Жүйеге кіру
ЕАЭО-да Интернеттегі зияткерлік меншік құқықтарын бұзушылықпен күрес жөнінде келісілген тәсілдемелер тұжырымдалатын болады

ЕАЭО-да Интернеттегі зияткерлік меншік құқықтарын бұзушылықпен күрес жөнінде келісілген тәсілдемелер тұжырымдалатын болады

Фото.jpg
22.06.2020

Бұл туралы ЕЭК штаб-пәтерінде өткен Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитеттің қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның Экономика және қаржы саясаты жөніндегі министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді.

 

Талқылауға Еуразиялық экономикалық одақтың барлық елінің, сондай-ақ Еуразиялық патенттік ведомствоның және ТМД Атқарушы комитетінің өкілдері қатысты.

 

Отырысқа қатысушылар өнеркәсіптік меншік объектілерін құру мен пайдалануды мемлекеттік ынталандыру, зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтарды бұзудан келетін залал көлемін, «қатарлас» импортты және ЕАЭО мемлекеттерінің патенттік ведомстволарының функционалын дамыту мүмкіндіктерін айқындау мәселелерін талқылады.

 

Сондай-ақ, Одақ елдеріндегі зияткерлік меншік саласындағы талдамалық шолу қаралды. ЕЭК дайындаған бұл ақпарат мүше мемлекеттердің зияткерлік меншікті құқықтық қорғау және сақтау саласындағы заңнамасын талдауды, құқықтарды ұжымдық басқару жөніндегі уәкілетті органдар мен ұйымдардың қызметіне шолуды қамтиды. Сараптамалық шолуда зияткерлік меншік объектілеріне арналған құқықтардың экономикалық аспектілеріне көп көңіл бөлінген.


Анықтама

Зияткерлік меншік жөніндегі консультативтік комитет 2012 жылғы 25 қыркүйекте құрылды. Комитеттің құрамына ЕАЭО мемлекеттерінің министрліктері мен ведомстволарының басшылары, басшыларының орынбасарлары және бизнес-қоғамдастық өкілдері кіреді.

Комитет ЕЭК үшін зияткерлік меншік саласында ұсынымдар дайындаумен, консультациялар өткізумен, Одақ мемлекеттерінің уәкілетті органдарының өзара іс-қимылы бойынша ұсыныстар дайындаумен және басқа да мәселелермен айналысады.​