Жүйеге кіру
ЕЭК мемлекеттік сатып алулар мақсаты үшін ЕАЭО шеңберінде тауар шығарылған елді растау жөнінде актілер әзірлеуді бастайды

ЕЭК мемлекеттік сатып алулар мақсаты үшін ЕАЭО шеңберінде тауар шығарылған елді растау жөнінде актілер әзірлеуді бастайды

21.07.2020
Еуразиялық үкіметаралық кеңес мемлекеттік сатып алуларды жүзеге асыру кезінде тауар шығарылған елді айқындау бойынша ЕАЭО мемлекеттерінің өндірушілері үшін қажет өкім қабылдады.

Өкім Беларусь пен Қазақстанның мемлекеттік органдары мен шаруашылық жүргізуші субъектілерінің  Ресей Федерациясы Үкіметінің биылғы 30 сәуірдегі № 616 қаулысына, онда ЕАЭО мемлекеттерінің өнім жеткізушісі Ресейдегі мемлекеттік сатып алуларға  оның тауары Еуразиялық өнеркәсіп өнімі тізіліміне кіргізілгенде ғана қатыса алады деп жазылуына қатысты өтіністеріне байланысты қабылданды.

Өз кезегінде, бұл тізілімге ЕАЭО елдерінің тауарлары егер олар Ресей Федерациясы Үкіметінің басқа – 2015 жылғы 17 шілдедегі № 719 қаулысымен белгіленген өнеркәсіп өніміне қойылатын талаптарға сәйкес келген жағдайда ғана кіргізілуі мүмкін.

Осыған байланысты ЕАЭО елдерінің өнеркәсіптік өнімін ресейлік мемлекеттік сатып алуға жіберуді қамтамасыз ету үшін Еуразиялық үкіметаралық кеңестің өкімімен Ресей Үкіметінен  «Ресей тауары», «Ресей Федерациясының аумағында жасалған технологиялық операция» ұғымдары мен «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекетте шығарылған тауар», «Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттің аумағында жасалған технологиялық операция» ұғымдарының баламалылығын тануды ескере отырып, Одақ елдерінің СӨП берген сараптама актілері негізінде мүше мемлекеттердің өнімдерін Еуразиялық тізілімге кіргізуді қамтамасыз етуді сұрау көзделген. Мұндай механизмді 2020 жылғы 31 желтоқсанға дейін пайдалану ұсынылды.

Осымен бір мезгілде Комиссияға жыл соңына дейін Еуразиялық өнеркәсіп өнімі тізілімін жүргізу қағидасы мен Мемлекеттік (муниципалдық) сатып алулар мақсаты үшін Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тауар шығарылған елді растау тәртібін әзірлеуді және қабылдауды тапсырды.

Комиссия ұлттық Үкіметтер жағынан, сол сияқты бизнес жағынан мүдделі тұлғалардың үлкен тобының қатысуы кезінде тиісті рәсімдерді регламенттеу мүмкіндігін қарайды.​