Жүйеге кіру
Беларусь бизнесінің өкілдері ЕЭК-тің бәсекелестікті қорғау жөніндегі құқық қолдану практикасымен танысты

Беларусь бизнесінің өкілдері ЕЭК-тің бәсекелестікті қорғау жөніндегі құқық қолдану практикасымен танысты

21.08.2019

Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу жөніндегі блогы Қоғамдық қабылдауының 22 тамызға дейін Беларусь Республикасында жоспарланған үш көшпелі отырысының біріншісі 19 тамызда Брестте өтті. Оған 70-тен астам кәсіпорындар мен билік органдарының өкілдері қатысты.

Қоғамдық қабылдаулар – бизнеспен өзара іс-қимылдың жаңа форматы. Бұл жерде кәсіпкерлер өздерін қызықтыратын сұрақтарды тікелей қоя алады, траншекаралық нарықтарда бизнес жүргізудің қағиадалары бойынша консультациялар алады, барлық талаптарды ескере отырып Комиссияға өтініш құрастыра алады.

Отырысқа бизнес-қоғамдастықтардың және атқарушы билік органдарының өкілдері қатысты.

Қатысушылар Комиссияның бәсекелестікті қорғау жөніндегі құқық қолдану практикасымен, Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестік қағидаларының бұзылғаны туралы ЕЭК-ке берілетін арыздарға қойылатын талаптармен қоса, ЕАЭО туралы шарттың заңнамалық нормаларымен танысты. Блок сарапшылары да Одақтың трансшекаралық нарықтарында бәсекелестіктің ортақ қағидаларының бұзылғаны үшін көзделген негізгі тыйымдар мен айыппұл санкцияларын түсіндірді.

ЕЭК Бәсекелестік саясат және мемлекеттік сатып алу саласындағы саясат департаментінің директоры Әлия Жұмабаеваның сөзінше, шағымдардың көп бөлігі Беларусь, Ресей, Қазақстан және Армения субъектілерінен түседі. «Сөз субъектілердің құқықтары шектелген немесе үстем жағдайды теріс пайдалану не жосықсыз бәсекелестік жүріп жатқан кездегі бәсекелестіктің ортақ қағидаттары мен қағидаларының бұзылуы туралы болып отыр. Шаруашылық жүргізуші субъектілер бізге шағым жасап өтіне алады, Комиссия мұндай істерді қарайды және, егер бұзушылық анықталатын болса, кінәлілерге өте үлкен айыппұл салынады»,- деп атап өтті ЕЭК өкілі.

Іс-шараға Комиссиядан Санитариялық, фитосанитариялық және ветеринариялық шаралар департаментінің, сондай-ақ ЕЭК Көлік және инфрақұрылым департаментінің өкілдері қатысты.

Отырыстың екінші бөлігінде ЕЭК сарапшылары кәсіпкерлермен жеке-дара консультациялар өткізді.​