Жүйеге кіру
ЕБҚ-мен кездесуде ЕЭК Алқа Төрағасы В.Б. Христенконың «Еуразиялық интеграцияның Еуропалық векторы» тезистері

ЕБҚ-мен кездесуде ЕЭК Алқа Төрағасы В.Б. Христенконың «Еуразиялық интеграцияның Еуропалық векторы» тезистері

23.05.2012
Құрметті әріптестер мен достар!

Бүгінгі шараға қатысуға шақырғандарыңызға алғысымды білдіремін. Біз сіздермен ескі достар емеспіз бе, сондықтан бүгін осы жерде болғаныма қуаныштымын. Көптеген жылдар ішінде маған еуропалық бизнеспен қолтықтаса жүруге тура келді  – сіздермен, құрметті әріптестер – әртүрлі саладағы оңай емес сұрақтардың көптігі бойынша белсенді мазмұнды диалог болмақ. Мен бірыңғай айтатынмын, әріптестер арасындағы стартегиялық сипаттар өткір мәселелер мен тартысты көріністердің жоқ болғандығынан емес, ал сондай мәселелерді ашық талқылап әрі салмақтап отырып шешу қабілеттілігінен анықталады.  Бізге бұның сәті түскені айқын. Мен бұл жағымды тәжірибе болашақ ынтымақтастықтарды дамыту үшін тамаша негіз болады деп білемін.

Сіздердің қауымдастық – расында да ерекше алаң. Бұл жерде әр елдің кәсіпкерлері ортақ тіл табысады, бір бірін жақсы түсінуге үйренеді, жаңа жобаларды бастайды, стратегиялық әріптестерді табады.  Сіздер басым назар аударған тізім үнемі Ресейдің экономикалық саясатының өз тұрғысынан өзекті картасы болған еді.

Енді бұл жұмысты жаһандық контексттерден бөліп алып қарау мүмкін емес (ДСҰ, КО және БЭК). Маған бүгін болашақтарды қалай көретініме қатысты бірнеше сөз айтуға мүмкіндік беріліп отыр.

Аздап контексттер туралы. Ресей ДСҰ-ға кірудің процесінде тұр. 17 жыл, Ресей келіссөздер жүргізгенше, ДСҰ да, Ресейдің өзі де өзгерді. Бүгінгі күні өзгерген Ресейдің қатты өзгеріп кеткен ұйымға енуі туралы сөз болып отыр.

ТМД кеңістігінде экономикалық интеграцияның белсенді процесі жүріп жатыр. Бұл жаңа мүмкіндіктер әкелетініне сенімдімін.

Бұл қозғалыстардың қозғаушысы жаһандық экономикалық дағдарыс. Интеграцияны тереңдету жөнінде принципті шешімдер қабылданды, олар біздің елдің экономикалары шыдамды қылуға себеп болары анық. Бұл таңдау кездейсоқ емес. Аймақтандыру барлық әлемде жаһандық дағдарысқа дамудың жалғыз үлгісі сияқты жалғыз жауап болды.

Экономиканың өсуінің басқа іргелі драйверлері байқалмайды. Кедергілерді жою және шектеу,  бірыңғай нарық қалыптастыру – біздің елдердің экономикасында жаңа күш бере алатын жалғыз драйвер. Сондықтан біз бұл процестердің айтарлықтай тездетілуі үшін шешімдер қабылдадық.

Нәтижесінде соңғы төрт жыл ішінде сапалы қозғалыстар болып өтті – Ресей, Беларусь пен Қазақстанның Кедендік одағы жұмысын бастады. Үш елдің аумағында бірыңғай Кедендік кодекс нормалары қолданылады, Бірыңғай кедендік тариф қолданылады, бірыңғай сыртқы сауда және кедендік реттеу жүйесі, техникалық реттеу саласындағы бірыңғай құқықтық алаң күшінде болады. 

Қазір нақты нәтижелерін көріп отырмыз.

2012 жылдың 1 қаңтарынан біз келесі кезеңге өттік – Біртұтас экономикалық кеңістігін құру.

Бүгін бұл алаңда жүйелі жұмыс құрылған. Ұлттықтан жоғары деңгейге кезеңменен жаңа өкілеттіліктер беріліп жатыр. 

Президенттердің шешімімен  Еуразиялық экономикалық комиссия құрылды және ол белсенді жұмыс атқарып жатыр, ол өз бетінше шешімдер қабылдайды.  ЕЭК-ның жұмыс органы Алқа болды,  мұнда тараптар өз өкілдерін, маңызды ынтымақтастық бағыттары бойынша министрлерді делегат қылып отыр. Оларды «еуразиялық комиссарлар» деп атауға болады.

ЕЭК – негізгі ұстанымдары бойынша прецедентсіз құрылым. Мәртебесі жағынан – ұлттықтан жоғары орган, өкілеттіліктері жағынан да, жұмыс қарқындарына берілген интеграция ойлары жағынан да – шын мәнісінде, бізге Еуроодақтан бірнеше рет тезірек жолды жүріп өтуге тура келеді. 

Жақын арадағы бірнеше жылдарда біз сапасы жағынан жаңа интеграциялық экономикалық бірлестік құрғымыз келеді. Толық көлемде тауарлардың, капиталдардың, қызмет көрсету мен жұмыс күшінің бірыңғай нарығы жұмыс істеуі керек.

Біздің алдымызда үлкен жұмыс тұр. 2015-ке дейін елдердің арасында қазіргі бар макроэкономикадағы, қаржы саласындағы, көлік пен энергетика, сауда мен инвестиция, өнеркәсіп пен агроөнеркәсіп кешендері салаларындағы келісімдерді  (17 дана) іс жүзіне аударуымыз керек. Бұл олардың дамуында бірнеше ондаған құжаттар қабылдануы керектігін білдіреді, соның ішінде, тікелей қолданылатындар. Бұдан бөлек, 2015 жылы Кеден одағы және Біртұтас экономикалық кеңістігінің нормативтік-құқықтық базасының кодтандыру аяқталуы керек. 

Осы негізде 2015 жылдан қалмай біз Еуразиялық экономикалық одағы туралы бәрін қамтитын келісім-шартқа қол қоюды ұйымдастыруымыз керек. 

Үш елдің бизнесі үшін – біздің жұмыстың негізгі алаңы – бұл біріздендірілген заңнамалармен 165 млн. тұтынушыларға бірыңғай нарықты құру екендігін білдіреді. Макроэкономикалық саясат, бәсекелестік ережелері, техникалық реттеу жүйелері, көлік, табиғи монополиялар тарифтері, ауылшаруашылығы және өнеркәсіптік субсидиялар тұрғысынан үйлестірілген заңнамалар. 

Шешімдерді жетілдірудің тиімді процестерін қамтамасыз ету үшін Комиссияның жанында Комиссияның консультативтік органдарының бірінші кезегі құрылды: сауда, техникалық реттеу, салық саясаты бойынша консультативтік комитеттер. Комитеттер енді белсенді жұмыс атқарып жатыр.  Басқалары да болады.

Бұдан басқа, Консультативтік Кеңес– бизнеспен өзара әрекеттестіктің коммуникативтік алаңдарын құру жөнінде жұмыс жүргізіліп жатыр, бұнда біз дәлме-дәл шешімдерді тез жасап алу үшін әрекеттерді ашық форматта үйлестіріп және көкейтесті ете алар едік. 

Біз қазір Бизнес-диалогтың ұйымдастырылуын барлық бөлшектеріне дейін  Ресей кәсіпкерлері қауымдастығы (РӨКҚ), Қазақстанмен (Атамекен) және Беларуспен (Беларусь Республикасы өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің (жалданушылардың) конфедерациясы) бірге белсенді түрде қарастырып жатырмыз. 

Сонымен қатар біз тікелей ішкі мәселелерді шешкенде үндемей қалып тұруға бармайын деп отырмыз. Комиссия ТМД және біздің мүшелер қатысушы болып табылмайтын басқа да халықаралық ұйымдар  форматында белсенді қарым-қатынастарға бет алып отыр. Бізге біздің бірлестік халықаралық экономикалық күн тәртібін жасау кезінде белсенді қатысушы болғаны маңызды.

Еуропалық алаңға қайта оралсақ.

Сол бір жаһандық дағдарыс,  Еуразиялық интеграциялық жобасын алға бастыруға себеп болды,  Еуразия елдерінің экономикасы бөлек күйлерінде жетерліктей мықты запастарға ие емес.

Бұдан басқа, Еуропаға тән  индустриясыздандыруға беталыстар, соңғы онжылдықтарда қосымша қатерлер пайда етіп, оның экономикасының тұрақтылығын азайтып отыр. Біз кейбір мысалдардан бұндай саясаттың зардаптары жағымсыз екендігін көріп отырмыз. Бұл күн тәртібіне еуропалық құрлықты индустриализациялаудың жаңа толқынын  ынталандыру мәселесін қояды, онымен бірге экономикалық өсудің жаңа толқыны да бар.    Осы жұмыста Кеден одағы елдері мен  Еуропа – табиғи әріптестер, бір біріні органикалық толықтырады. 

Еуропалық одақ  Кеден одағы елдерінің негізгі сауда-экономикалық әріптесі – бұл 50%-дан астам (58,5% І тоқсанда) экспорт және 40%-дан астам (42,7%  І тоқсанда) – импорт. Өз кезегінде Еуроодақ үшін – Кедендік одағы – АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші сауда әріптесі. Мен мұндай қатынастардың қасиеті болашақта да сақталатынына сенемін. Ол үшін бүкіл объективті алғышарттар бар: ол экономика болсын, саясат немесе жалпы тарих.

Сондықтан мен біз жаңа ортаның алғышарттарын тиімді пайдалануға үйренетінімізге сенімдімін. Біздің алдымызда орасан зор біріккен жұмыстарды атқару мақсаттары тұр.

Еуропалық әріптестермен және бизнесмендермен қатынастардың тәжірибелері мені біздің ынтымақтастықтарымыздың тиімді тұжырымдарын түсінуге алып келді.  Біздің көздеген бағытымыз үйлестірілген сауда, өнеркәсіп және реттеуші саясат болып табылады.  Сонымен қатар стандарттар жүйесі. Мұндай тәжірибе қазір орын алды, мен сіздердің Қауымдастықтарыңыздың жұмыстары бұған өте қажет болатындығына толықтай сенімдімін.                          

 

Соңғы онжылдықтарда бизнестің өзара әрекеттестігіне сапалы құлшыныстар жасалды. Ең бастысы, менің ойымша, ынтымақтастықтың жаңа форматын жасауға қол жеткізілді, ол өзара ұзақмерзімді мүдделер мен әріптестердің бір біріне деген сенімдеріне негізделген.

Кеден одағы мен Біртұтас экономикалық кеңістігінің дамуы үлкен көлемдегі қызықты әрі аса ірі жобалармен байланысты болатындығына сенімдімін. 

Еуразиялық экономикалық комиссия Төрағасы, Алқа Төрағасы ретінде Еуразиялық және Еуропалық кеңістігінің бизнесі үшін бір біріне қызығушылық тудыратын диалогтың жалғасуына дайынмын. 

Назарларыңызға рахмет.