Жүйеге кіру
ЕЭК және Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі қант, сүт, май және құс шаруашылық өнімдерінің шекарааралық нарықтарындағы бәсекелестіктің күйі мәселелеріне қатысты кеңес өткізді

ЕЭК және Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі қант, сүт, май және құс шаруашылық өнімдерінің шекарааралық нарықтарындағы бәсекелестіктің күйі мәселелеріне қатысты кеңес өткізді

22.05.2015

22 мамырда Астанада Еуразиялық экономикалық комиссияның бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі Коллегиясының Мүшесі (Министр) Нұрлан Алдабергеновтың және Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрі Асылжан Мамытбековтың жетекшілігімен Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) шекарааралық нарықтарындағы монополияға қарсы реттеу мәселелері талқыланатын кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Қазақстанның құс өсірушілер одағының, Қазақстанның Сүт одағының, Қазақстанның май өнеркәсібі кәсіпорындары ассоциациясының, Қазақстанның Ет-сүт одағының, Қазақстанның Кондитерлер ассоциациясының, КазАгро, Өскемендік құс фабрикасының, Eurasian Foods, сондай-ақ, агроөнеркәсіптік кешеннің басқа ірі кәсіпорындарының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарының және Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Кеңес шеңберінде Нұрлан Алдабергенов қант, сүт, май және құс шаруашылығының өнімдеріің шекарааралық нарықтарындағы бәсекелестіктің күйіне мониторинг жасау нәтижелері туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Мысалы, оның сөздеріне бойынша, Қазақстан Республикаында қанттың (30%), қант шикізатының (95%), сүт және сүт өнімдерінің (45%), күнбағыс майының (30%), құс етінің (55%) дефициті жағдайларында бәсекелестіктің тең жағдайларын қамтамасыз ету және ішкі нарықты қорғау мәселелері, әрі ЕАЭО шекарааралық нарықтарында қазақстандық агроөнеркәсіптік кәсіпорындардың өнімдерінің бәсекелестікке қабілеттілігінің басқа мәселелері қарастырылды.

Бұған қоса, ЕЭК бәсекелестікті шектеуге және бағаларды жоғарылатуға әкелетін құқық иелері мен олардың дистрибьюторларының әрекеттерін жосықсыз бәсекелестік деп мойындауға қатысты Қазақстанның монополияға қарсы заңнамасын жетілдіру туралы ұсыныстарды ұсынды. Атап айтқанда, кеңес қатысушыларының ерекше қызығушылығын Қазақстанда қолданылатын John Deer «W540» комбайндарына ауылшаруашылық техникасы өндірушілерінің ресми дилерлерінің бағаларындағы айырмашылығы туралы ақпарат тудырды. Мысалы, Қазақстанда бұл комбайн Ресеймен салыстырғанда 20 мың еуроға дейін қымбатырақ және Германиямен салыстырғанда 35 мың еуроға дейін қымбатырақ тұрады. Осыған байланысты, ЕЭК өкілдерінің пікірі бойынша, «параллельді» импорттау Қазақстанда және жалпы алғанда ЕАЭО елдерінде көп импортталатын тауарларға, соның ішінде, ауылшаруашылық техникасына және жабдығына бағаларды айтарлықтай төмендетуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, кеңес қорытындылары бойынша жосықсыз бәсекелестік, бәсекелестікке қарсы келісімдер, тамақ өнеркәсібінің, ауылшаруашылық жабдығы мен техникасының шекарааралық нарықтарындағы басым жағдайды теріс пайдалану фактілерін анықтау жөніндегі тұрақты әрекет ететін Жұмыс тобын құру туралы келісімдерге қол жетті.