Жүйеге кіру
ЕАЭО-да тауарлар транзиті кезінде навигациялық пломбаларды пайдалану байқаудан өткізіледі

ЕАЭО-да тауарлар транзиті кезінде навигациялық пломбаларды пайдалану байқаудан өткізіледі

IMG01282-2.jpg
21.02.2020

ЕЭК Кеңесі навигациялық пломбаларды пайдалана отырып, тауарлардың транзиттік тасымалын бақылап отыру жүйесі негізінде ЕАЭО-да тауарлардың кедендік транзитінің бірыңғай жүйесін дамыту бойынша іс-шаралар жоспарын бекітті.

Жол картасында 11 іс-шара көзделген, олар 2021 жылдың екінші жартысына дейін жүзеге асырылуға тиіс.

Елдер мен ЕЭК-тің алдында ЕАЭО транзитінің бірыңғай жүйесі туралы келісім жобасын пысықтау міндеті тұр. Келісім, атап айтқанда, тасымал кезінде электрондық навигациялық пломбалар пайдаланылатын көлік түрлерін, сондай-ақ оларға қатысты қадағалау жүйесі қолданылатын жағдайлар мен тауарлардың санаттарын айқындайды. Келісімге 2021 жылы қол қою жоспарлануда.

Жақын арада елдер тауарлар тасымалы кезінде навигациялық пломбаларды пайдалануды тестілеу бойынша біржақты немесе бірлескен эксперименттер өткізеді. Эксперименттердің қорытындылары шынайы жағдайларға негізделе отырып, транзитті қадағалау жүйесі бойынша нормативтік-құқықтық базаны қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Бұл үшін елдер үстіміздегі жылдың екінші тоқсанының соңына дейін қадағалау жүйесінің ұлттық операторларын айқындайды.​