кепілдік берілген мемлекеттік  тапсырыспен қамтамасыз ете отырып, Ресейдегі дәрі-дәрмек өндіретін инвесторлар үшін қандай да бір үрейлерден құтылуға мүмкіндік береді. Сирек өндірілетін импорт дәрілерінің арзандауы, баждың төмендеуіне әкеледі.

 

— Қорытындылай келе Ресейдің ДСҰ-ға  қосылуынан тұтынушы ұта ма?
— Соңғы тұтынушы үшін бір сәттік тиімділікті ДСҰ мойнына алмайды, жағымды да емес, жағымсыз да емес. Қорыта келгенде, ол баждардан емес валюталардың курсына, акциздерге байланысты болғандықтан  тауарлар бағасында ұтпауы да мүмкін, бірақ КО нарығында  бәсекелестіктің дамуы мен жаңа өндірушілердің келуінің арқасында жоғары сапалы тауарлардың үлкен таңдауын алатыны айқын.
— ДСҰ-ға кіру кезінде нарықтарды қорғау үшін қолдануға болатын шаралардың қатарында сіз демпингке қарсы тексеріс және арнайы қорғаныс шараларын енгізуді атап өттіңіз. Демпингке қарсы тексерулер түсінікті сияқты, ал бұл арнайы қорғаныстың қандай шаралары. 
— Өндірушілер өздерінің ішкі нарығына қарағанда тауар бағасын төмендетіп  кіргізуде, ал демпингке қарсы тексерістер бір елге немесе елдердің тобына жүргізіледі.
Импорт бойынша барлық  жабдықтаушылардан әкелінген арнайы қорғаныс шаралары нақты тауарға қарсы жүргізіледі, егер бұндай импорт аяқасты, кенеттен болса және ұлттық салаға айтарлықтай шығын келтіреді. Осылайша, арнайы қорғаныс шаралары импорт санаға сыймайтындай жағдайда көтерілген кезде ұлттық өндірушілерді қорғау мақсатында баждарды бекітуді қарастырады. 
 
— Жақын уақыттарда бұл шараларды қолдануға болатын қандайда бір салалар бар ма? 

— Біз комбайндар бойынша тергеулерді бастадық. Бізде қазір бар және құны төмендегеннен кейін күшеюі мүмкін дайын немесе  өте ірі блок түріндегі  комбайндарды әкелудің өсімі байқалады.      

— Ал  ДСҰ-ны «қайта қорыту үшін» бізге қанша жыл керек.
— Бізде өтпелі кезеңдер 3 жылдан 7 жылға дейін бекітілген, яғни, бізге ДСҰ беретін тиімділіктерді толыққанды түрде түсіну үшін 3–5  жыл қажет. Біз осы уақыттарда басым елдер жанында келіссөздер жүргізе аламыз. Қазір біз осындай келіссөздерге басымдықтарды анықтау үшін критерийлер жүйесін дайындап жатырмыз. 
— Қырғызстан КО-ға кіруге өтініш беріпті. Бұл елдің экономикасы «үштікке» кіруге дайын ба? Кеңею Одаққа қалай әсер етеді?
— Қырғызстанның өтінішіне байланысты жақсы жұмыстар жүріп жатыр, біз құжаттарымызбен алмасудамыз, қазір кеңестер өтіп жатыр. Әзірше қандай да шешімдер қабылдауға ерте.

— Кеден одағы кеңеюге дайын ба?

— Ресми түрде  бұған ештеңе кедергі жасамайды. Регламенттер, бізге бұл мәселелердің амалдарын  жетілдіру қажет, әзірше прецеденттер жоқ.

 

Бірақта мақсаттар кеңейе ме?

 

— Менің ойымша, КО-ның ең маңызды міндеті — әлі ешкім кірмеген салынған ғимаратты жабдықтау. Ең бастысы оны бекіту керек, ал есік қағып келгендерді кеудесінен итермейміз. Бірақта— бұндай бекітудің — кеңеюін мен естімедім.​