Жүйеге кіру
ЕЭК Алқасының Төрағасы Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның Президенттерін Наурыз мейрамымен құттықтады

ЕЭК Алқасының Төрағасы Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның Президенттерін Наурыз мейрамымен құттықтады

21.03.2021

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаровты және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевті халықаралық Наурыз мейрамымен құттықтады.

«Бұл байырғы, тамаша көктем мерекесі Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан халықтары мәдениетінің маңызды, бай, тарихи мұрасының ажырамас бөлігі болып табылады. Осынау табиғаттың көктемгі жаңарған күні сіздердің елдеріңіздің игілігі жолындағы жаңа ауқымды жобаларды іске асыруларыңызға серпім берсін», — делінген құттықтау жолдауларда.

Михаил Мясникович мемлекеттер басшыларына мықты денсаулық және сау-саламаттық, ал Қазақстанның, Қырғызстанның және Өзбекстанның халықтарына бейбітшілік, ырыс-береке
және өркендеу тіледі.

Анықтама


Халықаралық Наурыз (Навруз, Нооруз) күні 21 наурызда атап өтіледі, ол парсы тілінен аударғанда «жаңа күн» дегенді білдіреді. Бұл иран және түркі халықтарының астрономиялық күн күнтізбесі бойынша көктемнің келу мейрамы. Наурыз ұлттық дәстүр болып табылады. ЮНЕСКО 2009 жылғы 30 қыркүйекте Наурызды Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасын қайта жаңғыртушылық тізіміне кірістірді, осы уақыттан бастап 21 наурыз Халықаралық Наурыз мерекесі болып жарияланды.​