Жүйеге кіру
ЕЭК пен ЕАДБ өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың түйінді бағыттарын айқындады

ЕЭК пен ЕАДБ өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықтың түйінді бағыттарын айқындады

21.12.2020

ЕЭК штаб-пәтерінде Еуразиялық экономикалық комиссияның    Өнеркәсіп және АӨК жөніндегі Алқа мүшесі (министр)  Артак Камалян мен Еуразиялық даму банкі Басқармасының төрағасы Николай Подгузов ЕЭК пен ЕАДБ арасындағы өнеркәсіп саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Атап айтқанда, олар   импорт алмастыру саласындағы жобаларды, Еуразиялық мемлекетаралық бағдарламаларды  қаржыландыруды және Еуразиялық экономикалық одақтағы  өнеркәсіп кәсіпорындарын қолдау шараларын қолдануды талқылады.

Кездесуге қатысушылар Комиссия мен ЕАДБ өз күш-жігерін ЕАЭО-дағы индустрияландыру картасының және  агроиндустрияны дамыту картасының кооперациялық жобаларына шоғырландырады деп шешті. Индустрияландыру картасы -  бұл жалпы сомасы 195 млрд АҚШ  долларын құрайтын өнеркәсіп саласындағы 177 ірі  инвестжоба, ал АӨЕ бойынша  - 10 млрд АҚШ  долларына жуық 100-ден астам инвестициялық және инновациялық жоба. 

Артак Камалян ЕАДБ-ды Комиссия қалыптастыратын мемлекетаралық бағдарламалар негізіндегі инновациялық жобаларды қаржыландыруға шақырды. Атап айтқанда, кездесуде Жерді қашықтан зондтау саласындағы бірінші пилоттық мемлекетаралық бағдарлама және энергетика объектілерінің тиімділігі мен беріктігін арттыру  жөніндегі мемлекетаралық бағдарлама жобасы талқыланды.

«Өнеркәсіптік интеграцияны дамыту және  шағын әрі орта  кәсіпорындар арасындағы ынтымақтастықты дамыту үшін  біз өнеркәсіп саласында  ынтымақтастықтың  жаңа құралдары мен механизмдерін жасаумен және ендірумен тұрақты жұмысты жүзеге асырамыз. Бірлесіп қаржыландыру және мемлекетаралық бағдарламаларды іске асыру біздің елдеріміздің өнеркәсіп кешендеріндегі инновациялық қызметті ынталандыруға ықпал ететін болады»,- деп атап өтті ЕЭК  министрі Артак Камалян. 

Мүше мемлекеттердің өнеркәсіп саласындағы және агроөнеркәсіптік кешендегі  жобаларды іске асыру кезіндегі қолдау шараларын көздейтін мемлекеттік бағдарламаларына Еуразиялық даму банкін кірістіру мүмкіндігін ЕАЭО елдерімен бірлесіп пысықтау ұйғарылды.

«Бүгін біз келешекке арналған ынтымақтастықтың түйінді бағыттарын айқындадық – бұл қаржыландыру үшін кооперациялық жобалар пулымен жұмыс істеу, соның ішінде азық-түлік саласында көтерме сауда-бөліп тарату орталықтарын құру, авиажасаудағы кооперация, бизнес-бастамаларды қолдау үшін жеңілдікті механизмдер әзірлеу, интеграциялық жобаларды қаржыландыру үшін критерийлердің қолжетімділігі», – деп түйіндеді ЕЭК министрі.​​