Жүйеге кіру
ЕАЭО-да сыртқы сауданың оң сальдосы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз ету болжануда

ЕАЭО-да сыртқы сауданың оң сальдосы және ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі түрлері бойынша өзін-өзі толық қамтамасыз ету болжануда

21.07.2020
21 шілдеде Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасы 2020-2021 жылдарға арналған агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың бірлескен болжамдарын, ЕАЭО мемлекеттерінің ауыл шаруашылығы өнімдері, азық-түлік,  зығыр талшықтары,  былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн бойынша сұранысы мен ұсынысының теңгерімдерін мақұлдады. Бұдан кейін құжатты ЕЭК Кеңесі мен Еуразиялық үкіметаралық кеңес қарайтын болады.

Болжамға сай 2021 жылы 2018 жылмен салыстырғанда  ауыл шаруашылығы өнімі өндірісі долларлық баламасында 8,2% артады. Өзара сауданың өсімі 15,8% болады.Үшінші елдерге экспорт 11,5% өседі, импорт 12,2% қысқарады. Осының себебінен сыртқы сауданың оң сальдосы құралады - 1,1 млрд АҚШ доллары болады. Бірлескен болжамдар  бұдан бұрын ЕЭК Кеңесі бекіткен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың индикативтік көрсеткіштерінің тізбесіне және ЕАЭО елдерінің сұраныстары мен ұсыныстарының жиынтық болжамдық теңгерімдеріне сәйкес қалыптастырылған.

Индикативтік көрсеткіштердің тізбесіне егіс алқаптары, мал мен құс саны, ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің тұтастай алғандағы көлемі бойынша, сондай-ақ заттай көріністегі негізгі түрлері бойынша мәліметтер, ауыл шаруашылығы тауарларының экспорты мен импортының құндық көлемі және басқалар кірістіріледі.

Жиынтық болжамды теңгерімдер ауыл шаруашылығы өнімдері мен азық-түліктің негізгі түрлері бойынша, соның ішінде астық, сүт, картоп, жұмыртқа, көкөніс-бақша дақылдары, жемістер мен жидектер, қант, өсімдік майлары бойынша, сондай-ақ жеңіл өнеркәсіпке арналған  ауыл шаруашылығы шикізатының негізгі түрлері (зығыр талшығы, былғары шикізаты, мақта талшығы және жүн) бойынша қалыптастырылған.

Одақ меншікті өндірісі есебінен астыққа, қантқа, өсімдік майларына, тауық жұмыртқасына, шошқа етіне, қой етіне деген ішкі қажеттілікті толық қанағаттандырады. Одақ өзін-өзі қамтамасыз етуге құс еті бойынша 2020 жылы, картоп бойынша 2021 жылы шығады. Бұл көрсеткіш сүт пен көкөніс бойынша 98% құрайды.

Өзара жеткізілімдерді ескере келгенде, қамтамасыз етілу деңгейі Арменияда астық бойынша –  93,6%-дан  95,3%-ға дейін, ет және ет өнімдері –  71,3%-дан  93,3%-ға, соның ішінде сиыр еті бойынша –  91%-дан 105%-ға дейін, шошқа еті – 55,7%-дан  114%-ға дейін, құс еті –  38%-дан 54,3%-ға дейін, сүт –  94,4%-дан  100%-ға дейін, өсімдік майлары – 92%-дан  106%-ға дейін, қант –  81,3%-дан  111%-ға дейін,  картоп – 73%-дан 90,7%-ға дейін; Беларусьте –  астық бойынша 88,8%-дан 100,7%-ға дейін, шошқа еті – 97,7%-дан 101,7%-ға дейін; Қазақстанда – сиыр еті бойынша 98,4%-дан 105%-ға дейін, шошқа еті – 94,6%-дан 118%-ға дейін, құс еті – 72,3%-дан 77,6%-ға дейін, сүт –  98%-дан 101%-ға дейін; Қырғызстанда – астық бойынша 97%-дан 104,5%-ға дейін, өсімдік майлары – 97,8%-дан 102,7%-ға дейін, көкөніс – 96,2%-дан 103,3%-ға дейін; Ресейде – сүт бойынша 95%-дан 97,6%-ға дейін, көкөніс – 90,3%-дан 92,5%-ға дейін артатыны болжанып отыр.

Бірлескен болжамдар агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жүйелі құжат, өзара жеткізілімдер әлеуетін, АӨК-тің негізгі салаларын дамыту перспективаларын, Одақ нарығының  сыйымдылығын ескере отырып олардың инвестициялық тартымдылығын бағалаудың және  азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі болып табылады.​