Жүйеге кіру
ЕАЭО-ның «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бойынша өтпелі кезең аяқталды

ЕАЭО-ның «Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» техникалық регламенті бойынша өтпелі кезең аяқталды

1100_IMG_5079.jpg
21.10.2019

Биылғы 18 қазанда өтпелі кезеңнің аяқталуымен техрегламент күшіне енген күнге дейін, яғни 2018 жылғы 18 сәуірге дейін берілген ұлттық заңнама талаптарына сәйкестікті бағалау туралы құжаттармен аттракциондарды айналысқа шығару мүмкіндігі тоқтатылды.

Сондай-ақ бұрын сәйкестікті міндетті бағалауға жатқызылған өнімді шығаруға 2019 жылғы 18 қазанға дейін жол берілді. Енді жол берілмейді.

Сөйтіп, үстіміздегі жылғы 18 қазаннан бастап барлық аттракциондар олардың ЕАЭО техрегламентіне сәйкестігі кезінде және осындай сәйкестікті растайтын құжаттар бар болуы кезінде ғана айналысқа шығарылуға тиіс.

Сәйкестік сертификаты қауіптілігі көтеріңкі механикаландырылған аттракциондар үшін қажет. Мәселен, бұл механикаландырылған жетегі бар шолу дөңгелегі, соқтығыспалы электр автомобильдері, толық төңкерілетін әткеншектер және көптеген басқалары. Сәйкестік туралы декларация пайдалану кезіндегі қаупі аздау механикаландырылмаған аттракциондар үшін де қажет, ол төбешіктер, соның ішінде су төбешіктері, батут, қолмен тербететін әткеншектер мен айналдырғылар және осы сияқты басқа да өнім.

«Аттракциондардың қауіпсіздігі туралы» одақтық техникалық регламент 2018 жылғы 18 сәуірде күшіне енгенін және аттракциондарды жобалауға, әзірлеуге, оларды монтаждау мен жөндеуге, пайдалануға және сақтауға қойылатын міндетті талаптарды белгілегенін еске сала өткен жөн.


Мысалы, пайдаланушы ұйым техрегламентке сәйкес аттракционның кіреберісіне оны пайдалану қағидаларын, сондай-ақ егер «аттракционның биомеханикалық әсер етуі олар үшін рұқсат етілсе» мүгедек жүргіншілерге қызмет көрсету қағидаларын орналастыруға тиіс. Сондай-ақ, егер бұл пайдалану құжаттарында көзделсе, аттракционды денсаулық жай-күйі, жасы, бойы мен салмағы бойынша пайдаланудың шектеулері туралы ақпарат орналастырылуы қажет. Бұл ретте қажетті ақпарат орыс тілінде беріледі және Одақ елдерінің заңнамасында тиісті талап бар болған кезде – аттракцион пайдаланылатын мүше мемлекеттің мемлекеттік тілінде беріледі. Пайдаланушы ұйымның, егер бұл тиісті құжаттарда көзделсе, бой және салмақ өлшеуіштері болуға тиіс.


Бұдан басқа, пайдаланушының аттракциондарға күн сайын және жыл сайын тексеру жүргізуі және тексерудің басқа да көзделген түрлерін жүргізуі ұйғарылған. Техрегламент оған әрбір аттракционның кіреберісіне таяудағы жыл сайынғы тексеру күні туралы, тексеруді өткізген ұйымды көрсете отырып, соңғы жыл сайынғы тексерудің күні туралы мәліметтерді қамтитын ақпараттық тақтайшаны орналастыруды міндеттейді.​