Жүйеге кіру
ЕЭК қытай мойынтіректеріне демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімін ұзартты және Ресейді ЕАЭО құқығын сақтау қажеттілігі туралы хабарландырды

ЕЭК қытай мойынтіректеріне демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімін ұзартты және Ресейді ЕАЭО құқығын сақтау қажеттілігі туралы хабарландырды

22.08.2018

Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасы отырысында 21 тамызда сауда, ішкі нарықтардың жұмыс жасауы, техникалық және кедендік реттеу саласындағы мәселелер қаралды. Атап айтқанда, ЕЭК Алқасы Қытайдан әкелінген тербеліс мойынтіректеріне қатысты демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімін ұзартты, балық өсіру үшін жабдықтың жеке түрлеріне кедендік баждарды нөлдеді, ЕЭК және Медициналық бұйымдардың жаһандық номенклатурасына Агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандум жобасын мақұлдады, Еуразиялық экономикалық одақ (ЕАЭО) елдері арасында интеграциялауды тереңдету бойынша басқа шешімдер қатарын қабылдады.
ЕЭК алқасы Қытайдан әкелінген тербеліс мойынтіректерге (инеліден басқа) қатысты демпингке қарсы баждың қолданылу мерзімін ұзартты. Баж Қытайдың өндіруші кәсіпорнына байланысты кедендік құннан 31,3% бастап 41,5% дейін құрайды.
ЕЭК Алқаның 2013 жылғы 17 қыркүйектегі шешіміне сәйкес тербеліс мойынтіректерге демпингке қарсы шара 2018 жылғы 20 қаңтарға дейін қолданылды, тергеу кезеңіне оның мерзімі ұзартылды.
Комиссия қайта зерттеу нәтижелері бойынша Комиссия демпингке қарсы шара болмаған жағдайда қытайлық экспорттаушылар Одақ нарықтарына мойынтіректердің демпингтік бағалар бойынша жеткізілімдерін ұлғайта алады. Бұл саланың экономикалық позицияның нашарлауына әкелуші еді.
Балық аулау үшін жабдықтың жеке түрлеріне кедендік баждар нөлденді, атап айтқанда балықты азықтандыруға арналған жүзгіш құралдарға және ашық теңізде балық өсіруге арналған кішілеу кемелерге. Шара 2019 жылдың 31 желтоқсанына дейін әрекет ететін болады. Бүгінгі күні осы тауарларға кедендік баждар 10-15%-ды құрайды.
Сөз теңіз фермасына орнатылатын және ақсерке мен құбылмалы балықты өнеркәсіптік өсіруге тағайындалған балық өсіретін жабдық туралы болып отыр. Ол ЕАЭО елдерінде өндірілмейді, негізінен Норвегиядан импортталады.
Шара албыртты өнеркәсіптік өсіру көлемдерін арттыруға, Одақтың балық өсірушілік кәсіпорындарының бәсекеге қабілеттілігін күшейтуге, балықты өсіруге жарайтын теңіз учаскелерін игеру және балық өсірушілік фермаларын салу бойынша жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасайды.
ЕЭК Алқасы Ресей Федерациясы Ветеринариялық және фитосанитариялық бақылау жөніндегі Федералдық қызметімен Ресейге Беларусь Республикасынан саңырауқұлақтарды жеткізуге уақытша шектеулерді енгізу туралы мәселені қарады.
Оның ішінде, белорус және ресейлік жақ өкілдері қатысқан талқылау барысында Ресейді Ресейлік ауыл шаруашылықты қадағалаумен Беларусь Республикасынан ресейлік аумаққа жеткізуге уақытша шектеулерді енгізуге байланысты ЕАЭО құқығын сақтау қажеттілігі туралы шешім қабылданды.
Шектеу Ресей ауыл шаруашылықты қадағалау 14 шілдеде карантиндік фитосанитарлық бақылау пунктінде белорус кәсіпорнымен экспортталатын, таңбаламасында шығару елі деп Польша Республикасы көрсетілген жаңа піскен соңырауқұлақтар топтамасын анықтауына байланысты енгізілді. Бұл ретте жүкке Беларусь уәкілетті органымен берілген фитосанитариялық сертификат іле жүреді.
Ресей ауыл шаруашылықты қадағалаумен 24 шілдеден бастап тауарды шығарушы ел Беларусь Республикасы болып табылатын саңырауқұлақтарды Ресейге әкелуге толық тыйым салу туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ, белорус жағына өсімдік текті өнім айналымын бақылауды күшейту ұсынылды.
Ресей Федерациясының мұнайына ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметінің Тауарлық номенклатурасына сәйкес (СЭҚ ТН) нөлдік экспорттау бажы салынатын кен орындар тізбесі Оңтүстік-Ляминск мұнай кен орнымен толықтырылды.
ЕЭК Алқасы мазмұнында зерттеулердің (сынаулардың) және өлшемдердің ережелері мен әдістері, оның ішінде ЕАЭО-ның «Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар және техникалық реттеу нысандарының сәйкестілігін бақылау» техрегламентінің талаптарын қолдану және техникалық реттеу нысандарының сәйкестілігін бағалауды жүзеге асыру Бағдарламасын бекітті.
Бағдарлама жауапты әзірлеушісі Қазақстан болып анықталған бір мемлекет аралық стандартты және қолданыстағы мемлекет аралық стандарттың қатарын қайта қарау негізінде алты мемлекет аралық стандартты 2019 жылға дейін дайындауды көздейді, бұнымен Ресей айналысады.
Бағдарлама, атап айтқанда, минералдық тыңайтқыштарда табиғи радионуклидтердің үлесті белсенділігін анықтау әдісін әзірлеуді қамтиды (оны Қазақстан әзірлейді). Сонымен қатар, Бағдарламаға сынамаларды іріктеу және дайындау, минералдық тыңайтқыштарда түйірөлшемдік құрамды, аммиак селитрасында және оның негізіндегі тыңайтқыштарда хлоридтердің массалық үлесін анықтау әдістерін әзірлеу кіреді.
Кедендік декларацияны беру ЕАЭО «Минералдық тыңайтқыштарға қойылатын талаптар туралы» техрегламенті талаптарына сәйкестілікті бағалау туралы құжатты ұсыну іле жүретін өнімге қатысты өнім тізбесі бекітілді.
Тізбеде - ЕАЭО СЭҚ ТН кодтары бар тыңайтқыштардың бес түрі. Бұл азотты, калийлік, фосфорлы тыңайтқыштар, сонымен қатар мәлімделген бірнеше негізгі қоректендіргіш элементтері бар, оның ішінде макро- және микроэлементтер, микротыңайтқыштар мен кешенді тыңайтқыштар. Техрегламент органикалық және органоминералдық тыңайтқыштарға тарамайды.
ЕЭК Алқасы Еуразиялық экономикалық комиссия және Медициналық бұйымдардың Жаһандық номенклатурасы агенттігі арасында өзара түсіністік туралы меморандум жобасын мақұлдады.
Агенттік медбұйымдар түрлерінің халықаралық деңгейде танылған жүйеленген номенклатуралық сыныптауышты қалыптастырады және толтырады. Қазір жаһандық номенклатураны медициналық бұйымдардың 70 астам ұлттық реттегіштерді қолданады.
Меморандум шеңберінде Жаһандық номенклатура өзгерулеріне сәйкес ЕАЭО медбұйымдар номенклатурасын жаңарту, ақпаратпен және тәжірибемен алмасу, өзара қызығушылық болып табылатын мәселелер бойынша бірлескен кездесулерді, кеңестерді, ғылыми-тәжірибелік семинарлар мен конференцияларды жүргізу жоспарланған.
Меморандумды жүзеге асыру ЕАЭО медициналық бұйымдар номенклатурасын Ғаламдық номенклатурамен үндестіруге, Елдер медбұйымдарын сыныптау, олардың номенклатураларын жетілдіру бойынша өзара іс-қимыл жасауды ретке келтіруге жәрдемдеседі.
Медициналық бұйымның тіркеу құжаттамасына енгізілетін өзгертулер түрлерінің анықтамалығы және медбұйымның тіркеу құжаттамасын қарау кезінде ресімделетін құжаттар түрлерінің сыныптауышы бекітілді.
Анықтамалық пен сыныптауыш ЕАЭО нормативтік-анықтамалық ақпараттың бірыңғай жүйесінің ресурстары құрамына қосылды. Анықтамалық пен сыныптауыштың кодтық белгілеулерін қолдану Одақта медбұйымдар айналымы саласында жалпы процестерді жүзеге асыру кезінде міндетті болып табылады.
Анықтамалық Медбұйымдар қауіпсіздігін, сапасын және тиімділігін тіркеу және сараптамасы ережелеріне сәйкес медициналық бұйымның тіркеу құжаттамасына енгізілетін өзгертулерге қатысты мәліметтерді кодтау негізінде қалыптастырылған. Сыныптауыш - медбұйымның тіркеу құжаттамасын қарау кезінде ресімделетін құжаттар түрлеріне қатысты мәліметтерді кодтау негізінде.
Бекітілген құжаттарды ЕАЭО елдерінің уәкілетті органдары арасында электрондық өзара іс-қимыл жасау кезінде, оның ішінде Одақта тіркелген медициналық бұйымдардың бірыңғай тізілімін қалыптастыру, толтыру және қолдану кезінде, сондай-ақ Тіркеу ережелерімен көзделген рәсімдерді орындау туралы өтініштерді қалыптастыру кезінде қолдану болжамданып отыр.
ЕЭК Алқасы сыртқы және ішкі сауданы реттеу кезінде ЕАЭО мемлекеттерінің уәкілетті органдарымен ресімделетін, оның ішінде тыйымдар мен шектеулерді сақтауды растау үшін кедендік операцияларды жасау кезде ұсынылатын құжаттардың дерекқорларын қолданудың жалпы процесін жүзеге асыру ережелерін бекітті.
Құжат деректердің бірыңғай ауқымын қолдану кезінде ұйымдық және техникалық шешімдерді сәйкестендіруді қамтамасыз етеді. Ақпараттық ынтымақтастық есебінен уәкілетті және мүдделі органдардың өзара әрекеттесуі өте жеңіл және тиімдірек болады.
ЕЭК Алқасы мамандандырылған тамақ өнімдерін ЕАЭО СЭҚ бірыңғай ТН жеке позицияларында топтастырды.
Ұнтақ немесе концентрацияланған сұйықтық түріндегі, дәрумендер, микро- және (немесе макроэлементтер) қосылған, аминқышқылдар мен өсімдік сығындыларының қоспасынан тұратын, құрамында қосымша заттар бар мамандандырылған тамақ өнімі адам тамақтануына үйлесімді толықтыруға тағайындалған және қолданар алдында қосымша дайындауды (сумен араластыруды) талап етеді, ЕАЭО СЭҚ ТН 2106 тауар позициясында айқындалған. Сұйықтық түріндегі, дәрумендер, микро- және (немесе макроэлементтер) қосылған, ақуыздар, өсімдік майлары, көмірсулар қоспасынан тұратын, құрамында қосымша заттар бар мамандандырылған тамақ өнімі адам тамақтануына үйлесімді толықтыруға тағайындалған және сусын ретінде тұтынылады, ЕАЭО СЭҚ ТН 2202 тауар позициясына жатқызылған.
ЕЭК Алқасы гидравликалық перфораторды және батырмалы пневмоұрғышты ЕАЭО СЭҚ ТН 8412 тауар позициясында топтастырды, бұл осы құрал сайманды ЕАЭО елдерінде топтастырудың біркелкі тәсілін қалыптастыру үшін қажет.