Жүйеге кіру
Михаил Мясникович Сергей Лавровты мерейтойымен құттықтады

Михаил Мясникович Сергей Лавровты мерейтойымен құттықтады

10.jpg
21.03.2020

Еуразиялық экономикалық комиссия Алқасының Төрағасы Михаил Мясникович Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровты 70 жасқа толуымен құттықтады.

  «Еуразиялық экономикалық комиссия атынан және өз атымнан мерейтойыңызға орай жолдаған осы шынайы құттықтауымды қабыл алыңыз! Сіз көптеген жылдар бойы Ресей Федерациясының ұлттық мүдделерін әлемдік аренада кәсіби тұрғыда қорғап, халықаралық ынтымақтастық саласында дана да дәйекті саясат жүргізе отырып, еліңізге елеулі қызмет етіп келесіз. Сіз шын мәнінде аса көрнекті дипломат ретінде танымалсыз!», - делінген құттықтау хатта.

 Михаил Мясникович Сергей Лавров басқаратын Ресей дипломатиялық қызметінің мемлекеттің өте күрделі сыртқы саяси және экономикалық міндеттерді ойдағыдай шешуіне мүмкіндік беретін сенімді де үйлесімді жұмыс істейтін механизм екенін атап көрсеткен.

 Михаил Мясникович құттықтау хатты: «Сіздің стратегиялық пайымыңыз бен саяси тәжірибеңіз Ресейді ғана емес, бүкіл Еуразиялық экономикалық одақты дамытуда жаңа табыстарға қол жеткізуді қамтамасыз ететініне, біздің халықтарымыздың достығын нығайтуға және өзара тиімді әріптестігін тереңдетуге көмектесетініне сенімдімін», - деп түйіндейді.

 ​