Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің бас санитариялық дәрігерлері COVID-19 пандемиясы жағдайында Одақ құжаттарын дайындауды және қолданыстағы шектеулерді бәсеңдетуді талқылады

ЕАЭО елдерінің бас санитариялық дәрігерлері COVID-19 пандемиясы жағдайында Одақ құжаттарын дайындауды және қолданыстағы шектеулерді бәсеңдетуді талқылады

21.07.2020
Еуразиялық экономикалық одақтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттық саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің отырысында Үкіметаралық кеңес бекіткен ЕАЭО-да коронавирус инфекциясының және басқа да жұқпалы аурулардың таралуын болдырмау жөнінде денсаулық сақтау және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы  іс-шаралардың кешенді жоспары туралы, сондай-ақ ЕЭК Алқасының Одақтың кедендік шекарасында және кедендік аумағында «жасыл дәліздердің (көлік маршруттарының)» объектілері жұмысын ұйымдастыруға қойылатын уақытша санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды мақұлдауы туралы ақпарат ұсынылды.

Комиссияның құжат жобасын  халықаралық теміржол қатынасын қайта бастау тәсілдемелерін айқындау бойынша әзірлегені және оны сарапшылық деңгейінде пысықтауға дайын екендігі атап өтілді.

Эпидемиологиялық жағдаятты ескере отырып, бірқатар мүше мемлекет бұрын белгіленген шектеулерді алып тастайды. Мысалы, Беларусь Республикасында бүгінгі күні келетін азаматтар үшін 14 күндік обсервацияға қатысты талаптар жоқ, ал COVID-19 ПТР-зерттеулерінен өту ұсынымдық сипатқа ие.

15 шілдеден бастап Ресей Федерациясының аумағына тұрақты әуе рейстерімен келетін адамдарды 14 күнге оқшаулау жойылды. Ресейге тұрақты рейстермен келетін шетелдік азаматтар келгенге дейін кемінде күнтізбелік үш күн бұрын іріктелген материалды COVID-19 ПТР әдісімен зерттеудің теріс нәтижесі туралы мәліметтерді ұсынады, ал күнтізбелік үш күн ішінде тұрақты рейстермен келетін ресейлік азаматтар COVID-19 тестінің нәтижелерін ұсынады.

Бұдан басқа,  жеке алғанда әрбір өңірдегі эпидемиологиялық жағдаятты ескере отырып,  Ресей Федерациясы бұрын енгізілген шектеулерді алып тастауды жалғастыруда. Елде театрлар, кинотеатрлар, курорттар қайта жұмыс істей бастайды; спорт іс-шараларын ұйымдастыруға рұқсат етіледі.

Анықтама

ЕАЭО мемлекеттерінің халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттығы саласындағы уәкілетті органдары басшыларының кеңесі Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің 2016 жылғы 31 мамырдағы № 9 шешімімен құрылды.  ​