Жүйеге кіру
ЕАЭО елдері Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша келіспеушіліктерді жоюда серпілісті қамтамасыз етті

ЕАЭО елдері Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығын қалыптастыру мәселелері бойынша келіспеушіліктерді жоюда серпілісті қамтамасыз етті

23.04.2019
Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Тигран Саркисянның басшылығымен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) ортақ электр энергетикалық нарығын құру туралы мәселе талқыланды. Елдер арасындағы соңғы келіспеушілік бойынша консенсусқа қол жеткізілді. «Электр энергиясының ортақ нарығын құру тұтынушылар үшін электр энергиясының ашық нарықтық бағасын белгілеуге мүмкіндік береді және Еуразиялық «бестік» елдерінің экономикалық өсуіне ықпал ететін болады»,- деп атап өтті Тигран Саркисян. Кездесуге ЕЭК-тің Энергетика және инфрақұрылым жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Эмиль Кайкиев, Ресей Федерациясының Энергетика министрі Александр Новак, Беларусь Республикасының Энергетика министрі Виктор Каранкевич, ЕАЭО мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының басшылары қатысты. Қол жеткізілген уағдаластықтар Одақтың ортақ электр энергетикалық нарығының жұмыс істеуін іске асыруға ЕАЭО туралы шартта белгіленген мерзімде жақындай түсуге мүмкіндік береді. Кеңестің қорытындысы бойынша тараптар тұжырымдамалық шешім қабылдады және қызметтің бәсекелестік әрі табиғи-монополиялық түрлерін электр энергиясының ұлттық нарықтарына бөлумен байланысты соңғы келіспеушілікті халықаралық шартта реттеді. Аталған іргелі мәселе бойынша қағидатты келіспеушілікті жою ЕАЭО ортақ электр энергетикалық нарығын құру үшін «жасыл жарық» ашады. Құжатты биылғы жылғы мамырда Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес мүшелерінің қол қоюына шығару жоспарлануда.