Жүйеге кіру
ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері тауарлардың қауіпсіздігіне кепілдік береді

ЕАЭО елдерінің кәсіпкерлері тауарлардың қауіпсіздігіне кепілдік береді

21.03.2018

20 наурызда ЕЭК Алқасының мүшелері өнімнің Еуразиялық экономикалық одақтың техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкестігі туралы декларацияны тіркеу, қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру және тоқтату тәртібін қабылдады.

«Сәйкестік туралы декларация – өнімнің қауіпсіздігін растайтын және оны сатуға құқық беретін іргелі құжат,- деді ЕЭК Техникалық реттеу жөніндегі Алқа мүшесі (министр) Валерий Корешков.- Онда өндіруші өзі өткізетін өнімнің техникалық регламенттердің барлық талаптарына сай келетіндігіне кепілдік береді. Қазір ЕАЭО қабылдаған техрегламенттердің шамамен 80%-ында өнімнің сәйкестігін бағалау декларациялау нысанында көзделген.Одақтың кедендік аумағында сәйкестік туралы төрт миллионнан астам декларация тіркелген».

ЕЭК министрінің сөзінше, қабылданған тәртіп 2013 жылғы сәйкестік туралы декларацияны тіркеу жөніндегі ережені алмастырады. Бұрынғы құжат сәйкестік туралы декларацияларды тек сертификаттау жөніндегі аккредиттелген органдарда тіркеудің бірыңғай тәртібін, ал оларды ұлттық заңнамаға сәйкес мүше мемлекеттің уәкілетті органында тіркеуді көздеді, бұл ЕАЭО туралы шартта белгіленген техникалық реттеу қағидаттарымен өзара байланыспайды.

Тәртіп мүше мемлекеттердің бұған уәкілеттігі бар органдарының немесе ұйымдарының, соның ішінде, егер бұл мүше мемлекеттердің заңнамасымен көзделсе, аккредиттеу органдарының сәйкестік туралы декларацияларды тіркеуінің бірыңғай қағидаларын айқындайды. Жаңа тәртіп оны тіркеу үшін сәйкестік туралы декларацияға қоса берілетін құжаттар тізбесін де белгілейді.

Құжат сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтата тұру, қайта жалғастыру және тоқтату тәртібіне қатысты бірыңғай талаптарды енгізді.

Бірыңғай тізілімде тіркелген сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтата тұру үшін мүше мемлекеттің мемлекеттік бақылау органының өтініш берушіге тиісті ұйғарым беруі негіздеме болып табылады. Мұндай нұсқама беру, сол сияқты сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтата тұру (қайта жалғастыру) ұлттық заңнама бойынша жүзеге асырылады.

Тәртіпте сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтатудың бірнеше себептері де жазылған. Егер өтініш беруші осындай шешім қабылдаса, бұл сол кезде болуы мүмкін. Басқа екі жағдайда құжаттың қолданысы мемлекеттік бақылау органының шешімінен кейін: ол өтініш берушіге мүше мемлекеттің бірыңғай тізілімінің ұлттық бөлігінде тіркелген сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтату туралы ұйғарым бергенде немесе сәйкестік туралы декларацияны жарамсыз деп танығанда тоқтатылады.

Өтініш берушіге сәйкестік туралы декларацияның қолданысын тоқтата тұратын немесе тоқтататын ұйғарымдар беру туралы, сондай-ақ сәйкестік туралы декларацияны жарамсыз деп тануды қоса, басқа да шешімдер қабылдау туралы мәліметтерді мемлекеттік бақылау органы мүше мемлекеттің бірыңғай тізілімнің ұлттық бөлігін қалыптастыруға және жүргізуге жауапты органына жібереді.